«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам»инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңі

«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам»инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізу ережелері

  1. Жалпы ережелер
  2. «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізу ережелері (бұдан әрі – Байқау) оның мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру форматын, оны өткізу және қорытынды шығару тәртібін анықтайды.
  3. Байқаудың мақсаты: білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі облысындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.
  4. Байқаудың міндеттері:

1) білім алушылардың шығармашылығын, танымдылығын, интеллектуалды бастамаларын белсендіру;

2) білім алушылардың ғылыми-зерттеу істеріне қызығушылығын дамыту;

3) техникалық шығармашылық және өнертапқыштық облысында оқитын дарынды оқушылардың таланттыларын анықтау;

4) инновациялық өнертабыстар мен ғылыми-зерттеу облысында, шығармашылық жұмыстарды командамен орындаудың жаңа тәсілдері құзыреттілігін қалыптастыру;

5) іс-шаралар арқылы қосымша білім алуға балалардың санын көбейтуге көмектесу.

  1. Облыстық Фестиваль-байқауды өткізу уақыты мен орны
  2. Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларының қолы қойылған байқауға қатысу туралы өтінім, kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
  3. Байқауға қатысушылар
  4. Қатысушылардың жасы 13-17 жас аралығындағы білім алушылары қатысады.
  5. Фестиваль-байқауды өткізудің шарттары мен тәртібі
  6. Байқаудың іріктеу кезеңдері:

1) бірінші кезең – аудандық (қалалық), облыстық;

2) екінші кезең  –Республикалық фестиваль-байқау.

  1. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру (автобустар, жеңіл көлік, жүк көлігі, арнайы техника, тәжірибелік модельдер және жол таңдамайтын көліктер);

2) өндіріс саласындағы техникалық құрастыру (станок жабдықтары, техникалық ойыншықтарды қоса алғанда әр түрлі техникалық нысандар моделдері, оның ішінде дәстүрлі емес материалдардан (қағаз-пластиктен және т.б.) жасалған тәжірибелік модельдер);

3) ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру (трактор модельдері, комбайн, тұқым сепкіш, жүк тиегіш, жүк іріктегіш, шөмеле үйетін машина, ауыл шаруашылық кешендері, тәжірибелік модельдер және т.б.);

4) әскери техника саласындағы техникалық құрастыру (танк модельдері, зеңбірек, бронетранспортерлер, әуеқорғаныс құрылғылары, тәжірибелік модельдер тапаншадан, қарудан, автоматтан және т.б. басқа);

5) су көлік саласындағы техникалық құрастыру (ауа жастықшалы кеме моделі, кеме, яхта, гидроплан, катер, қайық, тәжірибелік модельдер және т.б.);

6) құрылыс облысындағы жобалар (тұрғын үй макеттері, әкімшілік ғимараттар, коттедждер, кешендер, спорттық ғимараттар, вокзалдар, порттар, аэродромдар, сауда орталықтары және т.б.);

7) жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар (ядролық энергетика және жылу физикасы; альтернативті және көміртекті емес энергетика; энергия үнемдеуші технологиялар; отын өндіру және өңдеу; радиоактивті қалдықтарды сақтау және қайта өңдеу технологиясы және т.б.);

8) авиация саласындағы жобалар: авиациялық техника әзірлеу саласындағы жобалар және модельдер (ұшақтар, тікұшақтар, пилотсыз ұшатын аппараттар, экранопландар, гидроұшақтар, амфибиялар және т.б.);

9) космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы жобалар: космос техникасын әзірлеу саласындағы  жобалар және модельдер (зымыранды жүйелер, космос станциялары, спутниктер, аппараттар және т.б.), зымыран құрастыру (космос кемелері, зымырандар және ілеспелі техника).

Материалдарды орналастыру үшін интернет-платформаға сілтеме жасау және сөз сөйлеу кестесі туралы жобаларды қорғау өткізілгенге дейін 3 күн бұрын қосымша хабарланады.

  1. Бейне презентацияны қорғау уақытының ұзақтығы демонстрациялық материалдарды қолдана отырып 5-7 минут. Барлық номинациялар бойынша әр қатысушы үшін өнертапқыштық және зерттеу жұмыстарының макеттерінің, модельдерінің орындалуы және болуы міндетті шарт болып табылады. Бір қатысушы бір жобаны ұсынады.

Карантин кезінде Байқау санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтау, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу арқылы немесе қашықтан өткізіледі.

  1. Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды. Байқаудың ұйымдастырушылары авторды көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.
  2. Легороботтарды пайдалануға тыйым салынады. Радиомен басқарылатын жүйелерді қолдануға рұқсат етіледі: ардуино, дистанциялық пульттер, модельдерді мүмкіндігінше механикаландыру, электрлендіру (42 ВТ жоғары ток кернеуі тыйым салынады).
  3. Жобаны қорғағаннан кейін қазылар алқасының әрбір мүшесі бағалау парағын толтырады, байқау жұмыстарын бағалау өлшемдеріне сәйкес әрбір параметр бойынша балл қояды.

Бағалау өлшемдері:

зерттеу мәселесінің өзектілігі;

жүргізілген зерттеулердің көлемі, зерттеу әдістерінің тиімділігі;

зерттеудің жаңашылдығы;

зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы;

ораторлық шеберлі;

демонстрациялық материалдардың сапасы;

жұмыстың ресімделуі.

  1. Байқау қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
  2. Кәсіби әділ қазылар алқасы байқау жұмыстарын 10 балдық жүйе бойынша Байқаудың бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалайды. Әділ қазылар алқасының шешімі нақты және хаттамамен ресімделеді.
  3. Байқаудың қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталады.

 

1-қосымша

«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауына қатысуға өтінім

Номинация

Жұмыстың аталуы

Қатысушының

Т.А.Ә.

Туған жылы, айы, күні

Қатысушының тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасы, байланыс телефоны

Білім беру ұйымы, сыныбы

Жоба жетекшісінің Т.А.Ә., электронды поштасы, байланыс телефоны

автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру

 

 

 

 

 

 

өндіріс саласындағы техникалық құрастыру

 

 

 

 

 

 

ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру

 

 

 

 

 

 

әскери техника саласындағы техникалық құрастыру

 

 

 

 

 

 

су көлік саласындағы техникалық құрастыру

 

 

 

 

 

 

құрылыс облысындағы жобалар

 

 

 

 

 

 

жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар

 

 

 

 

 

 

авиация саласындағы жобалар

 

 

 

 

 

 

космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы жобалар

 

 

 

 

 

 

Translate/Перевести/Аудару