«Елбасы медалі» жобасы бойынша өңірлік үйлестірушімен брифинг

«Ел үміті» жоба аясындағы «Елбасы медаліне» Сыр елінен 1000-ға жуық өтінім түсіп, байқауға 436 жас тіркелген. Оның 336-сы қола деңгей, 51-і күміс, 49-ы алтын. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында Елбасы жобасының Қызылорда облысы бойынша үйлестірушісі Нұрсұлтан Қожабайұлымен брифинг өткізілді.

Жобаның мақсаты – өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және олардың үйлесімді жетілуіне жағдай жасау. Әр деңгейдің өту мерзімі мен бағыттары нақтыланды. «Қола» деңгейді 6 айда, «Күміс» деңгейді 12 айда, «Алтын» деңгейді 18 айда орындайды.

Елбасы медалі облыс оқушыларына стимул беруде. Бұл олардың танымдық білім көкжиегін кеңейтіп, бос уақытта шығармашылықпен айналысуларына жол ашуда.

Үздіктер 14 желтоқсанда «Елбасы медалімен» марапатталатын болады.

Translate/Перевести/Аудару