Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Достық бекеті» тақырыбындағы облыстық бейнеролик байқауды қашықтан өткізу

  1. Жалпы ережелер

 1.1 Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2020-2021 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиеленушілерінің арасында «Достық бекеті» тақырыбындағы қашықтан сырттай облыстық бейнеролик байқауын (бұдан әрі-Байқау) өткізу.

 1.2 Байқауды ұйымдастырушылар:

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы

  1. Байқау мақсаты: Ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау Балаларды туған еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, танымдық қызығушылықтарын ынталандыру, тәрбиеленушілердің шығармашылық белсенділігін дамыту.

 

  1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

 

 3.1 Байқаудың ІІ кезеңі а.ж 29 сәуір күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында қашықтан сырттай өткізіледі.

3.2 І кезеңі бойынша қорытынды жұмыстарды (аудандық/қалалық) а.ж 26 сәуірге дейін жинақтап және байқауға қатысу өтінімі мен жұмыстарды kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды почтасына жіберу қажет.

3.3 Байқау аяқталған күннен кейін бейнеролик қабылданбайды.

3.4 Байқауға ұсынылған материалдар рецензияланбайды.

 

  1. Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары:

3.1 Бейнероликтер МР4, М4V, МОV,MPG, MPEG форматында, сыйымдылығы-1280*270 пиксел және ұзақтығы 3 минуттан аспау қажет.

3.2 Бейнеролик қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

3.3 Қатысушы  «Достық» атты бір шаңырақ астында шоғырланған әрбір ұлттың достығы, ынтымағы жарасқан, 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Достық бекеті» тақырыбына байланысты мектепке дейнгі ұйым тәрбиеленушілерінен 3 мин аспайтын бейнеролик (өлең жатқа айту,ән айту, құттықтау т.б) ұсыну кажет.

3.4 Бейнероликте қатысушы өзі жайлы ақпарат жазуы шарт (ауданы/қала,білім беру ұйымдарының толық атауы, жасы,автордың толық аты-жөні, жетекшісі, байланыс номері) және 1 қатысушы тек 1 ғана бейнеролик ұсына алады.

3.5 Ұжымдық жұмыс қарастырылмайды, бейнеролик бір ғана қатысушы мен жетекшіге ғана тиесілі болуы керек.

  1. Бағалау критерийлері

5.1. Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталатын болады.Ұсынылған жұмыстарды бағалау критерийі:

-бейнероликтің мазмұны ( тақырыпқа сәйкестігі, сөйлеу мәдениеті, композициялық тұтастығы, логикалық жүйелілігі, құрылымының сапалылығы, ойдың ерекшелігі, креативтілігі);

-бейнероликтің сапасы (уақытқа сәйкесі, жұмыстың техникалық орындалуы, монтаждалуы, шеберлігі).

5.2. Конкурс нәтижесі 2021 жылдың 29 сәуірде syr-daryny.kz ресми сайтында жарияланады.

Translate/Перевести/Аудару