Ақпараттық технологиялар және баспа қызметі бөлімінің меңгерушісі

Лауазымдық міндеттерi: Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы ұйымның сыртқы және ішкі ақпараттық ортасын дайындау және орталықтың техникалық, ғылыми жетістіктер мен жаңа өндірістік тәжірибелері туралы мәліметпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Техникалық және ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдау, технологиялық жоспарларды жасау, Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қорын жасауды басқарады, қазіргі заманғы ақпараттық ізденіс жүйесін енгізуді, жаңа ақпараттық технологиялардың қолданылуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бөлімдегі мамандармен бірлесіп жиналыстар, семинарлар, лекциялар, конференциялар және т.б. іс-шаралар өткізуге қатысуын қамтамасыз етеді. Жаңа технологияларды, ақпараттық ізденіс көздерін дамыту, инновациялық жалпы білім беру ұйымдарына нұсқаулық жасап, БАҚ – мен тығыз жұмыс жүргізеді, өз саласы бойынша мақалалар әзірлейді. Бөлім құжаттарын ретке келтіре отырып, әр жылға жоспар құрады, атқарылған жұмыстардың жай-күйі туралы мәліметтерді толықтырып, жүйелеп, нәтижесінде  жылдық, жарты жылдық есеп жинағын әзірлеп, қажет ететін құрылымдарға ұсынады. Бөлім қызметкерлерін басқарады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциялық заң актілерін құқықтық нормативтік актілерін,  Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары мен Өкімдерін, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңын, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын, Smart City тұжырымдамасын,  шығармашылық-техникалық және ғылыми ақпаратты беру, іздеу, сақтау және жинақтау жүйесін анықтайтын ережелер, нұсқаулықтар, және басқа да нормативтік актілер, баспа жұмыстарының негізі, басылымға шығаруға арналған ақпараттық материалдарды дайындау тәртібі, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы ұйымның шешімдерін, Қазақстан Республикасы Еңбек туралы заң негіздерін, ішкі еңбек тәртіп Ережелерін, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті мамандығы (ақпараттандыру саласы) бойынша жоғары білімі бар, еңбек өтілі 5 жылдан кем емес, еңбек тәжірибесі және ұйымдастырушылық қабілеті бар маман тағайындалады.

Құжаттар тізімі:

  • Түйіндеме
  • Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;
  • Өмірбаяны;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • Әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі.
  • 3х4 үлгідегі сурет;
  • Біліктілік санатын беру туралы куәліктің көшірмесі;
  • Біліктілік арттыру курстарының сертификаттары мен мадақтамаларының көшірмесі.

Азаматтар конкурсқа қатысу үшін 2018 жылдың 30 қазанына дейін құжаттарын Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 2 ғимаратының №44 кабинетіне немесе akiseva@mail.ru электронды поштасына жолдауы қажет.

Конкурстың өтілетін уақыты: 2018 жылғы 31 қазан, сағат 10:00 – де.

Конкурстың өтетін орны: “Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпоны (Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, №2)