«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауын өткізу ережелері

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауын өткізу ережелері (бұдан әрі – Көрме-байқау) оның мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру форматын және өткізу тәртібін анықтайды.
  2. Мақсаты: білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.
  3. Міндеттері:

1) білім алушыларды көркем өнерге, тарихи мұраға араластыру, оларды белсенді шығармашылық қызметке тарту, оларды әлеуметтендіру;

2) бала тұлғасының шығармашылығын, оның әлемді эмоциямен қабылдаудағы эстетикалық сезімін дамыту;

3) балалар шығармашылығының көркем және қолданбалы-сәндік өнеріне деген қызығушылықтарын дамыту;

4) заманауи сәндік-қолданбалы өнердегі халық дәстүрін сақтау және елдің мәдени-тарихи мұрасын арттыру;

5) балалардың бойында отансүйгіштік сезімін, Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың ұлттық мәдениетіне, халықтық дәстүрлеріне, халықтардың салтына деген құрмет және ұқыпты көзқарасты тәрбиелеу;

6) шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог жұмысшыларды ақпараттық қолдау, ұжымдар арасындағы шығармашылық байланыстарды кеңейту және қолданбалы-сәндік өнері саласында балалармен жұмыс жүргізу үшін білім беру ұйымдарының педагогтері арасында тәжірибе алмасу;

7) балаларды іс-шараларға араластыру арқылы оларды қосымша білім берумен қамтуды кеңейтуге ықпал ету.

  1. Көрме-байқау Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша күндізгі немесе қашықтық форматта өткізеді.
  2. Көрме-байқауды ұйымдастырушылар Ұйымдастыру комитетінің және әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, өткізуді тікелей жүзеге асырады, нәтижелерді талдайды және қорытындысын шығарады.

 

  1. Көрме-байқауды өткізу уақыты мен орны

 

  1. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының қолы қойылған байқауға қатысу туралы өтінім, kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына қабылданады.

 

  1. Көрме-байқау қатысушылары

 

  1. Көрме-байқауға облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары – республиканың қосымша білім беру мектептен тыс және жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады.

Қатысушылардың жасы: 11-17 жас аралығындағы білім алушылар.

  1. Қатысушылардың жалпы саны – 136 адам. Әр өңірден – 8 қатысушы (7 білім алушы, 1 жетекші).

 

 

 

  1. Көрме-байқауды өткізу тәртібі.

 

  1. Балаларды іс-шараларға қатыстыру арқылы көркем, сәндік-қолданбалы шығармашылықты дәріптеу, балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру үшін Көрме-байқау екі кезеңде өткізіледі.

1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:

мектепішілік Көрме-байқау;

аудандық (қалалық) Көрме-байқау;

облыстық, Нұр-Сұлтан,  Алматы, Шымкент қалалық Көрме-байқау.

2) екінші кезең (қорытынды) – республикалық Көрме-байқау.

  1. Көрме-байқаудың бірінші (іріктеу) кезеңін өткізу мерзімі аудандық (қалалық), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен анықталады.
  2. Көрме-байқаудың өткізу орнына дейін жету жолында, іс-шараны өткізу барысында және тұрғылықты жерге қайту жолында қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік топ жетекшісіне жүктеледі.
  3. Топ жетекшісінің өзімен бірге келесі құжаттардың көшірмесі болуы тиіс: білім алушылардың және топ жетекшілерінің Байқаудың облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы кезеңдерінің өткізу қорытындысы бойынша Республикалық Көрме-байқауға қатысу үшін жолданғаны туралы білім басқарма басшысының бұйрығы;

қатысушылардың және топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттары;

қатысушылардың тізімі;

дәрігердің қолы және мөрімен расталған қатысушының денсаулық жағдайы туралы анықтамасы.

Карантин кезінде Көрме-байқау санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтау, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу арқылы немесе қашықтан өткізіледі.

  1. Көрме-байқауға авторлық (жеке) туындылардың әр түрлі жанрдағы, техникадағы және материалдағы фотосуреттері қабылданады: әр қатысушыдан әр номинацияға 5 жұмыстан қабылданады (бір бала бір номинацияға қатысады):

1) тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, бисер, батик, киіз басу, құрақ пластикасы;

2) ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш);

3) шыныны көркемдеп өңдеу: витраж;

4) металлды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу;

5) ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау;

6) ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау;

7) қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация,  квиллинг, папье-маше.

Қашықтық форматында барлық номинациялар бойынша жұмыстар түпнұсқаны сканерлеу немесе фотоға түсіру жолымен немесе компьютерлік графикалық редактордың көмегімен орындалған электрондық көшірмелер (графикалық файлдар) түрінде қабылданады.

Файл параметрлері: jpg немесе png форматы. Қосымша материал ретінде жұмыс жасау процесін көрсететін фотосуреттер ұсынылады. Міндетті түрде: жұмыстың атауы, орындау техникасы, қажет болған жағдайда – мазмұнын түсіндіру.

  1. Бағалау өлшемдері:

жұмыстың Көрме-байқау номинациясына сәйкестігі;

ұлттық дәстүрлерді сақтау және қолдану;

жұмыстың орындалу сапасы және көркемдік деңгейі;

ерекшелігі;

бұйымның стильдік, көркемдік және образдың шешімінің тұтастығы;

фотоның сапасы және анықтығы.

  1. Жұмыстардың ілеспе заттаңбасы (этикеткасы) болуы тиіс: жұмыстың аталуы, автордың тегі, аты, жасы, орындау техникасы, білім беру ұйымының аталуы. Ілеспе заттаңбасының анық фотосын қоса тіркеу қажет.

           

  1. Көрме-байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
  2. Кәсіби қазылар алқасы Көрме-байқау жұмыстарын 10 балдық жүйе бойынша байқаудың бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және хаттамамен ресімделеді.
  3. Көрме-байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдар марапатталады.

1-қосымша

 

«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауына қатысуға өтінім

 

Номинация

Жұмыстың аталуы

Орындаушының

Т.А.Ж.

Туған жылы, сыныбы

Телефон номері, мекенжайының адресі, эл. поштасы

Білім беру ұйымы, жоба жетекшісі

Жетекшінің тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны, эл. поштасы

Тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ пластикасы

 

 

 

 

 

 

Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш)

 

 

 

 

 

 

Шыныны көркемдеп өңдеу: витраж

 

 

 

 

 

 

Металлды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу;

ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау

 

 

 

 

 

 

Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау

 

 

 

 

 

 

Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация,  квиллинг, папье-маше

 

 

 

 

 

 

 

Топ жетекшісі: (Т.А.Ж., жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны) ______________

 

________________________ облысы

 

Білім басқармасының басшысы ________________________ Т.А.Ж.

                                                                       (қолы)

 

 

Translate/Перевести/Аудару