Қызылорда жастары «Елбасы Медалін» иеленді

 “Елбасы медалінің” қола жүлдегерлері анықталды. Үздіктердің қатарында көрінген  қызылордалық оқушылар “Елбасы медалін” иеленді.

Салтанатты шарада білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова еңбегімен дараланып, жоба аясында белсенділік танытып, өз қабілетін таныта білген оқушыларды марапаттап, сәттілік тіледі.

– Тұңғыш Президент қорының бастамасымен қолға алынған “Елбасы медалі” жобасы жастарды кешенді деңгейде қолдауға арналған бірегей жоба екені анық. Біздің өңірімізді талантты, кітап оқуға ынталы, спортқа әуес, шығармашылыққа бейім, жаңа идеяларды іске асыруға епті жастарымыз бар. Міне, сол үздіктердің ішінен 51 оқушымыз қола жүлдегер атанып отыр. Алғашқы 11 медаль иегерлері облыс әкімінің қабылдауында болып, Елбасы құрметін жеткізген еді. 2021 жылдың 13 наурызы күні қаладағы 30 оқушы қола медаль иегері атанып отыр. Қалған 21 аудан оқушыларына бір мезетте аудан әкімдері бірге табыстады.

Университет, колледж, мектеп оқушылары арасынан жобаға қатысып, талаптарды үздік орындаған оқушылар лайықты құрметке ие болды.
Айта кетейік, Елбасы медалі жобасына Қызылорда облысынан 430 оқушы қатысты. Оның 247-і қола медаль иегері атанды.