Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысын өткізу ережелері

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысын өткізу ережелері (бұдан әрі – Жарыс) оның мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру форматын, оны өткізу және қорытынды шығару тәртібін анықтайды.
  2. Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.
  3. Жарыстың міндеттері:

әр түрлі өңірлердің білім алушылары мен педагогтерінің тәжірибе алмасуына жағдай жасау;

техникалық шығармашылық бойынша үздік жұмыс тәжірибесін насихаттау;

балаларды инновациялық ғылыми-техникалық шығармашылыққа тарту;

инновациялық технологиялар саласында жаңа құзыреттілікті қалыптастыру;

техникалық шығармашылық және өнертапқыштық саласында оқитын дарынды, талантты білім алушыларды анықтау;

топпен шығармашылық жұмыс дағдыларын қалыптастыру;

іс-шаралар арқылы қосымша біліммен қамтылған балалар санын арттыруға ықпал ету.

  1. Жарысты Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша күндізгі және қашықтық форматтарында өткізеді.
  2. Жарысты ұйымдастырушылар Ұйымдастыру комитетінің және әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, тікелей өткізуді жүзеге асырады, нәтижелерді талдайды және қорытындысын шығарады.

 

  1. Жарысты өткізу мерзімі және тәртібі

 

.

  1. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының қолы қойылған Жарысқа қатысу туралы өтінім kosymsha.bilim.bery@mail.ru электрондық поштаcына қабылданады.
  2. Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:

1) Жарыстың облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық кезеңдері жеңімпаздарының және топ жетекшісінің Республикалық жарысқа қатысуы туралы білім басқарма басшысы бұйрығының көшірмесі;

2) қатысушылардың және топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

  1. Топ жетекшісінің өзімен бірге келесі құжаттардың көшірмесі болуы тиіс:

1) облыстық, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары кезеңінің Жарыс қорытындылары бойынша республикалық Жарысқа қатысу үшін білім алушыларды және команда жетекшісін жіберу туралы білім басқармасы басшысының бұйрығы;

2) қатысушылардың және топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттары;

3) қатысушылардың тізімі;

4) дәрігердің қолы және мөрімен расталған қатысушының денсаулық жағдайы туралы анықтамасы. 

  1. Жарысты өткізу орнына дейін жету жолында, іс-шараны өткізу барысында және тұрғылықты жерге қайту жолында қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік топ жетекшісіне жүктеледі.
  2. Жарысқа қатысушылар

 

  1. Жарысқа облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық жарыстардың жеңімпаз командалары – республиканың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады.

Жарысқа қатысушылардың жас санаты: 11-17 жас (18 жасқа дейін).

  1. Жалпы қатысушылар саны – 170 адам (9 білім алушы және 1 жетекші).
  2. Топ жетекшісінің міндеттері:

– жетекші топ қатысушыларының тәртібін, қауіпсіздігі мен денсаулығын бақылайды және жауап береді;

– жарыстың видеоматериалдары мен хаттамаларын ұйымдастырушыларға кесте бойынша жібереді;

– модельдердің кластары бойынша қатысуға топтардың уақытында қатысуын қамтамасыз етеді;

– ұйымдастыру комитеті мен төрешілер алқасының барлық талаптарын орындау, педагогикалық этиканы сақтау;

– жарысқа қатысушыларға нұсқаулық өткізеді;

– өз телімінде қажетті үлгілердің болуын, жарамдылығын және ақаулығының болмауын бақылайды;

– ұйымдастырушыларға қатысушылар мен топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттарды жіберу және өтінім беру.

  1. Жарысты өткізу тәртібі және шарты

 

  1. Балаларды іс-шараларға қатыстыру арқылы қосымша білім беру жүйесінде қамтылуын арттыру үшін Жарыс екі кезеңде өткізіледі:

бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік: мектепішілік жарыс;

аудандық (қалалық) жарыс;

облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық Жарыс.

екінші кезең (қорытынды) – республикалық жарыс.

  1. Жарыстың бірінші (іріктеу) кезеңін өткізу мерзімі аудандық (қалалық), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен анықталады.
  2. Жарыстар келесі модельдердің кластары бойынша өткізіледі, 1 қатысушы 2 номинация бойынша қатыса алады:

Радиомен басқарылатын көлік модельдері:

1) 1:10 масштабта көлік модельдерін мәнерлеп жүргізу; РЦБ класы;

2) 1:10 масштабта багги жарысы (4wd). Багги -10Э;

3) багги 1:8 ДВС, 1:10 ДВС.

Автотрассалық модельдеу:

1) Production-32;

2) Production-24.

Қашықтық форматында автотрассалық модельдеу драгстер сызбасы бойынша өткізіледі:

1) Production-32;

2) Production-24.

Әуе модельдері:

1) F-3-Р (пенолёт) моделі;

2) кордалы F-2-В;

3) кордалы жарты копия, контурлы моделі;

4)    F-5-J планері (мотор уақыты 15 секунд, 3 банкадан артық емес батарея, сондай-ақ 3С элетролеті).

Қашықтық форматында F-5-J планері (мотор уақыты 15 секунд, 3 банкадан артық емес батарея, сондай-ақ 3С элетролеті) квадракоптерге алмастырылады.

Кеме модельдері:

1) F-4-В немесе F-4–С (бір модель);

2) FSR –ЕСО- MINI EXPERT – F-3-Е маршруты бойынша;

3) Ф -2 – А;

4) FSR- ЕСО-STANDART – F-3-Е машруты бойынша.

Қашықтық форматында жоғарыда көрсетілген модельдерді өткізу шарттары:

1) кестеге сәйкес модельдерді іске қосуды бастау http://webinar.ziyatker.org онлайн-платформасында трансляцияланады;

2) сонымен қатар, әр өңір толық қанды фото-видео түсірілімді ұйымдастырып, Жарыстың хаттамасын жүргізуі қажет;

3) трансляция (тікелей эфир) аяқталғаннан кейін 3 сағат ішінде әрбір өңір әділ қазылар алқасы мүшелерінің жете қарауына MPEG4, AVI форматындағы видеоны, 4 фотосуретті және жарыс хаттамасының сканерленген нұсқасын rumcdo_nto@mail.ru электрондық поштасына жіберуі тиіс.

Трансляцияға арналған http://webinar.ziyatker.org онлайн-платформасына сілтеме және қатысу кестесі Жарыс өткізілгенге дейін қосымша 3 күн бұрын хабарланады.

Зымыран модельдері:

1) S6А – стример;

2) S9А – ротошют.

Қашықтық форматында жарыстың зымыран модельдер түрін өткізу шарттары:

1) видео түсірілім (модельдерді іске қосуды бастау, ротошют немесе стримердің ашылу сәті, зымыранның жерге тигенге дейін парашюттеу уақытын белгілеу), 4 фотосурет және Жарыс хаттамасының сканерленген нұсқасы kosymsha.bilim.bery@mail.ru электрондық поштасына  жіберіледі;

2) қатысушылар ұсынған барлық видео жазбалар және жарыстың хаттамалары әділ қазылар алқасының қарауына беріледі.

Жарыстың әрбір түрі санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтау, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу арқылы өлшемдеріне сәйкес осы спорт түрлеріне арнайы жасалған далалық алаңда немесе жабық ғимараттарда өткізіледі.

  1. Жарыс номинацияларын бағалау өлшемдеріне, хаттамалық шешімдердің нәтижелеріне және АСФ, АМСФ, NAVIGA ережелеріне сәйкес кәсіби әділ қазылар алқасы бағалайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.
  2. Қашықтық форматында Жарыстың қорытындысы, жеңімпаздардың дипломдары, қатысушылардың сертификаттары, жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар 2021 жылғы 18 маусымда www.ziyatker.org сайтында орналастырылады.
  3. Жарысқа жіберілген видеоматериалдар қайтарылмайды. Жарысты ұйымдастырушылар авторды көрсете отырып, жарыстың видеоматериалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.

 

 

  1. Жарыс қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау

 

  1. Жарыстың қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен және сыйлықтармен, марапатталады.

1-қосымша

 

Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың

(әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысына қатысуға өтінім

Номинация

Модельдердің кластары

Қатысушының

Т.А.Ә.

Туған жылы, сыныбы

Қатысушының тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасы, байланыс телефоны

Білім беру ұйымы

Жоба жетекшісінің Т.А.Ә., тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасы, байланыс телефоны

 

 

 

 

 

 

 

 

Топ жетекшісі:  (Т.А.Ә., жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны) _______________________

 

____________________________ облысы

 

Білім басқармасының басшысы ___________________   Т.А.Ә.  

                                                                  (қолы)