«Мың бала» Ұлттық Зияткерлік олимпиадасы – үлкен мүмкіндіктер бастауы

Ұлттық зияткерлік олимпиадасының басты мақсаты – ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау болса, негізгі міндеттері- ауылдық жерлердегі дарынды балаларды анықтау мақсатында іс-шараларды әзірлеу, ұсыну және іске асырумен қоса, анықталған дарынды оқушылардың әлеуетін одан әрі дамытуға байланысты жүйелі түрде қолдау көрсету болып табылады.

Олимпиадаға қатысушылар: Қазақстан Республикасы ауыл мекендеріндегі білім алатын 5 және 6-сынып оқушылары.

«Мың бала» олимпиадасының жеңімпаздары еліміздің үздік мектептерінде білім алуға, сондай-ақ қашықтан академиялық қолдауға қол жеткізуге мүмкіндік алады.

2019-2020 оқу жылында олимпиадаға ауыл мектептерінің 5 және 6-сынып оқушыларынан 18425 бала қатысты. І кезең қорытындысы бойынша 301 бала іріктеліп алынды. ІІ кезең қорытындысымен 5 сыныптан 38 бала, 6 сыныптан -37 бала барлығы 75 оқушы жеңімпаз атанды. Бүгінгі таңда 23 оқушы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқуын сәтті жалғастыруда. Атап айтқанда, №4 облыстық дарынды баларға арналған мектеп-интернатқа 12-оқушы, №9 БИЛ-ға 3-оқушы, №10 БИЛ-ға 4 оқушы, РФММ-ға 4 оқушы орналастырылды. Жалпы облыс бойынша 301 оқушы «Birge oqy» онлайн мектеп платформасында қосымша білім алуда.

2020-2021 оқу жылы бойынша асыға күткен «Мың бала» Ұлттық Зияткерлік олимпиадасы өз бастауын алды.

Олимпиадаға қатысу үшін 24 ақпаннан-24 наурызға дейін https://1000bala.elbasyacademy.kz/ сайтында қатысушының тіркелу формасын толтыру қажет.

– Олимпиаданың I кезеңі 2021 жылдың 2 сәуірі мен 10 сәуірі аралығында қашықтан өткізіледі. Қатысушылар таңдауы бойынша: қашықтан онлайн режимінде немесе тұрақты интернет желісіне қосылған дербес компьютерлермен жабдықталған үй-жайларда, мамандандырылған үй-жайларда, мектептерде өте алады.

Translate/Перевести/Аудару