«Қосымша білім беру» бөлімінің бастамасы туралы

   «Қосымша білім беру» бөлімінің негізгі қызмет бағыттары бойынша балаларға қосымша бiлiм беру жүйесiнiң бағдарламалық-әдiстемелiк қамтамасыз етілу жағдайын зерделейді және талдайды, оның тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныс әзірлейді. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдарының кадрлық құрамы мен әдiстемелiк корпусының шығармашылық әлеуеті туралы деректер базасын жинап, талдайды. Балаларға қосымша бiлiм беру жүйесінде іске асырылатын бағдарламалық-әдiстемелiк өнім банкін, педагогикалық ақпарат банкін (нормативтік құқықтық, ғылыми-әдiстемелiк, әдiстемелiк және т.б.) қалыптастырады. Республикадағы балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарында іске асырылатын бағдарламалық-әдiстемелiк өнімді жүйелейді.
      Қосымша білім беру бөлімі – конкурс, көрме, олимпиада, слет, жарыс және т.б. өткізу бойынша қажетті құжаттарды әзірлейді және ұйымдастырады.

Қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
      Сараптамалық қызметті: балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарының республикалық конкурстарға ұсынатын бағдарламалық-әдiстемелiк өнімдеріне (бағыттары бойынша) бейінді сараптама ұйымдастырады. Сараптаманы өтінімдер бойынша жүзеге асырады (бiлiм беру ұйымдары, жеке тұлғалар).
Қосымша білім беру ұйымдары өзі қызмет көрсететін жердегі тұрғындардың мәдени-ағарту жұмыстарындағы өзара әркеттік сипатын ашуға да септігін тигізеді. Қосымша білім беру ұйымдарға тән өзіндік ерекшеліктер мұндағы жұмыстарға балалар мен жасөспірімдердің өз еркі және талғамы бойынша қатысуын қамтамасыз ете алады. Мұндағы педагогикалық әсерге әртүрлі кәсіп және жас деңгейіндегі адамдар тобы мүдделерінің бірлігінің қалануы мен жұмыс мазмұндарының алуан түрлілігін, оның формаларымен түрлерінің көптігін де жатқызуға болады.

Сонымен елімізде білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қосымша білім берудің, оның негізгі субъектісі мектептен тыс ұйымдар қызметінің өзектілігін арттыра бермек. Өйткені қосымша білім беру ұйымдары жалпы білім беретін мектептермен, басқада білім беру орындарымен бірлесе біріңғай үздіксіз білім беру жүйесін құра отырып:

  • балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық белсенділікке, өз бетінше білімін жетілдіруге ынталандырады;
  • білім мазмұнын белсенді және іскерлікпен меңгеруге үйретеді;
  • балаға өзіндік өмірлік тәжірибесін талдап қорытып, оның қалыптасқан құндылық жүйелерімен ара қатынасын ажырата білуге үйретеді;
  • өз ісіне баға беруге, сөйтіп өз мінез-құлқын қалыптастыруға үйретеді;
  • жаңа ғылыми білімдерді және олардың айқын тенденцияларын ажырата білуге үйретеді;
  • баланың дамуы мен дербес сана- сезімінің даму эволюциясын ескере отырып, білім берудің барлық түрлеріндегі мазмұн сабақтастығын сақтайтын мекеме ретінде бейімделу іс-бағыттары бойынша атқарылатын жұмыстардың жүйелі, үздіксіз жүргізілуін басшылыққа алады.