«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалін өткізу ережелері

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы ереже «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің (бұдан әрі – Фестиваль) мақсатын, міндеттерін, өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.
  2. Фестивальдің мақсаты: үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру.
  3. Фестивальдің міндеттері:

1) балалардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау;

2) өскелең ұрпаққа қызықты болатын сұрақтар мен мәселелерді анықтау;

3) кино және телевидение салаларында шығармашылық дарынды балалар мен жастарды іздеу және қолдау;

4) шығармашылық тұлғаның өз ойын білдіру тәсілдерінің бірі ретінде авторлық фильмдер, жарнамалық роликтер, сюжеттік репортаждар жасау процесін ынталандыру;

5) өнегелі, рухани және отбасылық құндылықтарды экран арқылы насихаттау;

6) балалар мен жасөспірімдер жұмыстарының мәліметтер банкін құру;

7) балалар мен жасөспірімдердің, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратын балалардың әлеуметтік және шығармашылық тұрғыда өзін-өзі танытуға ықпал ету;

8) іс-шараларға қатыстыру арқылы қосымша біліммен қамтылған балалар санын арттыру.

  1. Республикалық фестиваль күндізгі және қашықтық форматтарында Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша өткізеді.
  2. Фестивальді ұйымдастырушылар ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамын қалыптастырады.

 

  1. Фестивальді ойынды өткізу уақыты мен орны

 

 

  1. Фестивальге облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары – республиканың жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының 13-17 жас аралығындағы білім алушылары қатысады.
  2. Фестивальдің республикалық кезеңіне облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары кезеңдерінің жеңімпаздары қатарынан құрама командалар қатысады.
  3. Фестивальге қатысушылар саны: барлығы 170 адам, әр өңірден келген команда – 10 қатысушыдан: 9 оқушы + 1 команда жетекшісі.
  4. Республикалық Фестивальді өткізу орнына дейін жету жолында, іс-шараны өткізу барысында және тұрғылықты жерге қайту жолында қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік команда жетекшісіне жүктеледі.
  5. Топ жетекшісінің өзімен бірге келесі құжаттардың көшірмесі болуы тиіс:

білім алушылардың және команда жетекшісінің Фестивальдің облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы кезеңдерінің өткізу қорытындысы бойынша Республикалық Фестивальге қатысу үшін жолданғаны туралы білім басқарма басшысының бұйрығы;

қатысушылардың және топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттары;

қатысушылардың тізімі;

дәрігердің қолы және мөрімен расталған қатысушының денсаулық жағдайы туралы анықтамасы.

  1. Карантин кезіндегі Республикалық Фестивальдің өңірлік кезеңдері санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекциялау, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермей жүргізіледі.

 

  1. Фестивальді өткізу тәртібі

 

  1. Республикалық Фестиваль екі кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең (іріктеу) – Өңірлік:

мектепішілік фестиваль: қаңтар;

аудандық (қалалық) фестиваль: ақпан;

облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық: наурыз;

2) екінші кезең (қорытынды) – Республикалық Фестиваль: маусым.

  1. Республикалық Фестивальдің өңірлік (іріктеу) кезеңін өткізу мерзімдері аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің және облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының бұйрығымен анықталады.
  2. Фестивальге кез-келген жанрдағы және шығармашылық шешімдегі авторлық жұмыстар: дәстүрлі немесе сандық технологиялар көмегімен– бейнекамера, фотокамера және ұялы телефонмен монтаждалып түсірілген 3 минутқа дейінгі қысқа метражды фильмдер (бейнежинақ) қабылданады.
  3. Фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) Деректі (ойынды емес) кино – нақты оқиға негізінде алынған, адамдар, жағдайлар туралы шығарма;

2) Ойынды кино – операторлық және режиссерлік, актерлік ойындар өнері көмегімен түсірілген сюжетті (ойдан  шығарылған немесе нақты оқиға желісі бойынша) шығарма;

3) STOP-MOTION-видео – технологиясымен құрылған видео,сюжетті шығарма. Таңдап алынған видеодан немесе фотокамерадан түсірілген кадрларды тізбектей монтаждалатын ролик;

4) Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім – қалың  көрермен аудиториясының назарын қоғам мәселелеріне аудару үшін қысқа жарнамалық хабарлама;

5) Анимациялық кино – кез-келген мультипликациялық техникада орындалған, компьютерлік немесе тақырыптық қозғалмалы иллюзияны құрайтын шығарма;

6) Музыкалық клип – компьютерлік өңдеудің және жаңа видеотехникалық құрылғылардың көмегімен түсірілген авторлық көркемдік концепция видеосы;

7) Телевизиялық сюжет – ел өмірі, ішкі және халықаралық саяси оқиғалар және т. б. туралы қысқаша ақпаратты қамтитын кинохрониканың бір түрі;

8) Киножурнал – қазіргі өмірді бейнелейтін жеке эпизодтар, көріністер бар қысқа метражды фильм;

9) Ең үздік операторлық жұмыс.

  1. Байқау жұмыстары келесі бағалау өлшемдері бойынша бағаланады:

1) фильмде тарихи, көркем және мәдени мұраны көрсетудің толықтығы;

2) тақырыпты ашу тереңдігі, танымдығы, мәдени құрамдастығы;

3) өзектілігі, эмоционалдық әсері;

4) режиссерлік және операторлық өнері (түсірілімнің күрделілігі, техникалық сапасы, бейнесуреттің анықтығы және дыбыстың сапасы, монтаждау өнері);

5) музыкалық сүйемелдеу;

6) сценарийлік жұмыс.

  1. Байқау жұмыстарының мазмұнына қойылатын талаптар:

фильмнің мазмұны тақырыпты ашуы;

өмір, жұмыс, балалардың қызығушылықтары, олардың армандары;

салауатты өмір салтын насихаттау;          

мейірімділік және қайырымдылық таныту;

ұрпақтар диалогы;

қоршаған орта экологиясы және оны қорғау;

отансүйгіштік қасиеттерді таныту және өз тілін үйренуге қызығушылық;

әлеуметтік мәселелерді шешу идеялары.

  1. Байқау жұмыстарын ресімдеуге қойылатын техникалық талаптар.

Видеоның форматы: mp4 (16: 9 көлденең түсірілген видео). Жұмыста видеофильмдерден алынған видео, фото, интервью, блиц-сұрақтар, көркем суреттер, титрлар мен субтитрлар, фрагменттер, музыка, кадр сыртындағы дыбыстар, видеофильмдерден алынған фрагменттерді қолданылады. Жұмыстың қысқаша сипаттамасында немесе титрде фильмде қолданылған материалдардың авторлары көрсетілуі тиіс.

  1. Фестивальге бір автор бір фильмнен артық ұсына алмайды. Фестивальға ұсынылған фильмдер қайтарылмайды. Фестивальге ұсынылған фильмнің дыбысталуынан немесе бейнеленуінен ақауы бар материалдар байқауға жіберілмейді.
  2. Фильм бөтен авторлық құқықты бұзбауы керек. Фильмде нәсілдік, ұлтаралық, діни ымырасыздық элементтері, азаматтардың құқықтары мен қадір-қасиетін зорлық-зомбылыққа және бұзуға шақырулар болмауы, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.
  3. Фестивальдің ұйымдастырушылары байқауға қатысқан жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдарында авторды көрсете отырып жариялауға құқылы.

 

  1. Қатысушыларды марапаттау

 

  1. Фестивальдің қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен,

 

 

 

 

  1. 6. Фестивальді қаржыландыру

 

  1. Фестивальдің аудандық, облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Фестиваль кезеңдерін жергілікті атқарушы органдар қаржыландырады.

Фестивальға қатысушылардың іс-шараны өткізу орнына барар жолда және кері қайтатын жолда жол жүруі мен тамақтануына ақы төлеу жіберуші Тараптың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

  1. Фестивальді өткізу кезінде қатысушылардың тамақтануына, тұруына және байқауды ұйымдастыруға жұмсалатын шығыстарға ақы төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

1-қосымша

«Қазақстан балалары шексіз әлемде!»

балалар киносының республикалық фестиваліне қатысуға өтінім

 

Номинациясы

Жұмыстың атауы

Орындаушының

Т.А.Ж.

Туған жылы, сыныбы

Телефон номері, мекенжайының адресі, эл. поштасы

Білім беру ұйымы, жоба жетекшісі

 

Жетекшінің тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны, эл. поштасы

1

«Деректі

(ойынды емес) кино»

 

 

 

 

 

 

2

«Ойынды кино»

 

 

 

 

 

 

3

«STOP-MOTION-видео»

 

 

 

 

 

 

4

«Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім»

 

 

 

 

 

 

5

«Анимациялық кино»

 

 

 

 

 

 

6

«Музыкалық клип»

 

 

 

 

 

 

7

«Телевизиялық сюжет»

 

 

 

 

 

 

8

«Киножурнал»

 

 

 

 

 

 

9

«Ең үздік операторлық жұмыс»

 

 

 

 

 

 

 

Translate/Перевести/Аудару