Ауыл мектептерінің 8-11 сынып оқушылары арасында «Алаш мұрасы-ұрпаққа аманат» тақырыбындағы қашықтан облыстық жас ғалымдар конкурсына қатысуға шақырамыз!

  1. Жалпы ережелер

1.1«Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында айтылған тапсырмаларды орындау бойынша бақылауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының 2021 жылғы 12 қаңтардағы №21-01-38.1 санды бұйрығына және ҚР Премьер-министрі орынбасарының 2021 жылғы 20 қаңтардағы №21-1/04-456//21-01-38.1 санды хатына сәйкес ауыл мектептерінің 8-11 сынып оқушылары арасында «Алаш мұрасы-ұрпаққа аманат» тақырыбындағы қашықтан облыстық жас ғалымдар конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу.

1.2. Конкурсты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

  1. Конкурстың мақсаты мен міндеттері

2.1. Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу;

2.2. Білім алушыларға қазақ халқының азаттығы мен жарқын болашағы жолында аянбай еңбек еткен дара тұлға, Алаш партиясының мүшелері, ғұлама ғалымдардың өмір жолын, cаяси және құнды ғылыми еңбектері туралы зерттеу, патриоттық сезімін қалыптастыру, өз Отанын, елін сүйетін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу;

2.3. Жас ғалымдардың әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыру.

2.4. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласындағы Алаш қайраткерлерін зерттеу жұмыстарын жүргізуді жалғастыру тапсырмасын орындау;

2.7. Бос уақытты тиімді өткізуге,ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық әлеуетін көтермелеуге, тілдік қорларын кеңейтуге ықпал жасау.

  1. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3.1. Конкурс 2021 жылдың 21 мамыры күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында zoom платформасында қашықтықтан сырттай өткізіледі, алайда дайын жұмыстарды ұсынысқа қосып жіберу қажет. Конкурсқа қатысу өтінімі мен жұмыстарды 2021 жылдың 17 мамырына дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.

3.2. Конкурсқа қатысушы әр үміткер 1 ғана жоба ұсына алады. Ғылыми жобалар осы Ережеде көрсетілген талаптар мен шарттарға негізделіп жасалуы қажет. Конкурсқа (құрамы 2 адамнан аспайтын) бірлескен авторлар да қатыса алады.

3.3. Конкурсқа ұсынылған ғылыми жобалар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.

3.4. Ғылыми жоба ғылыми жалғандық және бұрмалауға, басқа конкурстарға бұрын-соңды ұсынылған жұмысты өз жұмысы ретінде пайдалану немесе ұсыну, жалған мәліметтер беруге жол берілмейді, республикалық жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жұмыстар ғылыми конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

  1. Конкурстың рәсімделу талаптары мен шарттары

4.1. Ғылыми жоба оқушының таңдауымен қазақ және орыс тілдерінде орындалады;

4.2. Жұмыс мәтiнi компьютерде басылып мынадай құрылымнан тұруы тиіс:

– титул парағы;

– мазмұны;

– абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тiлдерiнде (зерттеу жұмысының

қай тiлде дайындалғанына байланысты), және ағылшын тiлiнде жазылады;

– кiрiспе;

– зерттеу бөлiмi;

– қорытынды;

– пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi;

4.3. Титул парағында мыналар көрсетiледi:

– жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебi;

– автордың (бiрiккен автордың) тегi, аты, сыныбы;

– жұмыстың атауы;

– жетекшiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;

– қаласы (жарыстың өтетiн жерi), жылы;

4.4. Абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес) қамтылған жұмыстың

қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс:

– зерттеудің мақсаты;

– гипотезасы;

– кезеңдерi, зерттеудiң реті;

– тәжірибенің әдiстемесi;

– зерттеудiң жаңалығы және дербестiк дәрежесi;

– жұмыстың нәтижесi және қорытындысы;

4.5. Кiрiспеде (екi беттен артық емес) мыналар келтiрiледi: таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (мiндетi); қойылған мiндеттердi шешу әдiсi қысқаша көрсетiледi;

4.6. Жұмыстың зерттеу бөлiмi (10 беттен кем емес) жеке тараулардан

(параграфтардан) тұрады және мыналарды қамтиды:

– осы жұмысты жүргізудің қажеттiлiгiне көз жеткiзуге және оның мақсатын (мiндетiн) құрастыруға мүмкіндік беретін тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;

– қойылған мiндеттердi шешу әдiстерiн сипаттау;

– жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;

– суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер);

4.7. Қорытынды (бiр беттен артық емес) жұмыстың негiзгi нәтижелерi және олардың негiзiнде жасалған қорытындылары.

4.8. Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тiзiммен мынадай

тәртiпте берiледi:

– автордың тегi және қысқартылған аты-жөнi;

– мақаланың және журналдың аты (журналдағы мақалалар үшiн);

– журналдың, кiтаптың аты;

– басып шығарылған орны және баспасы (кiтаптар үшiн);

– басылған жылы, шығу нөмiрi, бетi;

4.9. Әрбiр жұмыстың өзектілігі, автордың жұмысқа сiңiрген жеке еңбегi, жұмыстың кемшiлiктерi және нәтижелерiн әрi қарай пайдалану жөнiндегi ұсыныстары көрсетілген жетекшiнiң пiкiрi қоса берілуі керек;

4.10. Жұмысты қорғау кезінде авторға (біріккен авторларға) баяндама үшін 5-10 минут беріледі.

  1. Бағалау критерийлері

5.1. Ең үздік ғылыми жобаларды іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:

Ø ғылыми жұмыстың жаңашылдығы, өзектілігі;

Ø құрылымның негізділігі және мазмұнының қисындылығы, мәдениеттілігі;

Ø арнайы әдебиетті пайдалануы және ақпаратты қолданудың түрлілігі, шеттілді әдебиеттерді қолдануы;

Ø зерттеушілігі, тұжырымдамалардың дәлелділігі мен дербестігі;

Ø сауаттылығы (орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері).

Ø меншікті ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінің болуы, автордың өзіндік жұмыс тәсілі;

Ø қорытындының және ұсыныстың болуы;

Ø жұмыстың безендірілуі.

5.2. Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады.

  1. Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау

6.1. Конкурсты бағалау оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай сыныптар бойынша топқа бөлініп бағаланады.

6.2. Әділ-қазылар шешімімен жеңімпаз деп танылған оқушылар Қызылорда облысының білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Конкурс нәтижесі 2021 жылдың 22 мамыр күні syr-daryny.kz ресми сайты мен @syrdaryny инстаграм парақшасында жарияланады.