«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетін өткізу ережелері

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетін өткізу ережелері (бұдан әрі – Слет) оның мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру форматын және өткізу тәртібін анықтайды.
  2. Слеттің мақсаты: балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау.
  3. Слеттің міндеттері:

1) ізгі ниетті, ашық және көп мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу;

2) балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, кіші Отанын зерттеуге тарту;

3) тәжірибелік және зерттеу қызметіне қызығушылық танытушы білім алушыларды анықтау және оларға  қолдау көрсету;

4) «Менің Отаным-Қазақстан» республикалық туристік-өлкетану экспедициялары арасынан ең үздік экспедициялық жасақтарды анықтау;

5) білім алушылармен туристік-өлкетану жұмысының дәстүрлі формаларын сақтау және жетілдіру, инновациялық формалары мен  әдістерін дәріптеу;

6) республикадағы оқушылардың туристік-өлкетану бірлестіктерінде жинақтаған озық тәжірибелерін жалпылау және тарату;

7) балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесіндегі қамтылуын көтеруге жағдай жасау.

  1. Слетті Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша күндізгі немесе қашықтық форматында өткізеді.
  2. Слетті ұйымдастырушылар Ұйымдастыру комитетінің және әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, тікелей өткізуді жүзеге асырады, нәтижелерді талдайды және қорытындысын шығарады.

 

  1. Слетті өткізу уақыты мен орны

 

  1. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының қолы қойылған байқауға қатысу туралы өтінім kosymsha.bilim bery@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
  2. Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:

1) Слеттің облыстық (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент – қалалық) кезеңдері жеңімпаздарының және топ жетекшісінің Республикалық Слетке қатысуы туралы білім басқарма басшысы бұйрығының көшірмесі;

2) қатысушылардың және топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

3) қашықтық форматында байқау жұмыстары kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына www.youtube.com каналында орналастырылған бейнематериалдарға сілтемелер қабылданады.

 

  1. Слетке қатысушылар

 

  1. Слетке облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық кезеңдердің жеңімпаздары – республиканың мектептен тыс қосымша білім беру және жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады.

Қатысушылардың жасы: 12-17 жас аралығындағы білім алушылар.

  1. Жалпы қатысушылардың саны – 170 адам. Әр өңірден – барлығы 10 қатысушы: 8 білім алушы және 1 жетекші, 1 медицина қызметкері.

Қашықтық форматында Слетке әр өңірден – барлығы 10 қатысушы: 9 білім алушы және 1 жетекші.

 

  1. Слетті өткізу тәртібі және шарты
  2. Балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесінде қамтылуын арттыру үшін Слет екі кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:

мектепішілік Слет;

аудандық (қалалық) Слет;

облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық Слет.

2) екінші кезең (қорытынды) – республикалық Слет.

  1. 15. Слеттің Бірінші (іріктеу) кезеңін өткізу мерзімі аудандық (қалалық), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен анықталады.
  2. Слетті өткізу орнына дейін жету жолында, іс-шараны өткізу барысында және тұрғылықты жерге қайту жолында қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік топ жетекшісіне жүктеледі.
  3. Топ жетекшісінің өзімен бірге келесі құжаттардың көшірмесі болуы тиіс:

білім алушылардың және топ жетекшілерінің Слеттің облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы кезеңдерінің өткізу қорытындысы бойынша Республикалық Слетке қатысу үшін жолданғаны туралы білім басқарма басшысының бұйрығы;

қатысушылардың және топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттары;

қатысушылардың тізімі;

дәрігердің қолы және мөрімен расталған қатысушының денсаулық жағдайы туралы анықтамасы.

Қашықтық форматта Байқау санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтау, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу арқылы немесе қашықтан өткізіледі.

  1. Слет келесі блоктар мен номинациялар бойынша өткізіледі. Материалдар қазақ немесе орыс тілінде ұсынылады.

          1) «Бард әндері» байқауы. Орындау уақыты – 5 минуттен артық емес. Әр өңір бір (1 қатысушы) нөмірден көрсетеді. Негізгі музыкалық аспап – гитара.        

          Театрландыру және сахналандыру элементтеріне жол беріледі. Фонограммамен орындауға жол берілмейді. Байқауға қатысуға нормативтік емес лексика, қорлау сипаты бар, адам құқықтарын таптаушы, діни және ұлттық араздық тудырушы шығармалар жіберілмейді.

 Қашықтық форматында байқауға http://www.youtube.com каналында орналастырылған бейнематериалға сілтеме қабылданады.

           Бейнематериал AVI, MPEG форматында жоғары сапалы дыбыста болуы тиіс. Жұмыс техникалық аяқталған және жұмыс аталуы, қысқаша түсініктемесі болуы керек.

Бағалау өлшемдері:

бард жанрына сәйкестігі;

сахналық мәдениет;

вокалдық қабілеттер;

орындау шеберлігі;

аудиториямен байланыс;

орындаудың мәнерлілігі және эмоциялығы;

орындаушының сырт келбеті.

  1. Өлкетану блогы.

2) Номинациялар бойынша іздеу-зерттеу жұмысы жобаларының презентациясы:

«Жас өлкетанушы» – халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлері, белгілі адамдармен, әдебиет, музыка, театр, кино, бейнелеу өнері қайраткерлерімен кездесулер туралы іздеу-зерттеу жобасы таныстырылады (1 қатысушы).

«Туған өлке соқпақтары» номинациясы (1 қатысушы) бойынша іздеу-зерттеу жұмысы жобасының презентациясын қорғау – өңірде жүргізілген туристік экспедиция презентациясы. Презентацияда бағдар картасы, өлкетану нысандары, бағдардың рөлі, маңызы және ерекшеліктері көрсетілуі тиіс. Қатысушылардың аталған экспедицияға қатысқандығын растайтын фотосурет, жорық туралы анықтама және т.с.с. болуы міндетті.

«Ең керемет туристік өлке» – туған өлкенің тарихын, географиясын, объектілерін зерттеудің презентациясы (1 қатысушы).

Слайдқа қойылатын талаптар: презентациядағы слайдтар саны 20-дан аспауы тиіс. Әрбір слайдтың тақырыбы, бейнелеуі (фото, сурет, сызба және т.б.) және мәтін болуы тиіс. Мұқаба парағында келесі ақпарат болуы тиіс: номинация аталуы, қатысушының аты-жөні, жасы, e-mail, қатысушы жетекшісінің аты-жөні, білім беру ұйымының толық аталуы, облыс, аудан, қала, ауыл.

Жобаны қорғау кезінде жұмыстың авторына 7 минут беріледі, ол осы уақытта:

– жұмыстың мақсатын;

– тақырыптың өзектілігін;

– қойылған мақсатқа жету әдістерін;

– нәтижелердің ғылыми және практикалық құндылығын;

– жұмыстың негізгі қорытындыларын айтуы қажет.

Жобаны қорғағаннан кейін қазылар алқасының әрбір мүшесі бағалау парағын толтырады, байқау жұмыстарын бағалау өлшемдеріне сәйкес әрбір параметр бойынша балл қояды.

  1. Экологиялық блок.

3) «Туған өлкенің тарихы» – 3-D элементтерін қолдана отырып, өз өлкесінің виртуалды туристік маршруты презентациясын ұсыну. Жұмыс бағыты: SketchUp, Blender, Tinkercad.com (сілтеме көрсету) (1 қатысушы).

Қорғау уақыты – 7 минуттан артық емес. Қатысушы таңдалған тақырыптың өзектілігі және мазмұны, аталған зерттеуге қосар практикалық үлесі жөнінде қысқаша сипаттама береді.

4) Экологиялық соқпақ – 2 қатысушы жергілікті жер бағдарының соқпағын өте отырып, экологиялық картаны құрып, оны плакатқа сызып, шартты белгілермен ресімдеуі қажет. Карта А5 форматтағы плакатқа ресімделеді. Қатысушылар жергілікті жерге бақылау және зерттеу жүргізуі керек: дендрарий, аллея, скверлер, саябақтар және экологиялық бұзушылықтарды анықтайды.

Қашықтық форматында Байқауға http://www.youtube.com каналында орналастырылған бейнематериалға сілтеме қабылданады.

III. Туристік блок.

5) «Жорықта зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету» номинациясы – жорықта зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін білуін көрсететін бейнероликтер байқауы:

бірінші қатысушы: суықтану, жаралар, қажау – таңу, созылу, үсіп кету, күйіктер;

екінші қатысушы: сүйектің шығуып кетуі, сынуы, естен тану, жәндіктердің шағуы (аралар, өрмекшілер, шаяндар, улы жыландар және т.б.).

Бағалау критерийлері:

позициялардың толықтығы, ашылуы;

практикалық шеберлік пен дағдыларды көрсету;

көмек көрсету жылдамдығы;

бейнефильмнің дыбысы мен бейнесінің сапасы.

6) «Туризм білімпаздары» номинациясы – туристік түйіндерді білу, туристік түйінділерді байлау (1 қатысушы – таңдауға 12 түйін).

Бейнематериалда AVI, MPEG форматында сапалы дыбыс болуы керек. Жұмыс техникалық аяқталған және жұмыстың атауы көрсетілген аннотациясы болуы тиіс.

Қашықтық форматында байқауға http://www.youtube.com каналында орналастырылған бейнематериалға сілтеме қабылданады.

  1. Слеттің қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау

 

  1. Кәсіби қазылар алқасы байқау жұмыстарын 10 балдық жүйе бойынша Слеттің бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және хаттамамен ресімделеді.
  2. Слет қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталады

1-қосымша

 

«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетіне қатысуға өтінім

 

Номинация

Жұмыстың аталуы

Қатысу-шының

Т.А.Ә.

Туған жылы, сыныбы

Телефон номері, мекенжайының адресі, эл. поштасы

Білім беру ұйымы, жоба жетекшісі

Жетекшінің тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны, эл. поштасы

 

Бард әндері байқауы (1 қатысушы)

 

 

 

 

 

 

 

Жас өлкетанушы (1 қатысушы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Туған өлке соқпақтары  (1 қатысушы)

 

 

 

 

 

 

 

Ең керемет туристік өлке (1 қатысушы)

 

 

 

 

 

 

 

Туған өлкенің тарихы (1 қатысушы)

 

 

 

 

 

 

 

Экологиялық соқпақ (2 қатысушы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жорықта зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету (3 қатысушы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Туризм білімпаздары (1 қатысушы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       

 

Топ жетекшісі: (Т.А.Ж., жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны) ______________

 

________________________ облысы

Білім басқармасының басшысы ________________________ Т.А.Ж.                                                                   

                                                                             (қолы)

 

 

 

 

 

 

Translate/Перевести/Аудару