«Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауын өткізу ережелері

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы ереже «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының (бұдан әрі – Байқау) мақсатын, міндеттерін, өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.
  2. Байқаудың мақсаты: дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету.
  3. Байқаудың міндеттері:

1) балалар мен жастардың назарын өзекті әлеуметтік мәселелерге аудару;

2) балалар мен жастардың әлеуметтік-шығармашылық белсенділіктерін, өзін өзі жетілдіру және өзін өзі дамыту қажеттіліктерін дамыту;

3) балалар мен жастардың азаматтық және құқықтық мәдениеттерінің деңгейін арттыру;

4) бастамалар және иновациялық стартаптарды жүзеге асыру үшін алаң құру;

5) қоғамдық белсенділік және әлеуметтік жобалау дағдысын дамыту;

6) балалар мен жастардың жобалық қызметтерінің табысты тәжірибесін бағалау және тарату;

7) іс-шараларға араластыру арқылы қосымша біліммен қамтылған балалар санын арттыруға ықпал ету.

  1. Республикалық байқау күндізгі және қашықтық форматында өткізіледі.
  2. Байқауды Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша өткізеді.
  3. Байқауды ұйымдастырушылар ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамын қалыптастырады.

 

  1. Республикалық ойынды өткізу уақыты мен орны

 

  1. Байқауға қатысушылар

 

  1. Байқауға қатысушылар – жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 2021 жылғы 1 маусымына 13-17 жас аралығындағы білім алушылар.
  2. Байқаудың республикалық кезеңіне Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары қатарынан құрама командалар қатысады.
  3. Байқауға қатысушылар саны: барлығы 170 адам, әр өңірден келген команда – 10 қатысушыдан: 9 оқушы + 1 команда жетекшісі.
  4. Республикалық байқауды өткізу орнына дейін жету жолында, іс-шараны өткізу барысында және тұрғылықты жерге қайту жолында қатысушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік команда жетекшісіне жүктеледі.
  5. Топ жетекшісінің өзімен бірге келесі құжаттардың көшірмесі болуы тиіс:

білім алушылардың және команда жетекшісінің байқаудың облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы кезеңдерінің өткізу қорытындысы бойынша Республикалық байқауға қатысу үшін жолданғаны туралы білім басқарма басшысының бұйрығы;

қатысушылардың және топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттары;

қатысушылардың тізімі;

дәрігердің қолы және мөрімен расталған қатысушының денсаулық жағдайы туралы анықтамасы.

  1. Карантин кезіндегі Республикалық байқаудың өңірлік кезеңдері санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекциялау, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермей жүргізіледі.

 

  1. Байқауды өткізу тәртібі

 

  1. Республикалық байқау екі кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең (іріктеу) – Өңірлік:

мектепішілік байқау;

аудандық (қалалық) байқау;

облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық байқау;

2) екінші кезең (қорытынды) – Республикалық байқау.

  1. 17. Республикалық байқаудың өңірлік (іріктеу) кезеңін өткізу мерзімдері аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің және облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының бұйрығымен анықталады.
  2. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
  3. «Өз жылуыңмен бөліс» номинациясы:

қарт адамдарға, әлеуметтік осал топтағы балаларға және басқаларға қолдау және көмек көрсету;

кәмелетке толмағандардың әлеуметтік мінез-құлық әрекеттерін алдын алу;

халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды бейімдеу;

балаларды табиғи апаттар салдарын жеңуге және жазатайым оқиғалардың алдын алуға дайындауға бағытталған әлеуметтік жобалар байқауы.

  1. «Туған қалаға – игілікті істер» номинациясы:

жаңа еріктілер жасақтарын құруға және дамытуға;

әлеуметтік маңызды істерді ұйымдастыруға, оның ішінде бос уақытты ұйымдастыру бойынша балаларды белсенді қызметке тартуға;

салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған шығармашылық жобалар байқауы.

  1. «Мен – Қазақстанның азаматымын» номинациясы:

барлық этностардың мәдени ерекшелігін сақтау жағдайында қазақстандық қоғамның жалпыұлттық рухани және мәдени құндылықтары мен дәстүрлеріне азаматтарды тарту;

қазақ тілі мен үш тілдің тұтастығын дамыту;

отбасының адамгершілік негіздерін, оның тәрбиелік рөлін нығайту, балалар мен жастар ортасында Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдени дәстүрлеріне, тіліне және отбасылық құндылықтарына толерантты және құрметпен қарауды нығайтуға бағытталған шығармашылық жобалар байқауы.

  1. «Медиа жобалар» номинациясы:

ақпараттық, білім беру ортасын дамыту – балалар мен жастардың ақпараттық кеңістігін дамыту;

әлеуметтік бағдарланған сайттар, интернет-ресурстар құру, білім беру және кәсіби бағдарды жобалау және т. б. бағытталған шығармашылық жобалар байқауы.

  1. «Менің кіші Отаным» номинациясы:

жеке тұлғаның өз елінің рухани адамгершілігі мол азаматы және патриоты, кіші Отанының өткені мен болашағын зерттеп, оны өркендетуге бағытталған шығармашылық жобалар байқауы;

Берілген жоба азаматты және патриотты тәрбиелеуде оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен маңызы зор.

  1. «Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы – қоғамның, жеріміздің табиғи, тарихи және мәдени игілігі туралы ақпараттандырылуына ықпал ететін жобалар байқауы – палеолиттен XXI ғасырға дейінгі түрлі дәуірлердің сәулет ғимараттары мен ескерткіштері, Каспий теңізінен Жоңғар Алатауының жотасына дейінгі табиғат кереметтері.
  2. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» номинациясы қоғамда танымал және ақпараттық ілгерілету идеясының жетістігі, принциптерін бәсекеге қабілеттілігін, ғибадат прагматизм мен білімін мысалдар арқылы Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдар туралы шығармашылық жобалар байқауы.

Бұл адамдар – біздің замандастарымыз, олардың өмір жолы мен жетістіктері – бәріне үлгі.

  1. «Жаңғырту полюсі» номинациясы – мәдени мұраны сақтау және жаңғырту;

шығармашылық әлеуетті және әр түрлі өнер түрлерін дамыту, бос уақыттың жаңа түрлерін құруға ықпал етуге бағытталған жобалар байқауы.

  1. «Киіз үй – ғаламның моделі» номинациясы барлық этностардың мәдени өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, азаматтарды қазақстандық қоғамның жалпыұлттық рухани-мәдени құндылықтары мен дәстүрлеріне тарту;

Қатысушылар киіз үй элементтері бейнеленген атақты мәдениет және сәулет нысандарын көрсете алады. Сонымен қатар, киіз үй элементі бейнеленген болашақ нысандардың жобаларын әлем үлгісі ретінде ұсына алады.  Әлемнің бейнелі-тұжырымдамалық үлгісі мен киіз үй құрылысының арасындағы тығыз байланыс пен параллельді негіздеуге бағытталған шығармашылық жобалар байқауы.

Жобаны қорғау уақыты – көрнекілік материалдарын (макеттер, модельдер, бейне және т.б.) пайдалана отырып, 7 минутқа дейін. Аталған номинациялар бойынша шығармашылық жұмыстарды орындау әрбір делегация үшін міндетті шарт болып табылады. Әр номинацияға қатысу міндетті. Бір қатысушы бір жобадан ұсынады.

  1. Шығармашылық жобаларды бағалау өлшемдері:

1) жобаның байқау шарттарына сәйкестігі;

2) шығармашылық жобаның әлеуметтік тиімділігі – шешілетін  әлеуметтік мәселенің өзектілігі және жобаның маңыздылығы;

3) жобаның міндеттері бойынша іс-қимыл жоспарының болуы;

4) жобаны іске асыру үшін қажетті шарттарды сипаттау (жеке, материалдық-техникалық, ақпараттық);

5) әлеуметтік мәселелерді шешудегі жаңашыл көзқарас;

6) жобалау кезінде заманауи инновациялық технологияларды, нысандарды және әдістерді пайдалану;

7) болжамды нәтижелердің сипаттамасы (болжамды нәтижелердің шынайылығы және жобаның болашақтағы дамуы: жергілікті деңгейдегі нақты аудиторияның жоба бойынша сұранысы);

8) зерттеудің жаңалығы, жұмыстың практикалық маңыздылығы, автордың жеке үлесі;

9) жұмыстың ресімделуі.

  1. Байқаудың қашықтық форматында жобаны қорғау ZOOM платформасында онлайн режимінде жүзеге асырылады.

1) жобаны қорғау кезінде жұмыс авторына 5 минут беріледі, ол төмендегіні ашуы керек:

– жұмыстың мақсаты;

– тақырыптың өзектілігі;

– қойылған мақсатқа жету әдістері;

– нәтижелердің ғылыми және практикалық құндылығы;

– жұмыстың негізгі қорытындылары.

2) жобаны қорғағаннан кейін қазылар алқасының әрбір мүшесі байқау жұмыстарды бағалау өлшемдеріне сәйкес әрбір параметр бойынша ұпайларды қоя отырып, бағалау парағын толтырады.

  1. Байқаудың қорытындысы, жеңімпаздардың дипломдары, қатысушылардың сертификаттары, жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар 2021 жылғы 25 маусымда www.ziyatker.org сайтында орналастырылады.
  2. Қатысушыларды марапаттау

 

  1. Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

 

  1. 6. Байқауды қаржыландыру

 

  1. Байқаудың аудандық, облыстық, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының байқау кезеңдерін жергілікті атқарушы органдар қаржыландырады. Қатысушылардың іс-шараны өткізу орнына барар жолда және кері қайтатын жолда жол жүруі мен тамақтануына шығыстарды төлеуді жіберуші тараптың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
  2. Байқауды өткізу кезінде қатысушылардың тамақтануына, тұруына және Байқауды ұйымдастыруға жұмсалатын шығыстарды төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 

1-қосымша

 

«Менің Отаныма  – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауына қатысуға өтінім

Номинациясы

Жұмыстың аталуы

Орындаушының

Т.А.Ж.

Туған жылы

Сыныбы

Білім беру ұйымы, жоба жетекшісі

Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны

1

 

«Өз жылуыңмен бөліс»

 

 

 

 

 

 

 

2

«Туған қалаға – игілікті істер»

 

 

 

 

 

 

 

3

«Мен – Қазақстанның азаматымын»

 

 

 

 

 

 

4

«Медиа жобалар»

 

 

 

 

 

 

5

«Менің кіші Отаным»

 

 

 

 

 

 

6

«Казақстанның жеті кереметі»

 

 

 

 

 

 

7

«Қазақстанның 100 жаңа есімі»

 

 

 

 

 

 

8

«Жаңғырту полюсі»

 

 

 

 

 

 

9

«Киіз үй – ғалам моделі»

 

 

 

 

 

 

Translate/Перевести/Аудару