Балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінде оқитын жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауын өткізу ережесі

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Балалар музыка мектептері мен өнер мектептері оқушыларының –жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауын (бұдан әрі – Фестиваль-байқау) өткізу ережесі оны өткізудің мақсатын, міндеттерін және тәртібін анықтайды.
  2. Мақсаты: музыкалық дарынды білім алушыларды, дарынды балалар ұжымдарын дамыту және қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби бағдарлануын ынталандыру.
  3. Міндеттері:

жас музыканттардың эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүрлеріне жеке қызығушылығын тәрбиелеу;

әр түрлі музыкалық аспаптарда балалардың орындаушылығын танымал ету, музыкалаудың ұжымдық нысандарын дамыту және жетілдіру, білім алушылардың өзін-өзі жүзеге асыруы, қоғамдық тануы үшін мүмкіндіктерін кеңейту;

Балалар музыка мектептерін және балалар өнер мектептерін дамыту, олардың білім алушы тұлғасын тәрбиелеудегі, оқытудағы және шығармашылық дамытудағы рөлін арттыру;

республикада музыкалық-педагогикалық білім беру сапасын арттыру.

  1. Фестиваль-байқауы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің тапсырмасы бойынша Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы қашықтықтан өткізеді.
  2. Қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамын фестиваль-байқауының ұйымдастырушылары қалыптастырады.

 

  1. Фестиваль-байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі

 

  1. Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының қолымен Фестиваль-байқауға қатысуға өтінімдер, сондай-ақ байқау жұмыстары электронды түрде kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына қабылданады.

Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:

1) Фестиваль-байқаудың облыстық, қалалық (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент) кезеңі жеңімпаздарының және топ жетекшісінің республикалық Фестиваль-байқауға қатысуы туралы білім басқармасы басшысы бұйрығының көшірмесі;

2) қатысушылар мен топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

3) http://www.youtube.com каналында орналастырылған бейнематериалға сілтеме.

  1. Фестиваль-байқаудың қорытындысы, жеңімпаздардың дипломдары, қатысушылардың сертификаттары, жеңімпаздар жетекшілерінің алғыс хаттары www.ziyatker.org  сайтында 2020 жылғы 16 сәуірде орналастырылады. 
  2. Фестиваль-байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Фестиваль-байқауды ұйымдастырушылар байқау материалдарын авторын көрсете отырып, сайтта және әлеуметтік желілерде жариялауға құқылы.

 

  1. Фестиваль-байқауға қатысушылар

 

  1. Фестиваль-байқауға дербес, сондай-ақ сарайлар, оқушылар үйлері жанындағы Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің ішекті-ысқылы аспаппен ойналатын, үрлемелі және соқпалы аспаптар сыныбы бойынша білім алушылары қатысады.
  2. Қатысушылардың жалпы саны – 663 адам (18 солист + 1 жетекші, ансамбль құрамы – 19 оқушы +1 жетекші.
  3. Топ жетекшісінің міндеттері:

– ішекті-ысқылы, үрлемелі және ұрмалы аспаптар бойынша Фестиваль-байқауға қатысушыларға шығармаларды таңдауға, байқау репертуарын және оны жүзеге асыру үшін қолданылатын техникалық құралдарды анықтауға көмек көрсетеді;

– жұмыстардың күнтізбелік кестесін жоспарлауға жәрдемдеседі, байқаудың бағдарламалық талаптарына сәйкес туындыларды ұсынады, консультациялар өткізеді, келісілген жоспар бойынша жұмыстардың барысын бақылайды;

– топ жетекшісі ұжым қатысушыларының тәртібін, қауіпсіздігі мен денсаулығын бақылайды және жауапты болады;

– өтінім береді және қатысушылар мен топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттарды Фестиваль-байқау ұйымдастырушыларына жолдайды.

 

  1. Фестиваль-байкаудың шарттары мен тәртібі

 

  1. Фестиваль-байқаудың іріктеу кезеңдері:

1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:

аудандық (қалалық);

облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары.

2) екінші кезең (қорытынды) – республикалық Фестиваль-байқау.

  1. Фестиваль-байқаудың бірінші (іріктеу) кезеңін өткізу мерзімі облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аудандық (қалалық) бөлімдері мен білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен айқындалады.
  2. Ішекті-ысқылы аспаптар оқушыларының республикалық Фестиваль- байқауы келесі жас санаттары бойынша өткізіледі:

1) кіші жас тобы – 10 жасқа дейін (9 жасты қоса алғанда);

2) орта жас тобы – 10 жастан 13 жасқа дейін (12 жасты қоса алғанда);

3) жоғары жас тобы – 13 жастан 18 жасқа дейін (17 жасты қоса алғанда).

Үрлемелі және ұрмалы аспаптар сыныбы бойынша білім алушылар үшін:

1) кіші жас тобы – 11 жасқа дейін (10 жасты қоса алғанда);

2) орта жас тобы – 11 жастан 14 жасқа дейін (13 жасты қоса алғанда);

3) жоғары жас тобы – 14 жастан 18 жасқа дейін (17 жасты қоса алғанда).

  1. Кіші жас тобындағы ішекті-ысқылы аспаптар номинациясындағы қатысушыларға қойылатын байқаудың бағдарламалық талаптары музыка мектебінің V сыныптан, орта жас тобында – VI сыныптан төмен емес, жоғары жас тобында – VII сыныптан төмен емес білім алушыларға қойылатын бағдарламалық талаптардан төмен болмауы тиіс.
  2. Кіші жас тобындағы үрлемелі және соқпалы аспаптар номинациясындағы қатысушыларға қойылатын байқаудың бағдарламалық талаптары музыка мектебінің III сынып оқушыларына, орта жас тобында – IV сыныптан төмен емес, жоғары жас тобында – V сыныптан төмен емес оқушыларға қойылатын бағдарламалық талаптардан төмен болмауы тиіс.
  3. Фестиваль-байқауға ішекті-ысқылы, үрлемелі және ұрмалы аспаптардың солистері http://www.youtube.com арнасында орналастырылған бейнематериалға сілтемені kosymsha.bilim.bery@mail.ru электрондық поштаға ұсынады. Бейне сапалы, бір роликпен тоқтаусыз жазылуы керек. Әртүрлі орындаудан «кесуге» жол берілмейді.
  4. Фестиваль-байқауда ансамбль құрамына жоғары сынып оқушылары қатысады. Ансамбльге қатысушылар саны 19 адамнан аспайды. Ұжым ансамблінің құрамында дирижер, концертмейстер және педагог-иллюстратор ретінде педагогтердің қатысуына жол беріледі.
  5. Ансамбльдердің Фестиваль-байқауына ұжымдар www.youtube.com арнасында орналастырылған бейнематериалға сілтемені kosymsha.bilim.bery@mail.ru электрондық поштаға ұсынады. Бұрын сапалы түрде жазылған дайын бейнені тоқтаусыз бір роликпен пайдалануға рұқсат етіледі. Әр түрлі қойылымдардың «кесінділері» қарастырылмайды. Байқау бейнежазбасында аудио-сигналды өңдеусіз сыртқы микрофонды пайдалануға болады.
  6. Фестиваль-байқауды кәсіби қазылар алқасы 10 балдық жүйе бойынша бағалайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.

 

  1. Фестиваль-байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

 

  1. Фестиваль-байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сыйлықтар марапатталады.

Сондай-ақ, «Ішекті-ысқылы аспаптар сыныбы бойынша үздік солист», «Үрлемелі және ұрмалы аспаптар сыныбы бойынша үздік солист», «Ішекті-ысқылы аспаптардың үздік ансамблі», «Үрлемелі және ұрмалы аспаптардың үздік ансамблі» номинациялары бойынша қосымша марапаттау қарастырылған.

1-қосымша

 

Балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінде оқитын жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауына қатысуға өтінім

Солистер

 

Білім алушының тегі, аты (толық)

 

Туған күні (санмен)

 

Жас санаты

 

Аспап аталуы

 

Облысы

 

Аудан/қала

 

Білім беру ұйымының аталуы (толық), сыныбы

 

Ұйымның аталуы (толық)

 

Жалпы білім беретін мектеп сынып

 

 

 

Орындау бағдарламасы

І тур

Автор

Шығарманың аталуы

1

 

 

2

 

 

Орындау уақытының ұзақтығы ___________ (минут)

 

ІІ тур

Автор

Шығарманың аталуы

1

 

 

2

 

 

 Орындау уақытының ұзақтығы ___________(минут)

 

Педагогтің (аты-жөні толығымен)

 

Концертмейстердің (аты-жөні толығымен)

 

 

 

Ансамбльге қатысушылар тізімі (білім беру ұйымының аталуы, адресі)

 

Қатысушының аты-жөні

Туған күні (санмен)

Педагог

(ТАӘ толық)

Концертмейстер

(ТАӘ толық)

Ұжымның аталуы, ұйымның  адресі

Мектеп, сынып

1

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

Орындау бағдарламасы

Автор

Шығарманың аталуы

1

 

 

2

 

 

3

 

 

4

 

 

5

 

 

Орындау уақытының ұзақтығы ___________ (минут)

 

Педагогтің (аты-жөні толығымен)

 

Концертмейстердің (аты-жөні толығымен)

 

 

Ескертпе: 1. Өтінімде көрсетілген қатысушылардың бағдарламасы мен тәртібі өзгертілмейді.

 

 

Байқаудың бағдарламалық талаптары

Ішекті-ысқылы аспаптар

 

Кіші және орта жас тобы

Скрипка

  1. Концерт, концерттік соло, вариациялар, сонаталар.
  2. Қазақстан композиторларының бірінің пьесасы.

III. Виртуозды шығарма.

Мысалы,

  1. Бом (үздіксіз қозғалыс);
  2. Күй (үздіксіз қозғалыс);
  3. Ф. Рис (үздіксіз қозғалыс);
  4. Фирило. Этюд 28 Д-dur;
  5. Богословский. Мәңгілік қозғалыс және т.б.

Виолончель

  1. Ұсынылған соната немесе концерт орындаушының таңдауы бойынша:
  2. Бревиль. Соната с-dur (1-бөлім).
  3. Гольтерман. №5 концерт (1-бөлім).
  4. Вивальди. Соната е-moll.
  5. Гольтерман. № 4 концерт (II, III бөлім).
  6. Ромберг. Соната с-dur (1 бөлім).
  7. Йордан. Вариациялар.
  8. Қазақстан композиторларының бірінің пьесасы.

III. Орындаушының таңдауы бойынша виртуозды пьеса:

  1. Айвазян. Грузин биі.
  2. Кабалевский. Этюд ор. 27 А-Молл.
  3. Шлемюллер. Үздіксіз қозғалыс.
  4. Дженкинсон. Би.
  5. Комаровский. Вперегонки.
  6. Гильдерман. В непогоду.

Кіші жас тобында конкурсқа қатысушылардың орындайтын шығармалары БММ 5-сыныптың бағдарламалық талаптарынан төмен болмауы, орта жас тобында 6-сыныптан төмен болмауы тиіс.

 

Ересек жас тобы

Скрипка, альт, виолончель

 

1 тур

  1. Ежелгі соната (2 бөлім).
  2. Қазақстан композиторларының бірінің пьесасы.
  3. Орындаушының таңдауы бойынша пьеса.

2 тур

  1. Концерт.
  2. Орындаушының таңдауы бойынша туынды.

Пьесалардың бірі міндетті түрде виртуозды болуы керек. Деңгей бойынша барлық шығармалар БММ-нің 7-сыныбына қойылатын бағдарламалық талаптардан төмен болмауы тиіс.

 

Үрлемелі және соқпалы аспаптар

Кіші және орта жас тобы

 

  1. Ірі формадағы туынды.
  2. Қазақстан композиторларының бірінің пьесасы.
  3. Орындаушының таңдауы бойынша туынды.

Кіші жас тобында байқауға қатысушылар орындайтын шығармалар деңгейі бойынша 3-сыныпта қойылатын бағдарламалық талаптардан төмен болмауы, орта топта БММ-нің 4-сыныбынан төмен болмауы тиіс.

 

Ересек топ

1 тур

  1. Қазақстан композиторлары бірінің пьесасы.
  2. Виртуозды пьеса.
  3. Классик композитордың туындысы.

2 тур

  1. Ірі формадағы туынды.
  2. Орындаушың таңдауы бойынша туынды.

Ересек тобында байқауға қатысушылардың орындайтын шығармалары БММ-нің 5-сынып оқушыларына қойылатын бағдарламалық талаптардан төмен емес деңгейде болуы тиіс.

Ансамбльдің байқауда өнер көрсету бағдарламасына әртүрлі сипаттағы туындылар енгізілуі тиіс, олардың бірі Қазақстан композиторының туындысы немесе қазақтың халық әуенін өңдеуі. Байқауда орындалатын туындылардың саны – кемінде төрт. Әр ұжымның өнер көрсету уақыты  – 15 минут.