Судағы қауіпсіздік

   Білім беру ұйымдарындағы оқушылардың денсаулығын, жазғы мезгілдегі қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында 2021 жылдың 20 мамыр күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығында «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында онлайн сабақ өткізілді.
   Онлайн сабақ барысында Қызылорда облыстық «Өрт сөндіру авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Ж. Жексембиев және «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің Қызылорда облысы бойынша филиалының дәрігері Н. Сауытбаев балаларға жазғы демалыс кезіңдегі қауіпсіздік шаралары туралы сөз қозғап, сақ жүру керектігін айтты. Оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.