Тұлпар мініп, ту алған байқауы

? Жас өскелең ұрпаққа қазақ халқының тарихи-әдеби мұрасын дәріптеп,  өз тарихын білуге, бабалар аманатын құрметтеуге үйрететін «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы Қызылорда облысында да бастау алды.  

Байқауға барлық білім беру ұйымдарының 6-10 сынып оқушылары қатыса алады. Бүгінде сұраныс негізінде 700 оқушы мен 650 жетекші мұғалімінің  мәліметі жинақталды.  

Байқауға қатысушы «Едіге батыр» жырын жатқа айтады. Қосымша жырдағы көнерген сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп, баяндалған тарихи оқиғаға қатысты сұрақтарға жауап береді.

Байқау 2021 жылдың 25 қыркүйек-25 қараша аралығында өтеді.

Жеңімпаз оқушылар ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Аудандық (қалалық) кезеңде – оқушылар

?1-орын – 150 мың теңге;

?2-орын – 100 мың теңге;

?3-орын – 50 мың теңге.

Аудандық (қалалық) жеңімпаз оқушылардың мұғалімдеріне алғыс хат.

Облыстық кезеңде – оқушылар

? 1-ші орын – 750 000 теңге (біреу);

? 2-ші орын – 350 000 теңге (біреу);

? 3-ші орын – 200 000 теңге (біреу).

Облыстық  деңгейдегі жеңімпаз оқушылардың мұғалімдеріне арналған ақшалай сыйлықтар:

? 1-ші орын – 1 500 000 теңге (біреу);

? 2-ші орын – 700 000 теңге (біреу);

? 3-ші орын – 400 000 теңге (біреу).

 

Байқауға қатысушы оқушылар мен баптайтын жетекшілерге сәттілік тілейміз! Жырды жаттайтын, дарынды оқушыларымыз көп болсын.