«Елімнің еркіндігі- Тәуелсіздік» тақырыбындағы қашықтан облыстық эссе байқауының ЕРЕЖЕСІ

«Дарын» облыстық қосымша
білім беру орталығының
14.07.2021 жылғы
№03-9/394 хатына
қосымша №1 

«Елімнің еркіндігі- Тәуелсіздік» тақырыбындағы қашықтан
облыстық эссе байқауының
ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер

  1. Қызылорда облысының білім басқармасының «Демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру Тұжырымдамасы» жоспарының орындалуы туралы  28.05.2021 жылғы №115-нқ/1 бұйрығына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 11-15 жас оқушылары арасында «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» тақырыбында қашықтан облыстық эссе байқауы (бұдан әрі – Байқау) өткізіледі.
  2. Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

Байқау талаптары

  1. Қатысушы Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған эссе жазуы шарт.
  2. Байқауға жалпы білім беру ұйымдарының 11-15 жас аралығындағы оқушылары қатыса алады.
  3. Эссе ережесіне сәйкес:

– 5 сыныптар үшін- 70-80;

– 6 сыныптар үшін- 80-90;

– 7 сыныптар үшін- 90-100;

– 8 сыныптар үшін- 100-150;

– 9 сыныптар үшін- 150-200 сөзді қамту керек..

  1. Жұмыстар оқушының таңдауымен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, MS Word форматында орындалады:

– Қаріп түрі Times New Roman;

– Қаріп өлшемі – 14, интервал 1 болуы тиіс.

  1. Эссені рәсімдеуде төмендегіше реттілікке сүйенеді:

– автордың аты-жөні (толық);

– облыс, аудан (қала) немесе ауыл;

– білім беру ұйымының атауы, сыныбы;

– авторға бағыт беруші жетекшінің аты-жөні (толық);

  1. Байқауға қатысу өтінімі мен жұмыстарды а.ж. 5 тамызына дейін  elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау

Жеңімпаз оқушылар «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен және Алғыс хаттарымен марапатталады.

Translate/Перевести/Аудару