«Бояулар құпиясы» республикалық жас суретшілер байқауын өткізу ережесі

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Бояулар құпиясы» республикалық жас суретшілер байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу ережесі оның мақсатын, міндеттері, форматы мен өткізу тәртібін анықтайды.
  2. Байқаудың мақсаты: оқушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарын ынталандыру үшін жағдай жасау.
  3. Байқаудың міндеттері:

1) жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениеттің дәстүрлеріне жеке қызығушылығын тәрбиелеу;

2) қосымша көркем білім беруді дамыту, білім алушының тұлғасын тәрбиелеуде, оқытуда және шығармашылықта дамытуда балалар көркем мектептерінің рөлін арттыру;

3) шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді ақпараттық қолдау, көркем шығармашылық саласында балалармен жұмысты жетілдіру үшін білім беру ұйымдарының педагогтері арасында тәжірибе алмасу.

4) қатысушылардың ой-өрісін кеңейту, өздерінің көркем қабілеттерін, дағдыларын, қиялын және даралығын көрсету мүмкіндігі;

5) «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша мәдени жобаларға қатысу мақсатында қосымша білім беру педагогтерінің көркемдік шығармашылығын дамыту.

  1. Конкурсты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша күндізгі немесе қашықтық форматында Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы өткізеді.
  2. Байқаудың әділ қазылар алқасының және ұйымдастыру комитетінің құрамдарын ұйымдастырушылар қалыптастырады.

 

  1. Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі

 

  1. Байқау қашықтық форматта өткізілген жағдайда облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары білім басқармалары басшыларының қолы қойылған өтінімдер, сондай-ақ байқау жұмыстары электрондық нысанда kosymsha.bilim.bery@mail.ru қабылданады.

Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:

1) Байқаудың облыстық, қалалық (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент) кезеңдері жеңімпаздарының және топ жетекшісінің Байқауға қатысуы туралы білім басқарма басшысы бұйрығының көшірмесі;

2) қатысушылардың және топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

3) http://www.youtube.com каналында орналастырылған бейнематериалға сілтеме.

  1. Қашықтық байқаудың қорытындысы, жеңімпаздар дипломдары, қатысушылар сертификаттары, жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар www.ziyatker.org сайтында орналастырылады.
  2. Байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Байқауды ұйымдастырушылар байқау материалдарын авторын көрсете отырып, БАҚ-та немесе әлеуметтік желілерде жариялауға құқылы.

 

  1. Байқауға қатысушылар

 

  1. Байқауға облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары – республиканың жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады.
  2. Қатысушылардың жалпы саны – 136 адам. Қашықтық форматта әр өңірден – 7 оқушы, 1 жетекші. Күндізгі форматта – 6 оқушы +1 жетекші + 1 медицина қызметкері.

 

  1. Байқауды өткізу шарттары және тәртібі

 

  1. Байқаудың іріктеу кезеңдері:

1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:

аудандық (қалалық);

облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары.

2) екінші кезең (қорытынды) – республикалық Байқау.

  1. 12. Байқаудың бірінші өңірлік (іріктеу) кезеңді өткізу мерзімі аудандық (қалалық), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен анықталады.
  2. Карантин кезінде Байқау санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтау, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу арқылы немесе қашықтан өткізіледі.
  3. Байқауда келесі қарастырылған.

1) Жас суретшілер көрмесінің номинациялары:

– классикалық кескіндеме;

– авангард және эксперименталды кескіндеме;

– «Менің Отаным – Қазақстан» (еркін тақырып).

Жұмыстар кенепте, қағазда немесе картонда кез келген техникада (акварель, гуашь, пастель, май, тушь және басқа материалдар) орындалады. Жаңашыл әдістермен жұмыс жасау құпталады.

Жұмыстың ең төменгі көлемі: 30х40 см, бірақ 55х65 см артық емес, ресімдеуді ескермегенде. Барлық жұмыстарға автордың аты-жөні жазылған көлемі 12 см х 4,5 см этикеткасы болуы тиіс. Байқауға жеке жұмыстар қабылданады (әр номинация бойынша 1 жұмыс).

Байқау қашықтан өткізілген жағдайда қатысушылар http://www.youtube.com каналында орналастырылған ұзақтығы 5-7 минуттан аспайтын презентациялық бейнероликке сілтемені kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына жібереді, онда қатысушылар өздерін таныстырады және жұмыстың композициялық шешімінің негізгі идеясын баяндайды, байқау жұмыстарын көрсетеді.

Жұмыстар түпнұсқаны сканерлеу немесе суретке түсіру жолымен немесе компьютерлік графикалық редактордың көмегімен орындалған электрондық көшірмелер (графикалық файлдар) түрінде қабылданады.

Жұмыстың оң жақ төменгі бұрышында автордың анық оқылатын қолы болуы тиіс: аты, тегі, жасы. Файл параметрлері: jpg форматы. Қатысушылар суретті жасау процесін көрсететін фотосуреттерді ұсынады.

Мәтіндік түсініктемелердің болуы міндетті: жұмыстың аталуы, орындау техникасы, жұмыстың мазмұнын түсіндіру.

  1. Жас суретшілер сайысының номинациялары:

1) «Коллаж» номинациясы. Қатысушылар кез келген материалда (картон, қағаз, кенеп) түсі мен фактурасы бойынша ерекшеленетін заттардың, материалдардың қандай да бір негізіне жапсыру арқылы жасалған сурет жасайды. Жасалған жұмысқа атау береді. Жұмыстың ең төменгі мөлшері: 30х40 см, бірақ 55х65 см артық емес.

2) «Бояулар құпиясы» номинациядағы жұмыстар кез келген техникада (кескіндеме, акварель, гуашь, аралас техника), кез келген жанрда (натюрморт, портрет, пейзаж) орындалуы мүмкін.  Жұмысқа атау береді. Жұмыстың ең төменгі мөлшері: 30х40 см, бірақ 55х65 см артық емес.

3) «Сүйікті кітаптың иллюстрациясы» номинациясы. Бұл номинациядағы жұмыстар графика техникасында (акварель, пастель, гельді қалам, түрлі-түсті қарындаш, аралас техника) кез келген жанрда (ертегі, баталды, тұрмыстық және т.б.) орындалуы мүмкін. Жұмыстың ең төменгі мөлшері: 30х40 см, бірақ 55х65 см артық емес.

Байқауға қатысушылар http://www.youtube.com каналында орналастырылған бейнематериалға сілтемені kosymsha.bilim.bery @mail.ru электронды поштасына жібереді, онда қатысушы байқаудың тақырыбына сәйкес ұзақтығы 1,5-3 сағат жұмысты орындайды. Бейне сапалы жазылуы тиіс, демалу үшін үзіліс бере отырып, жұмысты бөлімдерге бөлуге рұқсат беріледі.

Әр номинацияға қатысу міндетті.

  1. Байқау жұмыстарын кәсіби қазылар алқасы 10-баллдық жүйе бойынша бағалайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.

Бағалау критерийлері:

– бірегейлігі;

– тақырып мағынасының тереңдігі мен берілуі;

– идеяны іске асыруға креативті көзқарас;

– көркем шеберлік негіздерін меңгеру.

– күрделілік дәрежесі;

– ойдың бірегейлігі;

– көркемді мәнерлілік (композициялық және түсті шешім);

– сындарлы шешімнің бірегейлігі.

 

  1. Байқауды қорытындылау және қатысушыларын марапаттау

 

  1. Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.
  2. Фестиваль-байқауды қаржыландыру

 

  1. Байқаудың аудандық, облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары кезеңдерін жергілікті атқарушы органдар қаржыландырады. Байқауға қатысушылардың іс-шараны өткізу орнына барар жолда және кері қайтатын жолда жол жүруі мен тамақтануына шығыстарды төлеуді жіберуші тараптың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
  2. Байқау өткізу кезінде қатысушылардың тамақтануына, тұруына және Байқауды ұйымдастыруға жұмсалатын шығыстарды төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Ережеге қосымша

 

«Бояулар құпиясы» республикалық жас суретшілер байқауына қатысуға өтінім

 

Р№

Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (толығымен)

Туған күні, айы, жылы

Тұратын адресі

(индекс, облыс, қала, ауыл, үй, пәтер №, телефоны)

Білім беру ұйымы, сыныбы

Қатысушы баратын қызығушылығы бойынша ұйым немесе бірлестік

Номинацияның аталуы

Жұмыстың аталуы

Жетекші педагогтің тегі, аты, әкесінің аты

(толығымен), байланыс телефоны

 

Топ жетекшісі:  (аты-жөні, жұмыс орны, қызметі, мобильді телефоны)

__________________________________

 

________________________  облысы

Білім басқармасының басшысы  ________________________ аты-жөні

                                                                           (қолы)