«Бақытты балалық шақ» қашықтан облыстық бейнеролик конкурсына қатысуға шақырамыз!

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай балабақша мен мектепалды даярлық топтары арасында «Бақытты балалық шақ» қашықтан облыстық бейнеролик конкурсына қатысуға шақырамыз!

  1. Жалпы ережелер
    • Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2020-2021 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес балабақша мен мектепалды даярлық топтары арасында «Бақытты балалық шақ» қашықтан облыстық бейнеролик конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу.
    • Конкурсты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

 

  1. Конкурстың мақсаты мен міндеттері
    • Оқушыларды жан-жақтылыққа тәрбиелеу. Өзін-өзі тануға, бағалай білуге, басқара білуге тәрбиелей отырып, эстетикалық, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиелерін беру, шығармашылық қабілетін кең көлемде дамыту;
    • Бала тілінің балдығын, қылықтылығын көрсете отырып, болашағымыз тәтті бүлдіршіндердің тәрбиесінен басталатындығына мән беру;
    • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыс жасауға белсендіру, медиашығармашылыққа еліктіру, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету.

 

  1. Конкурстың рәсімделу талаптары мен шарттары

3.1. Бейнероликтер MP4, M4V, MOV, MPG, MPEG форматында, сыйымдылығы – 1280х 720 пиксел және ұзақтығы 3-4 минуттан аспау қажет.

3.2. Бейнероликтер қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

3.3. Конкурсқа балабақша және жалпы білім беру ұйымдарының мектепалды даярлық топтары қатыса алады.

3.4. Қатысушы балалық бал дәуренге шығармашылықпен, еркін тақырыпқа, өздерінің бір күнгі өмірі немесе қызығушылықтары немесе ата-анасымен қызықты сұхбат жүргізу секілді түрлі идеялардан тұратын                       3-4 минуттан аспайтын бейнеролик ұсынуы қажет.

3.5. Бейнероликте қатысушы өзі жайлы ақпарат жазуы шарт (ауданы/қаласы, білім беру ұйымының толық атауы, курсы, автордың толық аты-жөні, жетекшісі) және 1 қатысушы тек 1 ғана бейнеролик ұсына алады.

3.6. Жіберілген бейнероликтер бұрын соңды ешқандай конкурстарға қатыстырылмаған, марапатқа ие болмаған болуы қажет.

3.7. Жұмыстың авторлық құқықтарының сақталуына автордың өзі (қатысушы) жауап береді.

3.8. Автор байқауға жіберген жұмыстарын ұйымдастырушыларға қолдануға құқық береді (интернет желісіне, телебағдарламаларға жариялау, шығармашылық жобаларға қатысу және т.б.).

3.9. Ұжымдық жұмыс қарастырылмайды, бейнеролик бір ғана қатысушы мен жетекшіге ғана тиесілі болуы керек.

3.10. Білім беру ұйымының ұсынысымен бейнероликтерді 2021 жылдың 26 мамырына дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жолдану қажет. Кешіктірілген және осы ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін, ережеде көрсетілмеген орталықтың басқа пошталарына жіберілген және жеке пошталардан келген бейнероликтер конкурсқа жіберілмейді.

  1. Бағалау критерийлері

4.1. Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталатын болады. Ұсынылған жұмыстарды бағалау критерийі:

бейнероликтің мазмұны (тақырыпқа сәйкестігі, сөйлеу мәдениеті, композициялық тұтастығы, логикалық жүйелілігі, құрылымының сапалылығы, ойдың ерекшелігі, креативтілігі);

бейнеоликтің сапасы (уақытқа сәйкестігі, жұмыстың техникалық орындалуы, монтаждалуы, шеберлігі).

4.2. Конкурс нәтижесі 2021 жылдың 29 мамырында syr-daryny.kz ресми сайтында жарияланады.