Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай балабақша мен мектепалды даярлық топтары арасында «ЭкопроектОнлайн» қашықтан облыстық шығармашылық байқауына қатысуға шақырамыз!

Жалпы Ереже

   Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2020-2021 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес алабақша мен мектепалды даярлық топтары арасында «ЭкопроектОнлайн» қашықтан облыстық шығармашылық байқауының (бұдан әрі – Байқау) өткізу.

  Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

1.1. Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту;

1.2. Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан өнері тамған баланы тәрбиелеу. Шәкірттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету;

1.3. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыс жасауға белсендіру, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету.

  1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

2.1. Байқау 2021 жылдың 22 сәуір күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында қашықтықтан сырттай өткізіледі. Байқауға қатысу өтінімі мен жұмыстарды (суретке түсіріп) 2021 жылдың 19 сәуіріне дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет. Жұмысты орындаушының және сүйемелдеуші жетекшінің толық аты-жөні, тобы және оқу орны міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

2.2. Байқау аяқталған күннен кейін – жұмыстар қабылданбайды және көрсетілген талаптарға сай емес жұмыстар қарастырылмайды.

2.3. Байқауға ұсынылған материалдар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.

  1. Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары

3.1. Байқауға мынандай жұмыстар қатыса алады:

– көркем еңбек жұмысы (қайта өңделген материалдар мен қалдықтардан жасалған ең үздік көркем қолөнер конкурсы)

– тұрмыстық еңбек жұмысы (қалдық маталардан жапсырмалау әдісі арқылы ер, әйел адамдардың ұлттық киімдерін жапсыру немесе ыдыстарға екінші өмір сыйлау (банкадан құмыра жасау т.б.)).

3.2. Жұмыстың авторлық құқығының сақталуына байқауға қатысушы жауапты. Байқауға ұсынылған жұмыстар көрсетілген уақытқа сәйкес қабылданады.

  1. Бағалау критерийлері

4.1. Ең үздік шығармашылық жұмысты іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:

Ø Эстетикалық талғамының ұтымды пайдаланылуы;

Ø Жұмыстың жасалу техникасы;

Ø Сапалылығы;

Ø Тақырыпқа сәйкестігі;

4.2. Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады.

  1. Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау

6.2. Әділ-қазылар шешімімен жеңімпаз деп танылған оқушылар Қызылорда облысының білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Байқау нәтижесі 2021 жылдың 23 сәуірі күні syr-daryny.kz ресми сайты мен @syrdaryny инстаграм парақшасында жарияланады.

Translate/Перевести/Аудару