«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауын өткізу ережелері

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауын өткізу ережелері (бұдан әрі – Байқау) оның мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру форматын және оны өткізу тәртібін анықтайды.
  2. Байқаудың мақсаты: білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі облысындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.
  3. Байқаудың міндеттері:

1) білім алушылардың шығармашылығын, танымдылығын, интеллектуалды бастамаларын белсендіру;

2) білім алушылардың ғылыми-зерттеу істеріне қызығушылығын дамыту;

3) техникалық шығармашылық және өнертапқыштық облысында оқитын дарынды оқушылардың таланттыларын анықтау;

4) инновациялық өнертабыстар мен ғылыми-зерттеу облысында, шығармашылық жұмыстарды командамен орындаудың жаңа тәсілдері құзыреттілігін қалыптастыру;

5) іс-шаралар арқылы қосымша білім алуға балалардың санын көбейтуге көмектесу.

  1. Байқауды Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша күндізгі немесе қашықтық форматында өткізеді.
  2. Байқауды ұйымдастырушылар Ұйымдастыру комитетінің және әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, тікелей өткізуді жүзеге асырады, нәтижелерді талдайды және қорытындысын шығарады.

 

 

  1. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі

 

  1. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының қолы қойылған байқауға қатысу туралы өтінім kosymsha.bilim.bery@mail.ru электрондық поштаcына қабылданады.
  2. Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:

1) Бауқаудың облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық кезеңдері жеңімпаздарының және топ жетекшілерінің Байқауға қатысуы туралы білім басқармасы басшысы бұйрығының көшірмесі;

2) қатысушылардың және топ жетекшілерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

3) қашықтық форматында байқау жұмыстарының электронды нұсқалары (youtube.com каналында немесе инстаграммда (# rumcdo1shag хэштегпен) 7 минуттық бейне презентацияға сілтеме, жобаға сілтеме, мәтінге сипаттама, 4 фотосурет).

  1. Топ жетекшісінің өзімен бірге келесі құжаттардың көшірмесі болуы тиіс:

1) облыстық, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары кезеңінің Байқау қорытындылары бойынша республикалық Байқауға қатысу үшін білім алушыларды және команда жетекшісін жіберу туралы білім басқармасы басшысының бұйрығы;

2) қатысушылардың және топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттары;

3) қатысушылардың тізімі;

4) дәрігердің қолы және мөрімен расталған қатысушының денсаулық жағдайы туралы анықтамасы. 

  1. Байқауды өткізу орнына дейін жету жолында, іс-шараны өткізу барысында және тұрғылықты жерге қайту жолында қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік топ жетекшісіне жүктеледі.

 

  1. Байқауға қатысушылар

 

  1. Байқауға облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары – республиканың жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады.

Қатысушылардың жас санаты: 2021 жылғы 1 қыркүйекке 13-17 жас.

  1. Жалпы қатысушылардың саны – 170 адам (9 білім алушы және 1 жетекші).
  2. Топ жетекшісінің міндеттері:

– команда жетекшісі жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтерінен іріктеледі;

– командаға номинацияны таңдауды және оны іске асыру үшін пайдаланылатын техникалық құралдарды анықтауға көмектеседі;

– жұмыстардың күнтізбелік кестесін жоспарлауға жәрдемдеседі, қажетті әдебиеттерді ұсынады, кеңес береді, келісілген жоспар бойынша жұмыс барысын бақылайды;

– команданы ұйымдастырушылардың алдында оның мүддесін білдіретін, сондай-ақ команда қатысушыларының тәртібі, қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін жауапты және бақылайтын әкімшілік басқару;

– қатысушылар мен топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттарды ұйымдастырушыларға жіберу және өтінімді тапсыруды жүзеге асырады.

 

 

  1. Байқауды өткізу тәртібі және шарты

 

  1. Балаларды бұқаралық іс-шараларға қатыстыру арқылы қосымша білім беру жүйесінде қамтылуын арттыру үшін Байқау екі кезеңде өткізіледі:

бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:

мектепішілік Байқау;

аудандық (қалалық) Байқау;

облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық Байқау.

екінші кезең (қорытынды) – республикалық Байқау.

  1. Байқаудың Бірінші (іріктеу) кезеңін өткізу мерзімі аудандық (қалалық), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен анықталады.
  2. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі, әр номинацияға 1 қатысушы қатысады:

1) автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру (автобустар, жеңіл көлік, жүк көлігі, арнайы техника, тәжірибелік модельдер және жол таңдамайтын көліктер);

2) өндіріс саласындағы техникалық құрастыру (станок жабдықтары, техникалық ойыншықтарды қоса алғанда әр түрлі техникалық нысандар моделдері, оның ішінде дәстүрлі емес материалдардан (қағаз-пластиктен және т.б.) жасалған тәжірибелік модельдер);

3) ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру (трактор модельдері, комбайн, тұқым сепкіш, жүк тиегіш, жүк іріктегіш, шөмеле үйетін машина, ауыл шаруашылық кешендері, тәжірибелік модельдер және т.б.);

4) әскери техника саласындағы техникалық құрастыру (танк модельдері, зеңбірек, бронетранспортерлер, әуеқорғаныс құрылғылары, тәжірибелік модельдер тапаншадан, қарудан, автоматтан және т.б. басқа);

5) су көлік саласындағы техникалық құрастыру (ауа жастықшалы кеме моделі, кеме, яхта, гидроплан, катер, қайық, тәжірибелік модельдер және т.б.);

6) құрылыс облысындағы жобалар (тұрғын үй макеттері, әкімшілік ғимараттар, коттедждер, кешендер, спорттық ғимараттар, вокзалдар, порттар, аэродромдар, сауда орталықтары және т.б.);

7) жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар (ядролық энергетика және жылу физикасы; альтернативті және көміртекті емес энергетика; энергия үнемдеуші технологиялар; отын өндіру және өңдеу; радиоактивті қалдықтарды сақтау және қайта өңдеу технологиясы және т.б.);

8) авиация саласындағы жобалар: авиациялық техника әзірлеу саласындағы жобалар және модельдер (ұшақтар, тікұшақтар, пилотсыз ұшатын аппараттар, экранопландар, гидроұшақтар, амфибиялар және т.б.);

9) космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы жобалар: космос техникасын әзірлеу саласындағы  жобалар және модельдер (зымыранды жүйелер, космос станциялары, спутниктер, аппараттар және т.б.), зымыран құрастыру (космос кемелері, зымырандар және ілеспелі техника).

Материалдарды орналастыру үшін онлайн-платформаға сілтеме жасау және сөз сөйлеу кестесі туралы жобаларды қорғау өткізілгенге дейін 3 күн бұрын қосымша хабарланады.

  1. Бейне презентацияны қорғау уақытының ұзақтығы демонстрациялық материалдарды қолдана отырып 5-7 минут. Барлық номинациялар бойынша әр қатысушы үшін өнертапқыштық және зерттеу жұмыстарының макеттерінің, модельдерінің орындалуы және болуы міндетті шарт болып табылады. Бір қатысушы бір жобаны ұсынады.

Карантин кезінде Байқау санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтау, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу арқылы немесе қашықтан өткізіледі.

  1. Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды. Байқаудың ұйымдастырушылары авторды көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.
  2. Легороботтарды пайдалануға тыйым салынады. Радиомен басқарылатын жүйелерді қолдануға рұқсат етіледі: ардуино, дистанциялық пульттер, модельдерді мүмкіндігінше механикаландыру, электрлендіру (42 ВТ жоғары ток кернеуі тыйым салынады).
  3. Жобаны қорғағаннан кейін қазылар алқасының әрбір мүшесі бағалау парағын толтырады, байқау жұмыстарын бағалау өлшемдеріне сәйкес әрбір параметр бойынша балл қояды.

Бағалау өлшемдері:

зерттеу мәселесінің өзектілігі;

жүргізілген зерттеулердің көлемі, зерттеу әдістерінің тиімділігі;

зерттеудің жаңашылдығы;

зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы;

ораторлық шеберлі;

демонстрациялық материалдардың сапасы;

жұмыстың ресімделуі.

  1. Қашықтық форматында Байқаудың қорытындысы, жеңімпаздардың дипломдары, қатысушылардың сертификаттары, жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар 2021 жылғы 5 қарашада www.ziyatker.org сайтында орналастырылады.

 

  1. Байқау қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау

 

  1. Кәсіби әділ қазылар алқасы байқау жұмыстарын 10 балдық жүйе бойынша Байқаудың бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалайды. Әділ қазылар алқасының шешімі нақты және хаттамамен ресімделеді.
  2. Байқаудың қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталады.

1-қосымша

 

«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам»

инновациялық идеялардың республикалық байқауына қатысуға өтінім

Номинация

Жұмыстың аталуы

Қатысушының

Т.А.Ә.

Туған жылы, сыныбы

Қатысушының тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасы, байланыс телефоны

Білім беру ұйымы

Жоба жетекшісінің Т.А.Ә., тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасы, байланыс телефоны

автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру

 

 

 

 

 

 

өндіріс саласындағы техникалық құрастыру

 

 

 

 

 

 

ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру

 

 

 

 

 

 

әскери техника саласындағы техникалық құрастыру

 

 

 

 

 

 

су көлік саласындағы техникалық құрастыру

 

 

 

 

 

 

құрылыс облысындағы жобалар

 

 

 

 

 

 

жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар

 

 

 

 

 

 

авиация саласындағы жобалар

 

 

 

 

 

 

космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы жобалар

 

 

 

 

 

 

 

Топ жетекшісі:  (Т.А.Ә., жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны)

 

______________________________ облысы

Білім басқармасының басшысы ___________________   Т.А.Ә.  

                                                                 (қолы)

 

Translate/Перевести/Аудару