Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механикадан зерттеу жұмыстары Халықаралық конкурсының қорытындысы

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 1-3 наурыз аралығында Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механикадан зерттеу жұмыстары Халықаралық конкурсы болып өтті.
Конкурстың басты мақсаты — оқушылардың математикадан білімін дамытуға барынша ықпал жасау, олардың зерттеушілік қызметін ұйымдастыру жүйесін және құрылымын жетілдіру.
Конкурстың міндеттері:
— математика ғылымы саласын зерттеуге қабілетті және қызығушылық танытатын оқушыларды анықтау;
— математика ғылымы саласында зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген оқушыларды ынталандыру, олардың шығармашылық қызығушылығын арттыру;
— білім беру процесінің тиімділігін арттыру құралы ретінде оқушылардың зерттеушілік қызметіне негізделген білім бағдарламалары мен әдістемелерін дамыту;
— оқушылардың математикалық білімі бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен тәжірибе алмасу;
— әртүрлі елдердегі математикалық мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
— әртүрлі елдердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қабілетті оқушыларын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне тарту.

Конкурсқа Қызылорда облысынан 8 жобамен 9 оқушы қатысты. Нәтижесінде 5 жобамен 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

Күміс медаль иегерлері:
-Бұзаубаев Сұлтанай – Арал ауданы, №262 мектеп, 10 сынып;
-Қалменова Нұршапағат – Шиелі ауданы, №47 мектеп, 10 сынып;
-Баймырзаева Диана – Шиелі ауданы, №47 мектеп, 10 сынып;
-Серікбай Сандуғаш – Қызылорда қаласы, №101 мектеп, 11 сынып.

Қола медаль иегерлері:
-Қалкөз Зарина – Жаңақорған ауданы, №110 мектеп, 10 сынып;
-Пәкуадинова Нұрайым – Қармақшы ауданы, №111 мектеп, 10 сынып.

Білімі терең, саналы ұрпақ тәрбиелеген ата-аналарына, ұстаздарына, жетекшілеріне, мектеп ұжымына алғыс білдіреміз!