«Адал және сатылмайтын еңбек үлгісі» тақырыбында үздік сурет байқауы

2018 жылғы 19 қазан күні Қызылорда облысының білім басқармасының “Дарын” облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының 5-8 сынып оқушылары арасында «Адал және сатылмайтын еңбек үлгісі» тақырыбында үздік сурет байқауы өтеді.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері
• Рухани–адамгершілік және азаматтық–патриоттық тәрбиелеу;
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
• Өскелең ұрпақтың арасында «жалпыға бірдей еңбек», «адалдық» және «сатылмаушылық» идеялары түсінігін тарату.

Байқауға бейнелеу өнерінде ерекше шеберлігімен танылған аудандық және қалалық кезең жеңімпаздары (3 оқушы) қатыса алады.
Байқауға қатысу туралы сұранысты «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығына 2018 жылғы 15 қазанға дейін тапсырады. Сұраныста оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, ауданы, жетекшінің толық аты-жөні, байланыс телефоны және жұмыстың бағыты мен тақырыбы толық көрсетілуі қажет.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қызылорда қ., Әйтеке би, №2. Тел: 8(7242) 26-30-71, е-mail: syrdaryny@mail.ru

Байқау 2 кезеңде өткізіледі:
1-кезең (қалалық, аудандық) – 12 қазанға дейін;
2-кезең (облыстық) – а.ж. 19 қазанда №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты базасында өткізіледі.
Әрбір қатысушы өзіне керекті құрал-жабдықтарын (қылқалам, бояулар, мольберт, т.б.) алып келуі қажет. Берілетін уақыт – 120 минут.
Қорытынды кезеңінің жеңімпаздары облыстық білім басқармасы басшысының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Жеңімпаздар мәліметі ұйымдастырушылардың жүргізіп отырған әлеуметтік желілердегі парақшаларында (vkontakte: Сыр Дарыны, instagram: syrdaryny, facebook: Сыр Дарыны) жарияланатын болады.