ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТАТЫН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СЫНЫПТАРЫ БАР ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «МҰРАГЕР» МЕКТЕБІ

Мектеп 1919 жылы құрылып, 1969 жылы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын №2 мектеп атауын алды. 2007 жылы 7 тамыздағы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің №387 бұйрығымен үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебі болып өзгертілді.

Мектеп өз жұмысын мектептің жылдық жоспарына, мектептің даму бағдарламасына, мектептің стратегиялық даму жоспарына сәйкес жүргізеді.

2017 жылдың 15 мамырында мектепте 2667 оқушы 94 сыныпта білім алуда. Бастауыш мектепте – 58 сынып, негізгі мектепте – 29 сынып, жоғарғы мектепте – 7 сынып бар. Сыныптардың орташа сыйымдылығы – 30 оқушы. Мектеп екі ауысымда оқиды.

2017 жылдың мектепте 295 мұғалім жұмыс істейді, олардың:

– жоғарғы санаттағысы – 43 мұғалім

– І санаттағысы – 40 мұғалім

– ІІ санаттағысы – 78 мұғалім.

Екі мұғалім “Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі” атағына ие, олар:

– Аяпова Гүлбану Әскербековна

– Егай Людмила Александровна

Мектепте АҚШ-тан 1 маман жұмыс жасауда: Питер Остэр.

«Мұрагер» мектебінің директоры Баймаганбетова Зауре Зейнуллаевна Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Шапағат» медалімен, білім беру саласындағы еңбегі үшін «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталған.

Облыс әкімінің грантына келесі мұғалімдер ие болды:

– Каримова Диляра Эриковна, жоғарғы санатты география және химия пәнінің мұғалімі;

– Сағымбай Айнұр Кемелбекқызы, жоғарғы санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

– Байдалиева Ляззат Бегайдаровна, жоғары санатты география және биология пәні мұғалімі;

– Жұбатқанова Шолпан Қалдыбайқызы, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

– Аплатинова Күнзияш Шәкімқызы, жоғары санатты химия және биология пәні мұғалімі;

Қала әкімінің грантына келесі мұғалім ие болды:

– Шарманов Асқар Александрович, жоғары санатты тарих және құқық пәні мұғалімі

Облыстық математика пән мұғалімдері арасында өткен олимпиаданың ІІІ орын жеңімпаздары:

– Егай Людмила Александровна, жоғары санатты математика пәні мұғалімі;

– Алиева Ляззат Калбаевна, жоғары санатты математика пәні мұғалімі;

– Смаханова Молдир Дауренбековна, «Үздік информатика пәні мұғалімі-2017» қалалық байқауының бас жүлде жеңімпазы;

– Мадельханова Айгерім Хусайынқызы «Үздік физика пәні мұғалімі-2017» қалалық байқауының І орын иегері;

– Матжанова Жанар «Үздік математика пәні мұғалімі-2017» қалалық байқауының І орын жеңімпазы.

Мектепте оқу-тәрбие процесі «Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған сыныптары бар «Мұрагер» мектебі» ММ жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Мектептің жұмыс жоспары Білім және Ғылым министрінің №457 2003 ж. 28 маусымындағы бекітілген «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің типтік оқу жоспары», Білім және ғылым министрінің №387 2007 ж. 7 тамызындағы бекітілген «Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептерді ашу туралы», Білім және ғылым министрінің «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдарында 2016-2017 оқу жылының басталуы туралы» бұйрықтарына және «2016–2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында ғылым негiздерiн оқыту ерекшелiктерi туралы әдістемелік нұсқау хатына» сәйкес құрастырылған. 6 сыныптарда математика пәндері ағылшын, 7-11 Қазақстан тарихы қазақ тілінде тілінде жүргізіледі.

Үстіміздегі жылда мектеп оқушылары жалпы білім беретін пәндерден өткен республикалық олимпиадалардың кезеңдерінде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

Республикалық олимпиадада 1 (бір) оқушы жеңімпаз атанды: 11 сынып оқушысы Жарылкасын Динмухамед ағылшын тілі пәнінен Күміс медаль, ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Республикалық ғылыми жарыстардың облыстық кезеңіне 16 оқушы қатысып, 13-і жүлделі орындарға ие болды. Олар: Құланбай Шолпан – І орын Әбдінағиева Аруназ – І орын, Рысбай Бақытжан – ІІ орын, Дәуленов Дінмухамед – ІІ орын, Ақпан Дінмухамед – ІІ орын, Валишаева Диана – ІІ орын, Амирова Амина – ІІІ орын, Әбдінағи Жансая – ІІІ орын, Ким Дарья – ІІІ орын, Ким Даяна – ІІІ орын, Оразмаханова Сымбат – ІІІ орын, Оракбай Асет – ІІІ орын, Тағыбай Зарина – ІІІ орын.

Халықаралық ғылыми сайыстарға 5 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды. «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми жарыстарынан 11 сынып оқушысы Оракбай Асет ІІ орынға, Корей мемлекетінде өткен «Жас ғалым-2017» халықаралық жоба конкурсында Ақпан Дінмұхамед, Құланбай Шолпан, Дәуленов Дінмұхамед, Әбдінағи Жансая ІІ орын күміс медальға ие болды.

91 оқушы Америкалық Халықаралық білім Кенесінің FLEX-ACCELS бағдарламасының жеңімпаздары болып табылды. Биылғы оқу жылында тағы 3 оқушы АҚШ-та білімін жалғастыруға мүмкіншілікке қол жеткізді. Олар: Шек Тимур – 10 сынып оқушысы, Ким Даяна – 10 сынып оқушысы және Тенизбаева Томирис – 9 сынып оқушысы.

Translate/Перевести/Аудару