Жалпы білім беру ұйымдарының 5-8 сынып оқушылары арасында «Мәңгілік ел ұландары» тақырыбындағы облыстық бейнеролик байқауын өткізу.

  1. Жалпы ережелер

1.1. Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2020-2021 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ауыл мектептерінің 5-8 сынып оқушылары арасында «Мәңгілік ел ұландары» тақырыбындағы қашықтықтан облыстық бейнеролик конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу.

1.2. Конкурсты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

  1. Конкурстың мақсаты мен міндеттері

2.1. Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

2.3. Оқушының сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрісін кеңейту, жас ұрпақтың патриоттық сезімін жандандыра түсіп, елін, жерін сүйіп, құрметтеуге жетелеу.Балалар мен жасөспірімдерде жеке интеллектуалдық және шығармашылық қасиетін анықтау мен балалар талантына қоғамның назарын аудару.

2.4.Өскелең ұрпақтың әлеуеті мен қабілеттіліктің дамуына бағытталған жағдай жасау;

  1. Конкурстың рәсімделу талаптары мен шарттары

3.1. Бейнероликтер MP4, M4V, MOV, MPG, MPEG форматында, сыйымдылығы – 1280х 720 пиксел және ұзақтығы 3-4 минуттан аспау қажет.

3.2. Бейнероликтер қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

3.3. Конкурсқа  5-8 сынып оқушылары қатыса алады.

3.4. Қатысушы «Тәуелсіздік ел ұландары», «Ата-баба аңсаған Мәңгілік ел!», «Біздің арман», «Өз еліме қосар үлесім», «Мәңгілік ел болу біздің қолымызда» тақырыбында 3-4 минуттан аспайтын бейнеролик ұсынуы қажет.

3.5. Бейнероликте қатысушы өзі жайлы ақпарат жазуы шарт (ауданы/қаласы, білім беру ұйымының толық атауы, курсы, автордың толық аты-жөні, жетекшісі) және 1 қатысушы тек 1 ғана бейнеролик ұсына алады.

3.6. Жіберілген бейнероликтер бұрын соңды ешқандай конкурстарға қатыстырылмаған, марапатқа ие болмаған болуы қажет.

3.7. Жұмыстың авторлық құқықтарының сақталуына автордың өзі (қатысушы) жауап береді.

3.8. Автор байқауға жіберген жұмыстарын ұйымдастырушыларға қолдануға құқық береді (интернет желісіне, телебағдарламаларға жариялау, шығармашылық жобаларға қатысу және т.б.).

3.9. Ұжымдық жұмыс қарастырылмайды, бейнеролик бір ғана қатысушы мен жетекшіге ғана тиесілі болуы керек.

3.10. Білім беру ұйымының ұсынысымен бейнероликтерді 2021 жылдың 03 мамырына дейін kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына жолдану қажет. Кешіктірілген және осы ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін, ережеде көрсетілмеген орталықтың басқа пошталарына жіберілген және жеке пошталардан келген бейнероликтер конкурсқа жіберілмейді.

  1. Бағалау критерийлері

4.1. Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталатын болады. Ұсынылған жұмыстарды бағалау критерийі:

– бейнероликтің мазмұны (тақырыпқа сәйкестігі, сөйлеу мәдениеті, композициялық тұтастығы, логикалық жүйелілігі, құрылымының сапалылығы, ойдың ерекшелігі, креативтілігі);

– бейнероликтің сапасы (уақытқа сәйкестігі, жұмыстың техникалық орындалуы, монтаждалуы, шеберлігі).

4.2. Конкурс нәтижесі 2021 жылдың 6 мамырында syr-daryny.kz ресми сайтында жарияланады.