Ұлттық білім беру деректер қорын толтыру жұмыстары

2018 жылғы 26 қыркүйек күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен орталықтың мәжіліс залында арнайы және мамандандырылған облыстық білім беру мекемелеріне «Ұлттық білім беру деректер қорын толтыру» туралы семинар өткізілді.
Семинарға Білім және ғылым министрлігінің «Ақпараттық талдау» бөлімінің жауапты бас маманы Бағланова Гүлназ қатысты.
Семинардың мақсаты: Ұлттық білім беру деректер қорымен сауатты түрде жұмыс атқарудың маңыздылығын анықтау және толтыру ерекшеліктерін талдау.
«Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының әдіскері Ахметова Әсел Ұлттық білім беру деректер қорының әрбір бөліміндегі мәліметтер нысандарын енгізу, жаңарту және толықтыру ерекшеліктерін талдау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.