Жалпы білім беру ұйымдарының 5-7 сынып оқушылары арасында «Қайырымдылық жолымен» атты Жас ұландармен қайырымдылық жөнінде шақыру тастау (челлендж) ШАРТТАРЫ

   Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 20 мамырдағы №3-15-6/1895-И санды хатында көрсетілген, демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру Тұжырымдамасына сәйкес, жалпы білім беру ұйымдарының 5-7 сынып оқушылары арасында  «Қайырымдылық жолымен» атты Жас ұландықтардың үлкендерге, табиғатқа қамқорлығы жөнінде шақыру тастау (челлендж) (бұдан әрі  – Челлендж).  

   Челленджді ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

   Челлендждің мақсаты мен міндеттері:

  • Білім алушылардың Сыйластық, құрмет, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыс жасауға белсендіру;
  • Әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту, өскелең ұрпақтың бойына бейбітшілік пен ынтымақтастықтың іргетасын қалау, үлкендерге сыйластық, құрмет көрсету үшін дұрыс әрекет  жасауға  тәрбиелеу.

Челленджді  рәсімдеу талаптары мен шарттары:

  1. @syrdaryny инстаграм парақшасына тіркелуі қажет
  2. Өз парақшасына салынған видеоға @syrdaryny инстаграм парақшасын белгілеп, #жақсылықжасапжарысайық, #сырдарыны хештегтерін жазу
  3. Осы посттың астына 3 досын белгілеп эстафетаны жолдайды
  4. Қатысушылар челлендж арқылы өздері кімнен қабылдағанын айтып, басқа достарына эстафетаны жолдайды.
  5. Қатысушы парақшасы ашық болуы шарт
  6. Челленджге жалпы білім беру ұйымдарының 5-7 сынып оқушылары қатыса алады.
  7. Челлендж ұзақтығы 1-3 минут аралығы.
  8. Барлық қатысушыларға «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының «Алғыс хатымен» марапатталады.

Челленджді жолдау уақыты: а.ж. 7 шілде – 13 шілде аралығы

 

Translate/Перевести/Аудару