Наурыз мейрамына орай жалпы білім беру ұйымдарының 5-6 сынып оқушыларына арналған «Бабалар өсиеті» тақырыбында облыстық (сырттай) эссе байқауының қорытындысы


Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19 наурыз күні Наурыз мейрамына орай жалпы білім беру ұйымдарының 5-6 сынып оқушылары арасында «Бабалар өсиеті» тақырыбында облыстық (сырттай) эссе байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
-Аталардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді ұғындыру;
-Бабалар сөзінен өнеге алу;
-Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік
жұмыс жасауға белсендіру
-Оқушылар бойына халқымыздың рухани байлығын сіңірте отырып, ата дүстүрін құрметтеуге баулу;
-Балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға шақыру.

Облыстық эссе байқауына барлығы 15-тен аса жұмыс қабылданып, нәтижесінде ең үздік деп танылған 5 жұмыс облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарына ие болды.

І дәрежелі диплом иегері:
Мирамбекқызы Диля – Қармақшы ауданы, №277 мектеп, 6 сынып

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Батырханқызы Кәусар– Қызылорда қаласы, №264 мектеп, 5 сынып
Сабырова Аяна – Қармақшы ауданы, №183 мектеп, 5 сынып

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
Ұлыбекова Ақниет – Қармақшы ауданы, №277 мектеп, 5 сынып
Бектаева Зарина – Қармақшы ауданы, №85 мектеп, 5 сынып