«Жастарға қамқорлық-жарқын болашақ кепілі» әдіскерлерге арналған облыстық семинары

2021 жылдың 26 қаңтары күні Облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығы директорының міндетін атқарушы К.С.Ізбасарованың басшылығымен «Жастарға қамқорлық – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында әдіскерлерге арналған облыстық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Елбасы-Н.Ә.Назарбаевтың  дарынды балалар мен жастарды анықтау мен қолдауға бағытталған  «Ел үміті»  бастамасы аясында  жүргізілетін жұмыстар бойынша әдістемелік түсіндірулер жасау. Әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды ауыл балаларына арналған Жол картасы бойынша әдістемелік көмек көрсету. Елбасының «Ел үміті» жобасы аясында білім кеңістіктерін кеңейту.

Семинар барысында әдіскерлерге Елбасының «Ел Үміті»  жалпыұлттық бастамасы негізінде «Мың бала» Ұлттық Зияткерлік олимпиадасы және он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі «Елбасы Медалі» жобасы аясында атқарылған жұмыстарға талдау жүргізілді.

     ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Дарынды ауыл жастарын іріктеп,отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керек»деп Үкіметке дарынды балалардың қабілетін дамытудың Жол картасын әзірлеуді және балалардың үйірмелер мен орталықтарға,жазғы лагерьлерге баруы үшін мүмкіндіктер жасау керектігін тапсырған болатын.

Осыған орай ауылдық жерлерде тұратын,сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау жүйесін енгізу және оларға қолдау көрсету мен дамыту бойынша олардың әрқайсысы үшін жасалған жеке жол картасына басымдық берілді.

Осы ретте Жол картасы негізінде әдіскерлерге алдағы уақытта атқарылатын бірқатар тапсырмалар берілді.

Translate/Перевести/Аудару