«Бақытты отбасы» тақырыбындағы қашықтан өткізілетін облыстық сурет байқауының ЕРЕЖЕСІ

                                                     Жалпы ережелер

      Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 15 мамыр-Халықаралық отбасы күніне орай жалпы білім беру ұйымдарының 1-4 сынып оқушылары арасында «Менің Отбасым» тақырыбындағы қашықтан өткізілетін облыстық сурет байқауы (бұдан әрі-Байқау) өткізу.

Байқауды ұйымдастырушы: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

Байқаудың мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу және балаларды ата-анасын құрмет тұтуға тәрбиелеу, балалардың жаңа қырларын ашу. Жас суретшілердің талабын шыңдау, оқушыларды бейнелеу өнеріне қызығушылығын дамыту

Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары:

Байқауға ұсынылған жұмыстар JPEG электронды түрде ұсынылады. Ол үшін жұмысты суретке түсіріп немесе сканерден өткізу шарт. Сурет А3 парақ бетінде салынған жұмыс (қағаз, гуашь) техникасында орындалады. Балалар белгілі бір тақырып бойынша композициялық сюжетті орындайды. Байқауға 1-4 сынып оқушылары қатыса алады.

Байқау қатысу а.ж. 15 мамырына дейін  қалалық/аудандық білім бөлімдері ұсынған өтінім мен жұмыстарды kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.

Байқауға көрсетілген мерзімінен кейін келген суреттер қабылданбайды, көрсетілген талаптарға сай емес суреттер қатыстырылмайды.

Автор туралы мәліметтер жұмыспен қоса беріледі:

  1. Қатысушының аты-жөні;
  2. Мектеп, сыныбы;
  3. Қатысушы жұмысы;
  4. Жетекші аты-жөні мен байланыс тел нөмері;

Бағалау критерийлері:

-Тақырыптың ашылуы;

-Салынған суреттің сапасы;

-Тақырыпқа сай композициясының болуы;

-Бояуының ерекшелігі;

-Тақырыпқа сәйкес безендірілуі;

Жұмыстар 10 баллдық жүйемен бағаланады.

 

Марапаттау

Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары облыстық білм басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Жеңімпаздар мәліметі ұйымдастырушылардың жүргізіп отырған әлеуметтік желілерінде (фейсбук) жарияланатын болады. Әлеуметтік желілерде #Меніңотбасым, #Моясемья жариялау қажет.

Translate/Перевести/Аудару