ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Сыр дарындыларымен кездесті

2018 жылғы 28 қыркүйек күні Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова мен облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, облыстық білім басқармасының басшысы Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы және бірқатар қоғам қайраткерлері 2017-2018 оқу жылындағы халықаралық, республикалық ғылыми жоба конкурстарының жеңімпаздарымен кездесті. Дарынды оқушыларымыз өздерінің жыл бойы айналысып жүрген жобаларымен таныстырып өтсе, қонақтар өз кезегінде Сырдың дарынды да талантты жастарына өздерінің лебізін білдірді.