9-11 сынып оқушылары арасында биология пәнінен өңірлік олимпиаданың ережесі

Облыстық білім басқармасының
2021 жылғы ____ сәуірдегі
№_________  бұйрығына
қосымша №3

 Жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында биология пәнінен өңірлік олимпиаданың

ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ереже

 «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда «Талант-менеджментті дамыту бойынша 2020-2021 оқу жылына арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына» сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында биология пәнінен  өңірлік олимпиаданы (бұдан әрі – Олимпиада) өткізу.

  Олимпиаданы ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

 

Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері

  • Бәсекеге қабілетті, жігерлі, жауапты, шығармашылық тұлға қалыптастыру. Білім беру мен оқытудың ұлттық жүйесін дамыту;
  • биология ғылымдарына, ғылыми қызметке қызығушылықты арттыру;
  • дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай жасау, олардың әрі қарай зияткерлік дамуы;
  • оқушыларға теориялық және практикалық көмек көрсету, жоғары білім алуға қызығушылығын арттыру.

 

Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Олимпиада екі турдан тұрады:

Бірінші тур: қатысушылар «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ресми сайты арқылы (ZOOM платформасында қадағаланады) биология пәні бойынша 25 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындайды. (тест тапсыру уақыты монитордан көрсетіледі)

Екінші тур: ZOOM платформасында өткізіледі. Экранда көрсетілген практикалық тапсырмаларды орындайды.

Олимпиада а.ж. 22 сәуір күні онлайн форматта өткізіледі.

Олимпиадаға қатысу ұсынысы а.ж. 20 сәуір күні syrdaryny@mail.ru электронды поштасына аудандық(қалалық) білім бөлімдері басшылары мен облыстық білім беру мекеме басшылары арқылы қабылданады.

 

Олимпидаға қатысушылар

Олимпидаға жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары (әр сыныптан 1 оқушыдан) қатыса алады.

 

Олимпиданың жеңімпаздарын марапаттау

Қорытынды кезеңнің жеңімпаздары  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Олимпиада қорытындысы жөнінде толық ақпарат орталықтың ресми сайтында syr-daryny.kz жарияланатын болады.

 

Ұсыныс төмендегі кесте бойынша қабылданады:

Аудан/қала

Оқушының аты-жөні

Мекте-бі

Сыны-бы

Оқыту тілі

Жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны

 

 

 

 

 

 

 

(Өтінім қалалық/аудандық білім бөлімдері мен облыстық мекеме басшыларының қолымен ғана қабылданады)

Translate/Перевести/Аудару