«Қола медаль» иегерлері мен «Мың бала» Ұлттық Зияткерлік олимпиадасы жеңімпаздары облыс әкімімен кездесті

2020 жылдың 14 желтоқсаны күні Нұрсұлтан Назарбаев қоры «Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ» онлайн-жастар форумын өткізді. Форум Қазақстанның барлық аймақтарында бір мезгілде бастау алып, Қызылорда облысы бойынша салтанатты іс-шара облыс әкімінің қатысуымен өткізілді.

«Ел Үміті» – елдің талантты балалары мен жастарын анықтауға және қолдауға, кәсіби мамандарды дамытуға бағытталған игі бастама.

«Елбасы медалі» – Елбасының бақылауымен іске асырылатын талантты және бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу жөніндегі бірегей жоба. Жоба 14-29 жас аралығындағы жастарды тәрбиелеуге бағытталған және 7 бағыт бойынша даму бағдарламасын көздейді: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, саяхат пен жорықтар, еңбек тәжірибесі. Қатысушылар үш деңгейді таңдай алады: қола, күміс немесе алтын, олар 6 айдан 18 айға дейін әр бағыт бойынша белгілі бір қызметті орындауды көздейді. Қызылорда облысы бойынша 694 қатысушы тіркелді.

Нәтижесінде 346 қатысушыдан 247 қатысушы қола медальға ие болды. Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Төлепберген Елдос Астана қаласында өткізілген форумға жолдама алса, 10-ы Қызылорда облысы әкімінің салтанатты құттықтауына қатыстырылды.

Ел тарихындағы ауыл оқушыларына арналған алғашқы «Мың бала» Ұлттық олимпиадасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының 2020 жылдағы ең ірі жобаларының бірі. Жоба тек 5 және 6 сыныптардың ауыл оқушылары арасында жүзеге асырылады. Қызылорда облысы бойынша олимпиада аясында 222 ауыл мектебінің 18425 оқушысы қамтылды. Нәтижесінде 301 оқушы олимпиаданың екінші кезеңіне жіберіліп, 75 жеңімпаз іріктелді. Қазіргі уақытта финалистер мен жеңімпаздар дарынды балаларға арналған жетекші мектептерде 23-і оқуын жалғастыруда және Елбасы Академиясы жанындағы «Birge Oqý» онлайн мектебінде пәндік дайындықтан өтуде.

Кездесуде облыс әкімі Г.Н.Әбдіхалықова мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарға арнап ізгі тілегін білдіріп, «Елбасы медалінің» қола жүлдесімен 10 қатысушыны марапаттап, «Мың бала» Ұлттық олимпиадасының 4 жеңімпазына ноутбуктар сыйға тартылды.Қазіргі таңда барлық аудан орталықтарында «Мың бала» олимпиадасының 71 жеңімпазына аудан әкімдері марапаттау өткізіп, ноутбуктарды сыйға беруде.

Кездесу соңында оқушылар облыс әкіміне алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті.

Translate/Перевести/Аудару