«Театрдың ғажайып әлемі»театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі

«Театрдың ғажайып әлемі»театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық өткізу
ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер
  2. «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезенің (бұдан әрі – Фестиваль-байқау) өткізу қағидалары оның мақсатын, міндеттерін, оны ұйымдастыру, өткізу және қорытынды шығару форматы мен тәртібін айқындайды.
  3. Фестиваль-байқаудың мақсаты: өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеудің, тұлғаның үйлесімді дамуының факторы ретінде балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдау және дамыту, өзін-өзі көрсетуге, әлемді эстетикалық және бейнелі түсінуге бірегей қабілеттерді қалыптастыру және дамыту.
  4. Фестиваль-байқаудың міндеттері:

балалар шығармашылық бірлестіктерінде білім беру қызметінің сапасын арттыру;

өзін-өзі көрсетудің, әлемді эстетикалық және бейнелі түсінудің бірегей қабілеттерін қалыптастыру және дамыту;

сахна мәдениеті мен шеберлігінің жоғары деңгейіне жеткен балалар мен жастар театр ұжымдарын, дарынды орындаушылар мен кәсіби педагогтарды, балалар мен жастар театр ұжымдарын ұйымдастырушыларды анықтау;

балалар мен жастардың жаңа театр ұжымдарын құруды ынталандыру;

балалар мен жастардың бос уақытын сапалы ұйымдастыруға жәрдемдесу;

балалар мен жастар театр ұжымдары арасындағы шығармашылық қарым-қатынас, тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау.

  1. Облыстық Фестиваль-байқауды өткізу уақыты мен орны
  2. Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларының қолы қойылған байқауға қатысу туралы өтінім, kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
  3. Байқауға қатысушылар
  4. Қатысушылардың жасы 11-17 жас аралығындағы білім алушылары қатысады.
  5. Фестиваль-байқауды өткізудің шарттары мен тәртібі
  6. Байқаудың іріктеу кезеңдері:

1) бірінші кезең – аудандық (қалалық), облыстық;

2) екінші кезең  –Республикалық фестиваль-байқау.

  1. Карантин кезінде Фестиваль-Байқау санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекциялау, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермей немесе қашықтықтан жүргізіледі.
  2. Фестиваль-байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «драмалық спектакль»;

2) «музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзкл, балет, данс-спектакль және т. б.).

3) «әдеби-музыкалық композиция»;

4) «қуыршақ қойылымы».

Ұжым спектакльдің немесе әдеби шығарманы сахналаудың мағынасы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде аяқталған байқауға жұмыстарды ұсынады (ұзақтығы 15-20 минуттан аспайды). Фестиваль-байқауға театр ұжымы электрондық поштаға жібереді kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына жібереді. http://www.youtube.com.  арнасында орналастырылған бейнематериалға сілтеме сапалы жұмысын бір роликпен жіберіледі. Әр түрлі қойылымдардың “кесінділері” қарастырылмайды. Спектакльді ұсыну кезінде кейіпкерлерді дыбыстау үшін мәтіннің бұрын жазылған, ескі фонограммаларын пайдалануға жол берілмейді.

  1. Фестиваль-байқауды кәсіби қазылар алқасы 10 балдық жүйе бойынша бағалайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді.

Театр қойылымдарын бағалау критерийлері:

  • режиссерлік шешімнің бірегейлігі;
  • қойылымның ұжымның жасына және шығармашылық мүмкіндіктеріне сәйкестігі;
  • спектакльді, қойылымды көркем безендіру;
  • спектакльдің, қойылымның музыкалық безендірілуі;
  • орындаушылардың актерлік шеберлігі;
  • орындаушылық шеберлік (дикция, интонациялау тазалығы, әртістік);
  • құрылған сахналық бейненің сенімділігі.
  1. Қатысушыларды марапаттау
  2. Фестиваль-байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ «Образды бейнелеудегі үздік актер», «Үздік әйел рөлі», «Үздік ер адам рөлі», «Екінші жоспардағы үздік рөлі”, «Көркем сөз», «Үздік орындаушылық шеберлік» номинациялары бойынша марапатталады.

Ережеге Қосымша

Республикалық театр өнерінің фестиваль-байқауына қатысуға өтінім

«Театрдың ғажайып әлемі»

1

Білім беру ұйымы

 

2

Ұжым атауы

 

3

Басшының аты-жөні

 

4

Басшының байланыс телефоны

 

5

Қатысушылар саны

 

6

Спектакль атауы

 

7

Жанр бағыты: драмалық, музыкалық, қуыршақ, балет, пантомима; көркем сөз (керегін сызу)

 

8

Шығарма авторы

 

9

Спектакльдің ұзақтығы

 

Театр ұжымдарының тізімі

Қала, аудан

Қатысушының Т.А. Ә.

Туған  күні, ацы, жылы

Оқу  орны, сыныбы

Номинация атауы

Байланыс  телефондары

 

Жетекші аты-жөні