2004 жылғы 24 қарашадағы Қызылорда облысы әкімінің №196 шешімімен №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернат болып құрылды. 2010 жылы мектеп-интернатқа 300 орындық оқу ғимараты, 240 орындық жатақханасы бар жаңа ғимарат берілді. 2017 жыл 10 наурыздан бастап Е. Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп интернаты болып аталады.
2016-2017 оқу жылындағы оқушылар контингенті
Жалпы оқушы саны – 235
Ұлы – 126
Қызы – 109
Ауданнан – 136 (57 %)
Қаладан – 101 (43%)
Оқушылар мектеп-интернат асханасы арқылы дайындалған 5 мезгіл тамақпен қамтылған. Тамақтану залы 130 орынға арналған. Перспективті екі апталық ас мәзірін Қызылорда қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы бекітеді.
Мектеп – интернаттың материалдық – техникалық базасы
– Оқу кабинеттері – 36
– Типтік үлгідегі (зертханасымен)
– Зертханалық (химия, физика, биология) кабинеттер -3
– Мультимедиалық кабинет-2
– Информатика кабинеті -2 (ғаламторға қосылған)
– Интерактивті кабинеттер -10
– Компьютерлер саны -160
– Оқыту үдерісінде -141 (1.5 оқушыға 1 компьютер)
Қосымша қызмет көрсету кабинеттері
– «Жас дарын» ғылыми орталығы
– Электронды математика кабинеті
– Компьютерлік тест орталығы
– E – learning кабинеті
– Электронды кітапхана
– Өзін – өзі тану кабинеті
– Демалыс бөлмесі
Тақырыптық залдар
– «Білім нұры» жетістіктер залы
– Тұңғыш Президент күніне арналған саяси – ақпараттық зал
– «Ерлікке тағзым» атты Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған зал
– «Е.Н.Әуелбеков – мемлекет қайраткері» атты зал
– «Мұғалімнің кәсіби дамуы – білім мазмұнын жаңарту негізі» тақырыбындағы әдістемелік зал
– Педагогикалық шеберлік орталығы
– «Білім және инновация» шығармашылық залы
Көпдеңгейлі курс бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалімдер
Сертификатталған мұғалімдер саны – 30 (69%)
І деңгей – 8
ІІ деңгей – 10
ІІІ деңгей – 12