2021 оқу жылындағы Республикалық Қадыр оқуларының облыстық кезеңінің қорытындысы


Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 16 сәуір күні қашықтықтан жалпы білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында республикалық Қадыр оқуларының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері:
– Қадыр Мырза-Әлі шығармаларын насихаттау, поэзияға деген құштарлықтарын арттыру;
– Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын анықтау;
– Әдеби тіл байлықтарын, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту;
– Ақынның сөздеріне жазлған әндерін дәріптеу.
Облыстық кезеңге 3 номинация бойынша 26 оқушы қатысып, төмендегі оқушылар облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарына ие болды.
«Сөзім барда – өзім бар» – ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу номинациясы бойынша:
І орын. Майлыбаева Мадина, Қазалы ауданы, №226 мектеп, 11 сынып
ІІ орын. Уалиханқызы Нұрайым, Қызылорда қаласы, №176 мектеп, 8 сынып
ІІІ орын. Дарханқызы Альбина, Қармақшы ауданы, №111, 5 сынып
ІІІ орын. Бегалы Гүлнұр, Жаңақорған ауданы, №208 мектеп, 11 сынып

«Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы…» – ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау номинациясы бойынша:
І орын. Карабдинов Кайсар, Қармақшы ауданы, №250 мектеп, 7 сынып
ІІ орын. Қолдасбай Сұлтанханым, Қазалы ауданы, №266 мектеп, 8 сынып
ІІІ орын. Бақытұлы Бақдәулет, Жалағаш ауданы, №123 мектеп, 9 сынып

«Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» – жазба ақындар мүшайрасы номинациясы бойынша:
І орын. Матығұлов Бекнұр, Арал ауданы, №20 мектеп, 10 сынып
ІІ орын. Қартбай Мейіржан, Жалағаш ауданы, №114 мектеп, 10 сынып
ІІІ орын. Қарабек Ерасыл, Қазалы ауданы, №70 мектеп, 10 сынып

Translate/Перевести/Аудару