№10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты

Мекеме толық атауы: «Қызылорда облысының білім басқармасының «№10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі 10.  Байланыс телефоны: +7 7242 70-00-80
Ашылу тарихы: “Ақмешіт” қазақ-түрік қыздар лицейі 1994 жылдың 12 шілдесінде Қызылорда қаласының әкімшілігі мен Түркия елінің “Шелале” фирмасының арасындағы келісім хаттамаға сәйкес ашылды. 2004 жылдың 20 желтоқсанында облыс әкімінің №245 облыстағы жекелеген білім ұйымдарын қайта атау туралы қаулысымен лицей №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты мемлекеттік мекемесі болып аталды.  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай лицей-интернат атауына «ребрендинг» жасалып, 2017 жылдан бастап №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты болып атауы өзгертілді.  Облысымыздың білім саласын дамытуға қосқан үлесі және оқу-тәрбие жұмыстарындағы жетістіктері үшін  лицей 2014 жылы «Орта білім беретін үздік ұйым» номинациясын иеленді.
Тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, интеллектуалды ұлт қалыптастыру.
2012 жылы 250 орындық жаңа оқу ғимараты мен жатақхана пайдалануға берілді.

Жабдықталуы:
2-компьютер кабинеті, 1-физика зертханасы, 1-биология зертханасы, 2-химия зертханасы.
5 – интерактивті тақта, 63 компьютер, оның 63-і интернетке қосылған.
Кітапхана. Көлемі – 80,8м2, лицей кітапханасының қоры -33898, электронды оқулықтар саны – 538. Оқырмандар саны -298.

Оқушы саны: 2020-2021 оқу жылында 241 оқушы оқиды. Барлығы 10 сынып комплектісі.  7-сынып – 51 оқушы, 8-сынып – 47 оқушы, 9-сынып – 48 оқушы, 10-сынып – 49 оқушы, 11-сынып – 46 оқушы.

Бағыты: Жаратылыстану-математикалық


Мұғалімдер туралы мәлімет: Лицей-интернатта 41 мұғалім қызмет етеді. Оның 1-і Түркия азаматы.
Мұғалімдердің санаты:
Жоғары санатты – 3, І санатты – 2, ІІ санатты – 3, санат жоқ – 6, «педагог-шебер» -1, «педагог-зерттеуші» -13, «педагог-сарапшы» -4, «педагог-модератор» – 9 .
Еңбек өтілі:
3 жылға дейін – 9, 3-8 жыл – 7, 9-16 жыл – 15, 17-20 жыл – 3, 20 жоғары – 7.
Мұғалімдердің жас ерекшелігі:
30 жасқа дейін – 16, 31-40 жас – 16, 41-50 жас – 9.

Жетістіктері: Ғылыми жоба
2020-2021 оқу жылында республикалық ғылыми жоба байқауының ІІІ кезеңінің нәтижесі: І орын -2; ІІІ орын – 4.
Олимпиада
2020-2021 оқу жылында республикалық пәндік олимпиаданың ІІІ кезеңінің нәтижесі: ІІ орын –6; ІІІ орын – 12. «Алғыс хат»-5.
Республикалық кезеңге 7 оқушы жолдама алды.
2020-2021 оқу жылындағы бітіруші саны – 46. «Алтын белгі» – 12, «Үздік» аттестат» – 13 оқушы ұсынылды.

№ 10 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫ БОЙЫНША 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН БІЛІМ САЙЫСТАРЫНА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Р/СІ – жарты жылдық бойынша өткізілген білім сайыстарының атауыҚатысушы саныЖеңімпаздар саны
1«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының қашықтан облыстық кезеңі31
2«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің қашықтықтан облыстық кезеңі22
3«Бояулар құпиясы» республикалық жас суретшілер байқауының қашықтықтан облыстық кезеңі11
4Республикалық юниорлық олимпиадасының облыстық кезеңі124
5«Ұстазым менің, ұстазым….» тақырыбында облыстық эссе байқауы11
6«Менің кіші Отаным» ІІІ республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі42
7«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының қашықтықтан облыстық кезеңі2 
8«Мамандықтар әлемін ашамыз» тақырыбындағы республикалық форумының қашықтықтан облыстық кезеңі53
9Лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі3 
10«Қарттарым асыл қазынам» облыстық сурет байқауы22
11Республикалық юниорлық олимпиадасының қорытынды кезеңі11
12Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиада42
13Қадыр Мырза Әлі оқуларының облыстық кезеңі11
141-7 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңі11
15«Ата-ана жұмысында-бір күн» тақырыбындағы облыстық жобалар байқауы21
16Президенттік олимпиаданың қашықтықтан І аймақтық кезеңі106
179 сынып оқушылары арасында құқық негіздері пәнінен облыстық олимпиада11
18«Елін сүйген, жерін сүйген Елбасы» тақырыбындағы ақындар мүшайрасының қашықтан облыстық кезеңі11
19«Елбасы және тарих» тақырыбындағы облыстық жас ғалымдар конкурсы33
20Алтын Орданың 750 жылдығына орай «Көне тарих сыр шертеді» тақырыбындағы облыстық сырттай  шығармалар байқауы3 
21«Ақберен» республикалық байқауының облыстық кезеңі51
22Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобаның облыстық кезеңі166
23«Мамандықтар әлемін ашамыз» тақырыбындағы республикалық форумының қашықтықтан облыстық кезеңі53
24ІІІ «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңі33
25Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі4518
26«Алғыс жүректен шығады» тақырыбындағы облыстық бейнероликтер байқауы11
27ІІІ «Абайтану» олимпиадасының республикалық кезеңі31
28«Білім бәйгесі» интеллектуалдық ойыны44
29«Елбасы медалі» /қола/1010
30«Менің Отаным–менің  бастамам»  республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңі88
Барлығы: 3016288

2020-2021 оқу жылында «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастырған білім бәйгелеріне 162 оқушы қатысты. Нәтижесінде 88 оқушы жүлделі орындарды иеленді.

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Құжаттарды қабылдау рәсімі 2021 жылғы 1 наурыз мен 20 сәуірге дейін онлайн түрде жүзеге асырылады. Үміткердің заңды өкілдері www.bilemtihan.kz сайтындағы онлайн-форманы және конкурсқа қатысу өтінішін толтырады.

 Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар талап етіледі:

1) Үміткердің ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен өтініш (форма бойынша);

2) Туу туралы куәлігінің көшірмесі, ЖСН (ИИН);

3) Фотосурет 3х4.

Құжаттардың түпнұсқалары талап етілмейді. Құжаттардың суреттері немесе скан нұсқалары www.bilemtihan.kz сайтына жүктеледі.

 Бірінші кезең. Бірінші кезеңнің өткізілу мерзімі: аудандарда 2021 жылдың 17 сәуірі күні , қала мектептері үшін  2021 жылдың 24-25 сәуір күндері.  Бірінші кезеңде үміткер 60 тесттік сұрақтардан тұратын емтихан тапсырады:

  • Математика және логика – 40 сұрақ;
  • Қазақ тілі – 10 сұрақ;
  • Қазақстан тарихы – 10 сұрақ.

Тестілеуге 100 минут беріледі.

Конкурстың екінші кезеңі. Екінші кезеңді өткізу мерзімі: 2021 жылғы 16 мамыр.

Конкурстың екінші кезеңіне конкурстың бірінші кезеңінде қабылдау квотасы бойынша жоғары ұпай жинаған Үміткерлер жіберіледі (рейтингтік жоғары көрсеткіші ғана есепке алынады, яғни, оқушының әлеуметтік жағдайы, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар болуы және т.б. жағдайлары қарастырылмайды).

Екінші кезеңнің емтихан тапсырмалары 75 тесттік сұрақтан тұрады.

  • Математика және логика – 55 сұрақ;
  • Қазақ тілі – 10 сұрақ;
  • Қазақстан тарихы – 10 сұрақ.

         Екінші кезең тапсырмаларын орындауға берілетін уақыт – 130 минут.