БІЗ ДЕ БАЛА БОЛҒАНБЫЗ

   Қымбатты балаларым , ертелі – кеш көбелек қуып , асық ойнап , ләңгі теуіп , ойынның Қызығына тоймайтын балдәурен балалықтан айналып өтетін адам болмайды . Біз де өздерің секілді бала болдық . Мектеп есігін ашып , білім алдық , сол кездегі қазақ салтымен туған – туыстың кім екенін білдік , нәубетшілік заманда , бесіктен беліміз шықпай жатып , тіршілікке араластық . Тоңып жүрдік , торығып жүрдік . Тоңып жүретініміз үстімізде бүтін киім жоқ , аш – жалаңашпыз . Торығып жүретінім мен жеті жасқа жетер – жетпесте Әкем дүниеден озды . Машина дауысын естімеген , қала өмірінің қызығынан бейхабар , көп қабат үйлердің қарасын да көрмеген , тәтті су ішіп , құмардан шықпаған , « алып кел , барып келмен » күні өткен мен секілді бала үшін тағдырдың мұндай тауқыметі оңай емес еді . Осы кітапты оқып отырып , түйсініп , ғибрат аларсыздар деп ойлаймын . Сол бір қатал заманның балалары қандай ес . болғанын айтып , сыр шертпесем , кейінгі ұрпақ қайдан білсін ? Осы жайлы толғанып жүргенімде , кітап жазуға тағы бір жағдай себепші болды . Облыс орталығында қызмет істеп жүріп , көптен күткен 4 бөлмелі кең де жаңа пәтерге қолым жетті . Енді жаңа пәтерге көшейік десек , балаларым : intonia Басқа мектепке барғымыз келмейді , – деп үйренген мектебі мен сыныптас достарына деген қимастықтарын білдірді . Достық та , жолдастық та қымбат сезім , бәрі де басымнан өткен . Менің де жаныма жақын көрген аяулы достарым , ардақты аға аталарым болған , бірақ бәріміздің бір ауылда , бір шаңырақтың астында , мәңгі бірге тұра бермейтінімізді өмірдің өзі дәлелдеп берді . Сондықтан балаларымды жаныма шақырып алдым . Балаларым , мен пәтер алдым деп қуанып жүрсем , сендер мектебіміз ауысатын болды , – деп ренжисіңдер . Кәне , бері келіп , көре қойыңдар , – деп қолдарына сонау бір соғыс жылдарынан бері сақталып , сарғыш тартқан , бірақ жазуы өшпеген , тіпті мөр таңбасына дейін ап – айқын , сыныптан – сыныпқа көшу табельдерін ұстаттым . Олар асығып – аптығып ескі құжаттарды қарап жатыр . Папа , жақсы оқыпсыз ғой , ылғи « бес » . Мына сыныпта « төрт » те алып қалыпсыз , – деп өздерiнiше мәре – сәре . Аялап өсірген балапандарым үшін осынша маңызды қағаздарды жоғалтпай , жыртпай сақтап келгенім қандай жақсы болған . Тағдырыма , өз – өзіме дән ризамын . Иә , осы мен қалай жақсы оқыдым ? Мектепте білім алып жүрген жылдары төрт құбылам түгел , не ішіп , не кием демейтін , уайым – қайғысыз өмір сүрген ауқатты отбасының баласы емес едім ғой . Неге соны балаларыма жеткізбеске ? Тіпті жеті сыныптық білімді жеті мектепке көшіп жүріп бітірген екенмін . Жеті мектептен алған мақтау -а , но қағазым да жетеу . Сонда әр мақтау қағазын алған сайын жүрегім өрекпіп , алақайлап тұрып қуанатынмын . Айналамдағы дүние көз алдымда құлпырып сала беруші еді . А.А. , а Мектеп директоры арқамнан қағып , жер көкке тигізбей мақтап , көптің алдында қолыма І. тапсырған қызыл не көкшіл түсті , сол жақ бұрышына Лениннің , оң жағына Сталиннің суретін бейнелеген « Мақтау грамотасын » кеудеме басып тұратынмын . Бұл менің жыл бойғы еңбегімнің жемісі болғандықтан , қос қанат біткендей желпінем . Мақтау қағазын алып , мектептен шыққан бойда ешкімге мойын бұрмастан , оншақты шақырым жердегі аулыма қарай алып – ұша жөнелетінмін . Ондағы ойым , асып – тасыған қуанышым басылмай тұрғанда үйге жетіп , жаны жабырқаулы шешемді бір қуантып тастау болатын . Арқасында шүберектен тігілген сөмке , қолында мақтау қағазы , айдақ – жайдақ арба жолдың ақшаңдағын шығарып , жардың басы , қабақтың баурайымен құйындатып ұшып келе жатқан жалаң аяқ , жалаң бас баланы көзге елестетер болсаң , сол бала мына мен болатынмын . Ауыл шетіне ілінгеннен – ақ , есік алдында шаруадан қолы босамай , күйбеңдеп жүрген аяулы анамның қарасын көргеннен : « Оқу бітті , апа ! Грамота алдым ! » , – деп алқына айғайлап , құлдырақтап жанына жетуші едім – ау ! Менің сондағы кейпімді өзімнен басқа , кім көз алдына елестете алады . Сондықтан балаларыма : – Көрдіңдер ме , сендер бір қаланың ішінде тұрып , мектепке қатынауды қиынсынып отырсыңдар ! Әрі жаңа мектепке барып оқисыңдар . Мен жеті мектепті жеті ауылда оқып , жеті ағайынның босағасын сағалап , ел жағалап жүріп мектеп бітірдім емес пе ? – Папа , шынымен , солай ма ? Біз сізді аяп тұрмыз , – дейді енді ұл – қызым жамырап . Шынында , біздің ұрпақтың қатарында өмірі өкініш пен аянышқа толы балалар көп болды . Ол кезде заманның өзі , қоғамның өзі аянышты халде еді . Әйтсе де келешекке деген үкілі үмітіміз болды . Отбасында іліп аларлық артық дүние болмайтын . Енді – енді қаз тұрып , есімізді жия бастағанда , Ұлы Отан соғысы бұрқ ете қалды , сол сұрапыл жылдары қаза болған ағалардың аңырап қалған шаңырағын асық ойнап , ақ тақырда « манай » атып бірге жүрген балалардың қаралы хабардан кейін ағайын сағалап , әлдеқайда көшіп жатқаны есімізде. Міне, балалар, біз өмірден көрешекті коп көріп өскен ұрпақтың өкiлiмiз. Қазір қызмет істеп, астыма машина мініп, қызметтестерімнің құрметіне бөленіп жүрсем де , балдәурен балалық шағымды әсте ұмытпаймын. Заманның мамыражай уақытында өздеріңмен сұхбат құрып , сырлассам ба деп жүргенде , шаруасы қат – қабат тірлікке араласып кеттік . Жас құрақтай желкілдеп өсіп тәрбиелік мәні зор деп білемін. Мектепте тәртіп бұзып, сабағын үлгере алмай, ата – ана мен мұғалімді сарсаңға салат салатын жайлы оқушылар естігенімде, бұлдырап артта қалған балдәурен балалық шағым есіме оралады. Шым – шытырық ойға батамын. Сондағы бұралаңы көп өмір соқпағына қалай түскеніміз әлі күнге дейін көз алдымда. Бізден де талай әнтектік кетіпті. Кемшіліксіз емес ек , қатар ойнаған құрдастар өзара қақтығысып – та қалатынбыз. Соның бәрін ой елегінен екшелей отырып, осы жасқа келгенше көңілге түйгенім: балалықпен тәртіпсіздік жасауға болғанмен, бірақ оның өзіңе де, өзгеге де пайдасы жоқ. Басымыздан өткен біраз оқиғаларды осы кітап ішінен оқи аласыздар . Әрқайсыңызбен жеке кездесіп, өзімнің өмірім жайында әңгімелеуден гөрі, қолымнан келгенше оқушыларға арнап бір кітап жазып қалдыруды мақсат еттім. Өмірдің өзі ізденіс деп білем. Кемшілігі кездесер, жетістігі де болар, алайда соның бәрі сендерге деген сүйіспеншілікпен бүкпесіз жазылған деп қабылдаңдар. Сондықтан кешіріммен қараңдар. Кітаптағы жақсы мен жаманды өздерің сараптаңдар, бірге бастарың қосыла қалғанда өзара пікірлесіндер. Өнегелі жері кездессе, тағылым алыңдар. Осы кітапты достарыңа тарту етіңдер, оқып шықсын. Балалық шағымда ауыртпалықты көп көрсем де, өмірден өз жолымды іздедім. Өмірден өз жолыңды, өз орныңды табу оңай емес. Талай қателіктерге ұрынып, адасуың да, қайта айналыс өз соқпағыңа түсуін де мүмкін. Жазғаным кәделеріңе жараса, көздеген мақсатымның орындалғаны әрі сендердің жүректеріңе жол тапқаным деп есептеймін.

СОҒЫСТЫҢ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ

  • Соғыстан қайтқан солдаттар.
  • Арамызда шпион бар.
  • Сенбай – соғыс тұтқыны екен.

Біздің ауылдың үстін басып теміржол өтеді. Есбілгенненолжаққаәке-шешемізжолатпаушы еді. Поезд басып кетеді, – деп қорқады. Тіліміз шығып, аяққа мінгесін теміржолдың бойын ешкім көрсетпей-ақ өзіміз тауып алдық.

Барлық тірлік осы жолдың бойында. Қызық та сол жерде. Ауылға барлық поезд тоқтамайды. Бәрі де біздің Майлықұмды менсінбеген сыңай танытып, үстімізден асығыс өте шығады. Осы араға аз ғана аялдап тоқтайтын нан-қант

сататын 55-56 нөмірлі поезд бар. Ондай кезде ауылдың жас-кәрісін жол бойынан табасың. Кәдімгі көшпелі вагон-дүкен. Беті нарттай қызарған дүкеншісі жанталаса сауда жүргізеді. Әркім керегін қалтасына қарай алып жатады. Бір күні біздің бекетке ұшы-қиырына көз жеткісіз ұзын бір эшалон тұра қалды. Ана жақ, мына жақтан хабарланған өңшең қара бала жапа-тармағай жүгіріп жол бойына шықтық. Жүк вагонының кең есігін айқара ашып, жақтауларын мал қораның шартақ есігіндей кең айқара ашып, кермешелеп тастаған. Вагон ішінен солдаттар секіріп жерге түсіп, торсықтарын толтырып су алып жатыр. Өздері орысша сөйлесіп, су шашысып, ойнап жүр. Осыларға аңтарылып қарап тұрғанда, ілгері озып тұрған бір бір баланы алды да кетті. Кім скені есімде жоқ, аяғы тарбаңдап, әлгі орыс солдаттың қойнында кетіп барады.

– Таста, таста!

– Таста дейміз, әкеңнің

Бірге ойнап жүрген жолдасымызға жанымыз ашып, шулай бастадық.

– Жоқ, алып кетемін, – деп солдат әп-сәтте

Сәлден соң іштен көзден ғайып болды. ыржалаңдап әлгі бала шығып тұр. Қолында ет қалбыры көрінеді. Біз солдаттың қолтығына өзімізді де қыстыра кетпегеніне өкіндік.

– Әкел консервіңді!

Табан астында пышақ тауып, ептеп ашып, дәмділеп пісірген қалбыр етін жағалай асап мәре-сәреміз. Кешкілік ауыл балалары жиналып, ақсүйек немесе дүк-дүк ойнайтынымыз бар. Көбіміздің күндіз қолымыз тимейді. Бізді бала еді деп, көлеңкеге бағып отырған ешкім жоқ. Шаруашылықтың барлығына жұмсайды. Үлкендермен бірге бақшалық егеміз. Бақшалығымыз біраз жерде. Дария жоғарыданжөңкіліп ағып келеді де, Қараөзектің тұсынан  екіге айырылады. Міне, сол айырықта отырып, егін еккен адамның жаз бойысаудасы да жүреді, егіні де бітік шығады. Ауыл адамдарының бәрі Қараөзек көпірінің тұсындағы иінге ерте көктемнен дән тастайды. Ол арада апам екеуміздің діңкелеп жүріп с оған бірнеше атыз жеріміз бар. Сол бақшаны суарудан, арам шөбін отаудан, түбін шабудан қолымыз босамайды. Күн ыстық, тамыздың соңында қауындықтан бұрқырап әңгелектің иісі шығады. Міне, осы кезде шуылдаған өңшең бала жиылып ұрлыққа шығамыз. Я болмаса біріміздің қауындығымызға біріміз түсеміз, соны тысқа шығарып, бірігіп жейміз. Арамызда бізден естиярлау Абайділда, Арыстан, Мұрат деген балалар да бар. Кәсібіміз жаңағыдай. Соғыс аяқталатын кезге қарай әскери эшалондар разъезге жиі тоқтай бастады. Көлеңкеде ұстап отырған қауынымызды поезға қарай ала жүгіреміз. Жолаушылар жаз айында таңдайлары кеуіп, шөлдеп келе жатады. Олар Сырдың қауынына құмар, қанша бала отырсақ да әп-сәтте қолымыздағы торламалардың қалай өтіп кеткенін білмей қаламыз. Қауын сатқан күні көңілдіміз. Қалтамызда ақша бар, бірақ ақшаны өзіміздің керегімізге жұмсау деген түске кірмейді. Оны қалай да үйге апарып беруіміз керек. Қауын сатып, бүзау байлап, қолқабыс берген соң мойнымыз босап қалады. Ондайда оңашалау отырып алып әңгіме соғамыз. Себебі, біздің ауылда шпион бар көрінеді. Ол темір жол бекетінде қаңдай жағдай болып жатқанын күн сайын немістерге хабарлап отырады екен.

– Ол қандай шпион?

Тс-м-м… Атын айтуға болмайды. Естіп қалса, үй-ішіңмен бауыздап кетеді. Содан соң үндемейміз, бірақ шпионды козімізбен көргіміз келеді. Соғыстан соңғы  жылдары ауылда Сенбай деген кісі пайда болған. Міне, біздің шпионымыз – сол Сенбай. Үстінде алба-жүлба киім. Сақалы, шашы өсіп кеткен. Кешкілік жыңғыл-шеңгелді аралап кететінін талай көрдік.

– Әне, немістерге біз туралы хабарлауға кетті,

– деп құлағымыз үріккен бұзаудікіндей селтиіп тұрады.

– Бұл шпионды неге ұстамайды екен.

– Кім ұстайды, милицияның өзі қорқады бұдан. Мылтықтары бар.

– Көрдің бе? – дейміз.

– Көрдім, – деп әлгі суайт шімірікпестен өтірікті соғып жібереді.

Өтірік деуге шама жоқ, тым-тырыс отырып қаламыз. Әу десек, әлгі Генбай үстімізден шығып, автоматын оңменімізге таяп, оқтысеуіп жіберетін секілді. Оқ тигесін не аяқ, не қолың жоқ мүгедек боласың немесе «ал кеттім» деп о дүниеден бір-ақ шығасың. Сосын қауыныңды сатып, ләңгіңді тебе алмайсың. Осы көрген күніңе де зар боларсың. – Апа, Сенбайды жұрт шпион дейді ғой, деймін апама.

– Құдай, осы ауылда шпион не бітіреді.

Немісте пленде болған мүсәпір адам ғой.

– Сенбай шпион емес, плен екен ғой, деп балаларға айтып едім, бәрі де қикайып, тағынан түскендей тұнжырады да қалды. – Ол шпион екенін сенің апаңа айта ма? «Плен» болса да шпионның туысқаны. Ауылда ештеңеден хабары жоқ, алаңсыз жүретін, әңгіме-сөзді білметін Сенбайдың өзі ғана. Үлкендер одан бойын алып қашпайды, қайта көрген сайын:

– Ә-ә, Сенбай есенбісің? Жағдайың қалай?

Сенбай:

– Жақсы ғой, – деп мырыңдайды. Мұнысы таза шпионның тәсілі секілді көрініп, ішіңді тартасың. «Соғыста неміс тұтқынында болып, Арқа жақтағы еліне бармай, бізді паналап жүрген жалғызілікті жігіт қой», – деген ересектердің сөзі расқа шықты. Сенбай бишара жігіт екен. Сол ауылда үй жағалап жүріп қонады. Өзінің тұрағы жоқ. Құдайына қараған үй иесі болса, киімін жуып, жамап-жасқап береді, бөлмесіне төсек салады. Көңілсіз оттың басына кірсе, жататын жері ауыз үй, шолан. Үстіндегі киімдері де әркімнің ескі-құсқысы, оны да кезекке шығып, біреудің орнына барып, мал бағып келген еңбегі үшін алады. Бір қызығы, кейде өткен-кеткен орыстармен сөйлескенде аузы-аузынажұқпайды. Сенбай айтты демесең. орысшасы тәп-тәуір тәрізді. Осылайша ел ішінде тілмаштыққа да жүре бастады. Елінен неге безді, немістердің қолына қалай түсті, өзінде документ бар ма? Бәрі беймәлім. Елдік дәстүр жақсы ғой, жұмысын істеп, көмегін берген момын жігітті ешкім де сыртқа тепкен жоқ. Осылай жүре-жүре Сенбай да Майлықұмға бауыр басты. Кейінгі жылдары қаңғыбастығын тастап, бір жерден өзіне баспана тапты. Көптің көңілі түсті ме, кейіннен теміржолда балға соғатын бір жұмысқа тұрды. Шпион деп жүрген Сенбайымыз ауылдағы бір жесірмен бас қосып, өз алдына отау құрды. Десе де діні мықты болмай шықты, тұрмысы жөнделе бергенде ішімдікке салынып, азып-тоза бастады. Жұрт: «Әттеген-ай, көрмейсің бе?» – деп санын бір- ақ соқты. Өмірде өз жолын таба алмады, деген осы шығар. Қазақта: «жорға жүрісінен пұл болады, жаман жүрісінен құл болады» деген бар, бұл өте ғибратты сөз. Еңбегімен елдің бір азаматына айналып келе жатқан Сенбай да азды-көп тұрмыс түзулігін көтере алмай, бала кезден білетін «шпион қалпына» қайта түсті.

ТАМ-ТҰМДАП ЖЕТКЕН

ҚУАНЫШ

  • Әлиасқар және Ахметжан ағамның үйлену тойы.
  • Қайтпасқа сапар шекті қайран әкем.
  • Біздің әулеттің көрмеген қасіреті жоқ.

Соғыс жылы. Электр жарығы жоқ. Радио дегенді білмейміз. Теледидар дегеннің ақылға қонбайтын кезі. Ауылда газет оқитын көзі ашық адам да некен-саяқ. Біздің хабаршымыз – өткен-кеткен жолаушы. Соған қарағанда өміріміз күйбең тірлікпен өтіп жатқан сияқты.Бала кезімде «мынадай керемет қызық басымнан өтті» деп айтатындай ойымда ештеңе қалмапты. Жалғыз ермегім – әкем мен оның әңгімесі. Ал апам қолы қалт еткенде, қарындасым екеуімізді ептеп жұмсап, үй шаруасына баулығандай болады.

– Әлижан, жүр, Қараөзекке барып қайтайық, – деген әкемнің дауысын естігенде жүрегім атқақтап кететін. Екеуіміз қармағымызды алып, ертелі-кеш ағаш вагондары сартылдап, ерсілі-қарсылы жүріп жататын поезд жолдан өтеміз. Бетімізді шығысқа түзеп, қанша жүретініміз есімде жоқ, көкемнің қасында тауда ойнақтаған лақтай секіріп келе жатушы едім. «Қараөзектің» ол кездегі табиғаты қазір айтса нанғысыз, адам аяғы баспаған қалың ну тоғай, қас қарайғанда алып ағаштардың көлеңкесі кім-кімнің де үрейін алатындай саялы. Әкем қармақ салатын ашық алаңқайды бес саусағындай біледі. Ағаштың көлеңкесін де ойластырып қояды. Екеуміз қатар отырып, күн қызғанға дейін қармақ салушы едік. Дарияның несібесі қайтпаған кез, үйге құр қол қайтқан күніміз жоқ. Кішігірім сазан, торта, алабұға қармақ қауып жатады. Оның да сорпасын ішіп, ақ тер-көк теріміз шығатын. Сондағы әкемнің мені ертіп, Қараөзекке жиі барғыштап кеткені, күндерінің санаулы қалғанын сезіп, бізді қимай жүргені екен – ау!

– Әлижан, аяғымды басшы, – дейді маған. Тізесін уқалаймын, жіліншігін мыжғылап көремін. Уқалаған сайын жаны рақат табушы еді. Бала емеспін бе, жалығып кетіп:

 – Көке, су ішіп келейін, – деуші едім.

– Бара ғой, күнім!

Мен сол кеткеннен әкем жатқан бөлмеге, тіпті үйге жоламай кететінмін. Себебі әкемнің аяғын ертелі-кеш уқалаудан жалығып, мезі болғанмын. Сонда да ол маған ұрыспайды. Тек әкемнің бір күні ренжігені есімде қалыпты. түсінсем бұйырмасын. Ештеңе көрмеген ауыл баласы, молдаван дегенді адамның баласы-ау, деген ой қаперімде жоқ. Ол бір заттың орысша атауы болуы керек деп түсінем. Оған әкемнің ашуланғаны несі, әкелсе, егер «молдаван» деген велосипед болса, бәріміз міңгесіп балыққа бармаймыз ба, – деген балалық қиял менікі. Алғашында темір жол бронымен ауылда қалған Әлиасқар ағам да майданға аттанды. Үй құлағы елеңдеп отырады. Анда-санда келетін үш бұрышты хатты ауыл болып оқитын салт бар. Соғыс бітті ме, әлде бітуге таяу уақыт па еді, нақты білмеймін. Біздің үйге осындай үш бұрыш үшбу хат сап сте қалды. Хат бұл жолы Ахметжан ағамнан екен. Қуанып жүрміз. Ахметжан Жанпейісов ағамыз ұзақ жыл Қызылорда облысында басшы қызметтер атқарып, серілік мінезімен ел аузында аты қалған адам. Жаны жайсаң, жүрегі жомарт ағасының мінезі алдымен інісіне мәлім. Ақан хатында: «Келінді молдаваннан апарсам қайтеді?», – деп жазыпты. – Молдаваны несі? Молдаван әйелді қай жағымызға қойып бағамыз. Мынаның азары- ай! – Әкем бұлқан-талқан ашуланды. Түкті

– Коке, молдаван деген не? – дедім қарап отырмай.

– Молдаван деген әйел, – деді кокем.

Ахметжан қазақ қызы құрып қалғандай, сондай әйел алайын деп жатыр.

Сірә, молдаван жөнінде көкемнің де түсінігі терең болмаса керек. Аты ерсілеу бірдеңе естігесін бұлқан-талқан ашуланып жүргені содан шығар. Көкемнің сауаты шамалы, осы қазақ жерінде бас сауғалап Әулиеата менТашкент арасында жүрсе жүрген шығар, бірақ орыстың өзіне тосырқап қарауы қалмаған.Содан ба, отырып-отырып:

– Оның қандай тамақ ішетінін мен қайдан білейін. Жейтіндерін өздерімен ала келсін. Көрмегенім молдаван болсын! – деп ашуланды. Ақыры ауылдағы сауатты деген Рахметтолаға айтып, хат жаздырды. Хатында інісіне қатты ұрысты.

«Әй, соғыс бітсе, қайт еліңе! – деді. – Саған молдаван әкелсін деп соғысқа жіберген жоқпыз. Жеңешем болса, екі күннің бірінде ауру. Ауру шешеңді бағасың ба, молдаванға тамақ іздеп, ел тентіреп кетесің бе? Соны неге ойламайсың? – деді. Егерде, осы үйге молдаван деген келер болса, онда бұл ауылдан мен де көшемін, сенің қараңды көрмеймін! – деп тағы күйінді. Молдаван қатыныңмен елді улатып- шулатып жүргенше, елге қайтып келмей-ақ қой! Сол жақта қала бер. Біз де өлмес күнімізді көреміз», – деп әкем сөзінің аяғын көңілі босап, көзін жеңімен сүртіп барып аяқтады. Ол кез көкемнің сырқаты жанына батып, аурудан айықпасын іштей сезіп жүрген кезі ме, оны біз қайдан білейік. Өлім деген нәрсенің қаперге кірмейтін шағы. Біреу қайтыс болыпты, бала-шағасына қиын болды-ау! Деген әңгімені сөз арасында естіп қаламыз. «Қайтыс болғаны несі, қалай бала-шағасына қиыы болады?» – Осыған ақылым жетпсйді. Жалпы өлім деген не? Мысалы, мен қызылшадан ауырғанда, Рзақия әжем мен апам «жаны қалар ма екен» деп күні-түні егілумен жүрді. Жаным қалмағанда менің нем кетеді? Қайда барамын, кімнің үйінде тұрамын, кіммен ойнаймын, оның бірі туралы айтылмайды. Әйтеуір, өлім деген жақсы нәрсе емес, төңірегің түгел жылап-сықтау, үлкен кісілерге дейін еңірегенде етегі толып отырғанын соғыс жылы – талай көрдім. Сондықтан, ондай ортадан тұра қашқым келеді. Топ ішінде әлдекімдермен құшақтасып, көрісіп жылаған шешемді көруге жүрегім дауаламайды. Сөйтіп жүргенде, әскер қатарынан аман оралған Асқар ағам (Әлиасқарды Асқар деуші едік) келіншек алып келді. Келіншектің беті бүркеулі, тұмшалап орамал жауып қойған. Ауыл үйдің адамдары есік алдында топырлап жүр. Ана жер, мына жерден сығалап менің құрдастарым жүгіріп жүр. Ақыры үлкендер лақ па, туша ма бірдеңе сойып, «тышқан мұрнын қанатты-а!». Келіншек дегенге мен бір елде жоқ біреу ме деп мәз болып жүрсем, кәдімгі ауыл қыздарынан түк айырмасы жоқ. Бидай оң, бүйрек бетті, жылы жүзді қыз екен. Маған бәрінен сол күні асылған еттен жағаласып жүріп жеген жалғыз құлағым артық еді. Келіншектің аты – Гүлбазар екен. Той тарағасын-ақ біздің үйдің жүдеу дастарханын жағалап ол да отырды. Шай құйып береді, Сыры кетіп, өңі сарғыш тартқан самаурындыкөтеріп ішке кіреді. Апам келінді айналып зыр жүгіреді. -Ана сүті аузынан кетпеген бұл да бірсудің баласы ғой, – деп аяйды. Неге аяйды? Ол жағы маған түсініксіз. Гүлбазар ұялшақ, ұяң, тіктеп кісіге қарамайды, тіпті шайды да сараң ішеді. Ал тамаққа сұғына бермейтіні маған ұнап қалды. Ойткені дастархан жайылғаннан анамыз байғүс қуырылған жүгеріні қалтадан алып, Гүлбазарға қарай шашып жібереді. Жол-жөнекей алдымызға айналшақтап қалған түйірі, сөз жоқ, біздің несібеміз. Бірақ мен ол «несібені» қас пен көздің арасында қылғытып жіберемін де, әлі шеті бұзылмаған Гүлбазардың алдына көз саламын. Көпе-көрнеу қол созып жүгеріні ала алмаймын. Алар едім, апам: «Жеңешең жесін де» деп, қолымды қағып тастайтын. Гүлбазар болса, ата-енесінен именіп, бір түйір, екі түйірлеп аузына салып отырады. Енді мен қулыққа көшемін. Ыссы-суығына қарамай, шайды жүдемелетіп ішемін де, босаған кесені Гүлбазарға беріп жатып, сұқ саусақпен томпиған жүгеріні өзіме қарай шертіп қаламын. Олоқтай зымырап, кейде өзімнің алдыма, кейде қаңғалақтап дастарханнан әрі асып жығылады. Ешкім сезбейді. Сөйтіп, мен біреудің тиісті тамағына құпия «шабуыл» жасаймын. Өстіп- остіп Гүлбазардың алдындағы жүгеріні жылан жалағандай стіп, шайға қарамастан қайқайып сыртқа шығып жүре беремін. Тоқ емеспін, әйтеуір аштықтан көзім қарайып та жүрген жоқ. Гүлбазар өз жағдайын өзі білетін шығар. Соғыстың соңғы жылы елде тамаққа деген тапшылық болды-ау, деймін. Киімді күйі бар ғана ойлайды, қалғанының есі ішіп-жемде. «Кедейдің бір тойғаны шала байығаны» деген сөз содан қалса керек. Ашқұрсақ жүрген күндерім жиі ойыма оралады әрі тамақ тұрған жерді көргенім ойымда қаз-қалпында сақталыпты. Асқар ағам келіншек әкелмес бұрын үй-ішімізбен түгел ауырып қалдық. Адамның қолында сүйенген таяғы бар. Қиралаңдап орнынан әрең тұрып, қиналып қимылдайды, әрі солай жүріп үйдің тірлігін жасайды. Басымды көтеріп отыр едім:

 -Әли, қараша үйден шамды алып келші, – деді.

Ертеңгілік, күн жарығы әлі де қыр астында тұмшаланып тұрған кез. Кеше сауған сүтті апам пісіріп, салқындасын деп есіктің қайрылысына қазанымен қойған екен, бардым да сүттің ішіне күмп бердім. Бір қазан сүт бір үйлі жанның бір күнгі ырысы еді, ішім удай ашыды. Апам ұрыса ма деп те қаймықтым. Ұрысқан жоқ, таяғына сүйеніп келіп, мені сүт ішінен шығарып алды. Бала кезімде қараша үйдің көлеңкесінде жатқан балықтар есімде тағы қалыпты. Үстіне кенеп қапты жауып тастаған, аралас отырған ағайынның көзі түссе дәметеді деген болса керек. Соған қарағанда, ел ішінде аштық бары анық.таңқалысып жатқан жеңгелерім есімде қалыпты. Ахметжан ағамның аттан түсіп келіп, шылбырын маған ұстатып жатқанын ұмытпаймын. Төбем бір елі көкке жеткендей болды. Осылайша Ақаңағасының «молдаваның құрысын» деген бірауыз сөзіне тоқталып, елден Айзахан жеңешемді алды. Айзахан жеңешем соғыс жылдары Нартай ақынның концерттік бригадасында ән салған Сыр бойына танымал талантты жанның бірі еді. Мұның өзі маған зор қуаныш. Бәрімізден қатты қуанған Рзақия әжем мен көкем. «Сүйінші» сұрай келген аттылы кісінің қолына бумасын жазбастан 800 сомды үстата салғаны әлі есімде. – Інімнің сүйіншісіне жинап жүр едім, ал!Соғыстан кейінгі бір жыл ішінде еңсемізенді-енді жазыла бастаған. Қуаң тартқан далаға да, адамның жүзіне де азды-кем кәдімгідей әр жүгіре бастаған. Сәл жылыәскерден Ахметжан ағам келді. Екі иығына екі кісі мінгендей еңгезердей ағамның үстінде әскери гимнастерка. Киімінің жұлым-жұлымышығып жүрген ауыл қазақтарындай емес, үсті- басы тап-таза. – Бұл да орыстың тәрбиесі ғой,деп деді әкем әлгі кісіге.Маған әлгі ақша дүниені түгел сатып алуға жететіндей көп дүние болып көрінеді. Себебі, бір сом ақшаның өзіне вагон-дүкеннен қосуыс пешеней сатып алар едік. Демек сегіз жүзсом менің түсінігімше, сегіз жүз уыс пешеней.Әкем ағайынның ішінде өзге бас көтерер ешкім жоғын білгендіктен, Ахметжан ағамнан ештеңесін аяған жоқ. Тойын өткізіп, көңілін бірледі.

Translate/Перевести/Аудару