«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауын өткізу ережесі

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауын (бұдан әрі – Фестиваль-байқау) өткізу ережелері оның мақсатын, міндеттері, форматы мен өткізу және қорытынды шығару тәртібін анықтайды.
  2. Фестиваль-байқаудың мақсаты: өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдау және дамыту, тұлғаны үйлесімді дамыту, өзін-өзі танытуға, әлемді эстетикалық және бейнелі тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.
  3. Фестиваль-байқаудың міндеттері:

балалар шығармашылық бірлестіктерінде білім беру қызметі сапасын арттыру;

өзін-өзі танытуға, әлемді эстетикалық және бейнелу тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту;

сахна мәдениеті мен шеберлігінің жоғары деңгейіне жеткен балалар мен жастар театр ұжымдарын, дарынды орындаушылар мен кәсіби педагогтарды, балалар мен жастар театр ұжымдарын ұйымдастырушыларды анықтау

балалар мен жастардың жаңа театр ұжымдарын құруға ынталандыру;

балалар мен жастардың бос уақытын сапалы ұйымдастыруға ықпал ету;

балалар мен жастардың театр ұжымдары арасында шығармашылық байланыс үшін жағдай жасау, тәжірибемен алмасу.

  1. Фестиваль-байқауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы күндізгі немесе қашықтық форматта өткізеді.
  2. Фестиваль-байқаудың әділ қазылар алқасының және ұйымдастыру комитетінің құрамдарын ұйымдастырушылар қалыптастырады.

 

  1. Фестиваль-байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі

 

  1. Фестиваль-байқау қашықтық форматта өткізілсе, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының қолы қойылған қатысуға өтінімдер және байқау жұмыстары электрондық нысандамына kosymsha.bilim.bery@mail.ru  қабылданады.  

 

  1. Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:

1) Фестиваль-байқаудың облыстық (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент – қалалық) кезеңдері жеңімпаздарының және топ жетекшілерінің Республикалық Фестиваль-байқауға қатысуы үшін жолдау туралы білім басқарма басшысы бұйрығының көшірмесі;

2) қатысушылардың және топ жетекшілерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

3) http://www.youtube.com каналында орналастырылған бейнематериалға сілтеме.

  1. Қашықтық форматта өткізілсе, Фестиваль-байқаудың қорытындылары, жеңімпаздардың дипломдары, қатысушылардың сертификаттары, жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар www.ziyatker.org сайтында 2021 жылғы 11 қазанда орналастырылады.

Фестиваль-байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Байқауды ұйымдастырушылар байқау материалдарын авторын көрсете отырып, әлеуметтік желілерде жариялауға құқылы.

 

  1. Фестиваль-байқауға қатысушылар

 

  1. Фестиваль-байқауға жалпы орта және балаларға қосымша білім беру ұйымдарының балалар театр ұжымдары қатысады. Фестиваль-байқаудың қатысушыларының жасы: 11-17 жас, қашықтық форматта – 08-17 жас.
  2. Қатысушылардың жалпы саны – барлығы 153 адам, қашықтық форматта (8 қатысушы + 1 жетекші), күндізгі форматта (7 қатысушы + 1 жетекші + 1 медицина қызметкері).
  3. Топ жетекшісінің міндеттері:

– театр ұжымына, номинацияларды анықтауға, спектакльді музыкалық рәсімдеумен, декорациямен, сахналық костюммен, атрибутикамен, деректемемен, жоғары сапалы дыбыс шығару үшін фонограмманы таңдауға және оны іске асыру үшін қолданылатын техникалық құралдарды анықтауға көмектеседі;

– жұмыстардың күнтізбелік кестесін жоспарлауға жәрдемдеседі, байқаудың номинациясына сәйкес театрлық қойылым мен репертуарды ұсынады, спектаклдің түпкі ойы мен режиссерлік шешімін таңдайды, жарық-дыбыс, музыкалық, сахналық безендірілуіне кеңес береді, келісілген жоспар бойынша жұмыс барысын бақылайды;

– топ жетекшісі ұжым қатысушыларының тәртібі, қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін жауапты;

– қатысушылар мен топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттарды ұйымдастырушыларға жібереді және өтінімді тапсырады.

  1. Фестиваль-байқауды өткізу шарттары және тәртібі

 

  1. Фестиваль-байқаудың іріктеу кезеңдері:

1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:

аудандық (қалалық);

облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары.

2) екінші кезең (қорытынды) – республикалық Фестиваль-байқау.

  1. 13. Фестиваль-байқаудың бірінші өңірлік (іріктеу) кезеңді өткізу мерзімі аудандық (қалалық), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен анықталады.

Карантин кезінде Фестиваль-байқау санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтау, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу арқылы немесе қашықтан өткізіледі.

  1. Фестиваль-байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «Драмалық спектакль»;

2) «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзкл, данс-спектакль және басқалары);

3) «Әдеби-музыкалық композиция»;

4) «Қуыршақ театры».

Ұжым мағынасы жағынан аяқталған спектакльдің үзіндісін немесе әдеби шығарманың сахнаға ыңғайланған көрінісін қазақ немесе орыс тілдерінде байқау жұмыстарын ұсынады (ұзақтығы 20 минуттан аспауы тиіс).

Театр ұжымы фестиваль-байқауына http://www.youtube.com каналында орналастырылған бейнематериалға сілтемені kosymsha.bilim.bery @mail.ru электронды поштасына жібереді. Сапалы жазылған бейнематериалды тұтас орындалған роликпен жіберіледі. Әр түрлі орындаудан «кесінділер» қарастырылмайды. Спектакльді көрсету кезінде бұрын жазылған фонограммаларды кейіпкерлерді дыбыстау үшін пайдалануға жол берілмейді.

  1. Фестиваль-байқауды кәсіби қазылар алқасы 10-баллдық жүйе бойынша бағалайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.

Теарлық қойылымдарды бағалау өлшемшарттары:

режиссерлік шешімнің ерекшелігі;

қойылымның ұжымның жас ерекшеліктеріне және шығармашылық  

мүмкіндіктеріне сәйкестігі;

спектакльді, қойылымды көркемдеп сәндеуі;

спектакльді, қойылымды музыкалық әрлендіруі;

орындаушылардың актерлік шеберліктері;

орындау шеберліктері (дикциясы, екпіндеу тазалығы, әртістігі);

жасалған сахналық бейненің шынайылығы.

 

  1. Фестиваль-байқауды қорытындылау және қатысушыларын марапаттау

 

  1. Фестиваль-байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен, сондай-ақ «Үздік әртістік бейнені сомдау», «Үздік әйел адамның рөлі», «Үздік ер адамның рөлі», «Үздік сахналық костюм», «Үздік екінші пландағы рөл», «Үздік хореография», «Үздік орындаушылық шеберлік» номинацияларымен марапатталады.

 

 

Ережеге қосымша

«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің

республикалық фестиваль-байқауына қатысу туралы өтінім

 

1

Білім беру ұйымы

 

2

Ұжымның аталуы

 

3

Жетекшінің ТАӘ

 

4

Жетекшінің байланыс телефоны

 

5

Қатысушылар саны

 

6

Спектакльдің аталуы

 

7

Жанрлық бағыт: драмалық, музыкалық, қуыршақ (астын сызу керек)

 

8

Шығарманың авторы

 

9

Спектакльдің ұзақтығы

 

 

Байқауға қатысушылар туралы мәлімет

Қатысушының ТАӘ

Туған жылы

Оқу орны, сыныбы

Мекенжайы

Ұялы тел.

 

 

 

 

 

 

 

Ұжым жетекшісі туралы мәлімет

Жетекшінің ТАӘ

Жұмыс орны

Лауазымы

Мекенжайы

Ұялы тел.

 

 

 

 

 

 

 

 

Translate/Перевести/Аудару