Жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары арасында «Отбасы-Отанымыздың ошағы»тақырыбындағы облыстық сырттай эссе байқауының ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 15 мамыр-Халықаралық отбасы күніне орай жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары арасындағы «Отбасы-Отанымыздың ошағы» тақырыбындағы облыстық сырттай  эссе байқауын (Бұдан әрі- Байқау) өткізу.

Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

Байқаудың мақсаты:  Отбасы құндылығын қабылдаттыру, ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту.

Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Облыстық байқау  – а.ж. 17 мамыр күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында қашықтан өткізіледі.

Байқауға қатысу ұсынысы аудандық, қалалық білім бөлімдері басшылары және облыстық мекемелер басшылары арқылы қабылданады. Сонымен қатар, қатысу туралы сұранысты «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығына 2021 жылдың 17 мамырына дейін тапсырады. Сұраныста оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, ауданы, жетекшінің толық аты-жөні, байланыс телефоны және жұмыстың бағыты мен тақырыбы толық көрсетілуі қажет.

Байқау қатысу өтінім мен жұмыстарды kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.

Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары

  • Жұмыстар оқушының таңдауымен қазақ және орыс тілдерінде орындалады;
  • Шығарма әр түрлі нысандарда жазылуы мүмкін (эссе, шығарма-толғау, шығарма-талқылау, т.б.)
  • Байқауға қатысқан шығармаларға пікір жазылмайды, қайтарылмайды.

5. Бағалау критерийлері

Ең үздік шығармаларды іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:

  • ой тұжырымының логикасы мен образдылығы;
  • шығарма мазмұнын анықтайтын ойдың тереңдігі мен тақырыптың ашылуы;
  • жазба тілінің сапасы;
  • зерттеушілігі, тұжырымдамалардың дәлелділігі мен дербестігі;
  • тарихи деректердің болуы, әдеби материалды пайдалану  деңгейі;
  • сауаттылығы (орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері).

6. Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау

Қорытынды кезеңінің жеңімпаздары облыстық білім басқармасының               І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Жеңімпаздар мәліметі ұйымдастырушылардың жүргізіп отырған әлеуметтік желілерінде (фейсбук) жарияланатын болады. Әлеуметтік желілерде #Меніңотбасым, #Моясемья жариялау қажет.