Еліміздегі барлық өңірлерінде мамандандырылған мектептерге қабылдауға конкурстық іріктеу кезеңі өтуде

  Еліміздегі барлық өңірлерінде мамандандырылған мектептерге қабылдауға конкурстық іріктеу кезеңі өтуде.
  8 маусым күні Арал ауданы, 10 маусым күні Қызылорда қаласында оқушылар білім бәйгесіне түсіп, емтиханда бақтарын сынайды.
Арал ауданы бойынша 40 оқушы қатысты.
  Конкурстық іріктеуде адалдықты қамтамасыз ету үшін «Адалдық алаңы» кеңесінің төрағасы, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық жастар ресурстық орталығы, Толқын газеті өкілдері, қамқоршылық кеңес мүшелері және ата-аналар емтихандарға шақырылды. Тікелей көрсетілімді https://youtu.be/JCl6WCCnAus көруге болады.
  Конкурстың қорытынды нәтижелері https://qabyldau.daryn.kz/ сайтының басты бетінде немесе аталған сайттағы оқушының жеке сауалнамасында, сондай-ақ мамандандырылған білім беру ұйымының сайтында орналастырылады.