Жалпы білім беру ұйымдарының 8-9 сынып оқушылары арасында тілдер мерекесі аясында ZOOM платформасында «Тіл мерейі, ел мерейі» тақырыбында облыстық мәнерлеп оқу байқауының ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер

   Қызылорда облысы білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2021-2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 8-9 сынып оқушылары арасында тілдер мерекесі аясында «Тіл мерейі, ел мерейі» тақырыбында ZOOM платформасында облыстық мәнерлеп оқу байқауын (бұдан әрі  – Байқау) өткізу.
   Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
    Ұлт пен ұлтты татуластыратын ерекше байланыс құралы тілдің қадыр- қасиетін, маңыздылығын кейінгі ұрпаққа ұғындыру;
    Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыс жасауға белсендіру;
    Әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту, мемлекеттік асыл мұраларымызды құрметтеп, дұрыс әрекет  жасауға  тәрбиелеу;
       Оқушылардың бос уақытын маңызды өткізу түрлері мен әдістерін жетілдіру, шығармашыл жастардың білімін көтеру, белсенділігін арттыру.
  2. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
    Байқау а.ж. 3 қыркүйек күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында өткізіледі.
       Байқауға қатысу туралы сұранысты 2021 жылдың 2 қыркүйегіне дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет. Сұраныста оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, ауданы, жетекшінің толық аты-жөні, байланыс телефоны. Оқылатын өлеңнің тақырыбы толық көрсетілуі қажет.
  3. Бағалау критерийлері
    – Шығарманың сөздерін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізу
    – Дауысы мен дене іс-қимылдарының үйлесімдігі, сахнада өзін ұстау мәнері
  4. Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау

   Қорытынды кезеңінің жеңімпаздары облыстық білім басқармасы басшысының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады
   Жеңімпаздар мәліметі орталықтың ресми сайтымен syr-daryny.kz  әлеуметтік желілерінде (инстаграмм:  фейсбук: «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы) жарияланатын болады.