25 мамыр “Соңғы қоңырау” мерекесі құтты болсын!

Құрметті оқушылар, ұстаздар,
ата-аналар!

Сіздерді кезекті оқу жылының аяқталуымен, «Соңғы қоңырау» салтанатымен құттықтаймыз!
Тaлaй қырaнды қaнaттaндырып, тaлaй ұлaнды ұясынaн ұшырғaн білім беру ұйымдарында соңғы қоңырау салтанаты ерекше өтуде. Бүгін тебіреністі күн. 11 сыныпты бітірушілер өмірге жолдама алып жатса, мектеп табалдырығын өткен жылы алғаш аттаған бүлдіршіндер бір сатыға көтеріліп, ата-ананың, ұстаздар қауымының көз қуанышына айналды.
Құрметті жас түлек! Жаңа мүмкіндіктер мен жаңа өмір белестерінен сүрінбей өтулеріңе, алға қойған мақсаттарыңа жетуге тілектеспіз.
Ұстаздар қауымына ұрпақ тәрбиесіндегі еңбектеріңіз арта берсін, әр бастамаларыңыз сәттілікке толы болсын дейміз!

Құрметпен: Қызылорда облыстық “Дарын” қосымша
білім беру орталығының ұжымы