2016-2017 оқу жылындағы атқарылған жұмыстардың есебі

Ақпараттандыру жұмыстары

Облыс бойынша жалпы орта білім беретін 293 мектептің бүгінгі күні 207-і (70,6%) электрондық оқытуды техникалық қамтамасыз ету үшін кең жолақты интернет желісіне қосылған. Бүгінгі күні облыстың білім беру  ұйымдарында 14008 компьютер қолданыста бар. Бұл дегеніміз 1 компьютерге 10 оқушыдан келіп отырғандығын көрсетеді.
Облыс бойынша 2012 жылдан 108 мектеп республикалық бюджет есебінен «E-learning» электрондық оқыту жүйесіне қосылуға тиіс болатын. Бұл мектептердің 52- і  ғана арнайы құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілсе, 56 мектепке тек интернет желісі жүргізілген.
Бүгінгі күні электрондық білім беру жүйесінің келесі құрамдас бөлігі цифрлық білім беру контенті «Bilim Media Group» компаниясының ресурстары және ҚР БжҒМ-ің онлайн режиміндегі бейне сабақтарымен жасақталуда.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы №536 бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасы республиканың 4000 орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде Қызылорда облысы бойынша 125 білім беру ұйымдарында енгізілді. Қазіргі таңда 11982 қызметкер, 95184 оқушы және 61785 ата-ана аталмыш жобаға тіркеліп, жұмыс жасауда.
Мультимедиалық кабинеттермен жабдықтаумен қоса, облыс бойынша пән кабинеттерімен (физика, химия, биология) жабдықтау жүргізілді. Барлығы – 267 кабинет. Оның ішінде: 55-физика, 100-химия, 112-биология кабинеті, оған қоса мектептерді интерактивті тақталармен жабдықтау да қолға алынды. Қазіргі таңда барлық мектептер жаңа үлгідегі технологиялармен жабдықталуда.

Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстары

Халықаралық ғылыми жоба жарыстары мен олимпиадаларға 36 оқушы қатысып, 16 оқушы жүлделі орындарға (ІІ орын- 8; ІІІ орын-8) ие болды.
2016-2017 оқу жылында Халықаралық ғылыми жоба жарыстары мен олимпиадалардың жүлдегерлері атанған 5 оқушы ҰБТ- ден босатылу мүмкіндігіне ие болды. 
17 маусым күні Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев Президенттік, республикалық пәндік олимпиада, ғылыми жоба конкурстарының жүлдегерлері мен Халықаралық, республикалық олимпиадалар жүлдегерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге 55 оқушы қатыстырылып, облыс әкімінің алғыс хаты  мен ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне жолдама алып, алғаш рет «Сыр Дарыны» медалімен марапатталды.
14-25 тамыз аралығында ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне жолдама алған оқушылар Астана қаласына барып келді.  

Халықаралық олимпиадалар

12-18 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектебінде өткен мамандандырылған мектеп оқушыларына арналған математика, физика және информатика пәндері бойынша халықаралық О. Жәутіков олимпиадасына облыстан 2 оқушы қатысып, 1 оқушы ІІІ орын иегері атанды. (ІІІ орын иегеріАнарбай Қуаныш (№9КТЛ), Сейтқали Ұлан (№9КТЛ)).  
13-15 наурыз аралығында Алматы қаласында өткен Қашықтықтан Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасы, Математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасына 3 оқушы қатысып, қатысушы сертификатын алды.
15-22 шілде аралығында Якутияда (Саха Республикасы) өтетін математика, информатика, физика және химия пәндері бойынша Халықаралық «Туймаада» олимпиадасына 3 оқушы қатысып, Сейтқали Ұлан «арнайы грамота» иегері атанды. 

Халықаралық ғылыми жоба конкурстары

1-12 ақпан аралығында Дэджон қаласында (Оңтүстік Корея) өткен «Жас ғалым» Халықаралық ғылыми конкурсына 4 оқушы қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді (Әбдінағи Жансая Сәкенқызы, Дәуленов Дінмұхамед Оразұлы, Құланбай Шолпан Бахытқызы, Ақпан Дінмұхаммед Жұлдызбайұлы – Мұрагер мектебі).
2-4 наурыз аралығында Алматы қаласында өткен Ө. Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механикадан зерттеу жұмыстары Халықаралық конкурсына 10 оқушы қатысып, 1 оқушы ІІ дәрежелі диплом иегері атанды (Мухамметалиева Аида – Шиелі, №47мектеп).
5-9 сәуір аралығында Байқоңыр қаласында өткен ғарыштық зерттеулер бойынша «Ғылым әлемін ашамыз» атты Халықаралық ғылыми жарыстарға облыстан 11 оқушы қатысып, 8 оқушы жүлделі орындарға (ІІ орын – 4, ІІІ орын – 4), 1 оқушы грамотаға ие болды.
13-16 сәуір аралығында Алматы қаласында өткен «INFOMATRIX» компьютерлік жобалар бойынша халықаралық жарыстарына 6 оқушы қатысып, 2 оқушы (Сауранбай Ақылжан, Қалдыбек Әділетәлі – №9БИЛ) жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Жалпы білім беретін республикалық пәндік олимпиадалар

5-6 қаңтар аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңі өткізілді. Облыстық кезеңге барлығы  274 оқушы қатысып, 135 оқушы жүлделі орындарға (І орын- 17, ІІ орын- 45, ІІІ орын-73) ие болды.
13-18 наурыз аралығында Павлодар қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағытына облыстан 31 оқушы қатысып, 12 оқушы жүлделі орындарға (ІІ орын- 2, ІІІ орын- 10), 2 оқушы мақтау қағазына  ие болды.
25-28 наурыз аралығында Ақтау қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қоғамдық- гуманитарлық бағытына облыстан 27 оқушы қатысып, 11 оқушы жүлделі орындарға (І орын-2, ІІ орын-4, ІІІ орын-5), 3 оқушы мақтау қағазына ие болды.

Жалпы білім беретін республикалық ғылыми жобалар

2016- 2017 оқу жылында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми- жоба конкурсына қыркүйек айының 15 жұлдызына дейін 878 жобамен 910 оқушы тіркелді.
ІІ кезең (облыстық) 2 турдан тұрады, ІІ- кезеңнің І туры жобаны қорғауға 203 жобамен 219 оқушы қатысып, ІІ- кезеңнің ІІ туры оқыту тіліне қарай бейіндік пәнді тереңдетіп оқыту бағдарламасы бойынша тестілеуге 94 жоба мен 105 оқушы жіберілді.
14-17 ақпан аралығында Алматы облысы, «Алатау» шипажайы базасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңіне облысымыздан 20 оқушы қатысып, 10 оқушы жүлделі орындарға (І орын- 2, ІІ орын-3, ІІІ орын- 4, грамота- 1).  ие болды.    

Республикалық президенттік олимпиада

20 қазан күні №278 мектеп базасында Президенттік олимпиаданың І аймақтық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға 44 оқушы қатысып, ІІ қашықтық кезеңіне 19 оқушы жолдама алып, 3 оқушы республикалық іріктеу кезеңіне жіберілді.
23-26 қараша аралығында Теміртау қаласындағы Қарағанды Мемлекеттік индустриалды университетінің базасында өткен Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңіне 3 оқушы қатысып, 2 оқушы жүлделі орындарға (ІІІ орын- Жұматай Әсет(9КТЛ), ІІІ орын- Әбдірәсіл Айзат(10КТЛ)) ие болды.

Бастауыш және негізгі сынып оқушылары арасында конкурстар

9 желтоқсан күні №264 мектеп-лицей базасында оқушылардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының ХІІ республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Облыстық кезеңге 80 жоба мен 85 оқушы қатысып, 49 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
15-17 наурыз аралығында Ақмола облысы, Щучинск қаласында өткен ХІІ республикалық “Зерде” конкурсының қорытынды кезеңіне 18 оқушы қатысып, 14 оқушы жүлделі орындарға (І орын-5, ІІ орын- 5, ІІІ орын-4) , 4 оқушы алғыс хатқа ие болды.
17 мамыр күні Қызылорда қаласы, №211 орта мектеп базасында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» республикалық математикалық турнирінің облыстық кезеңі өткізілді. Турнирге қазақ (24) және орыс топтарынан (15) жалпы 39 оқушы қатысып, 24 оқушы жүлделі орындарға ие болды (І орын- 6, ІІ орын- 6, ІІІ орын- 12).
19-23 маусым аралығында Алматы қаласындағы Республикалық  физика-математика мектебі базасында төменгі сынып оқушыларының Республикалық «Бастау» математикалық турнирінің қорытынды кезеңіне облыстан 6 оқушы қатысып, 3 оқушы ІІІ орын иегері атанды.

Республикалық түрлі байқаулар мен конкурстар

1-3 қараша аралығында Қарағанды қаласында математикадан тұңғыш қазақ профессоры Əлімхан Ермеков атындағы І республикалық олимпиадаға №9 және №10 дарынды балаларға арналған қазақ- түрік лицей-интернатының математикадан озық шығып жүрген нағыз майталмандары аттанған болатын. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Сейілханов Нұрдәулет жүлделі ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды.

29 қараша күні Қызылорда қаласы, №211орта мектеп базасында 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңі болып өтті. Олимпиаданың облыстық кезеңіне 20 оқушы қатысып, 6 оқушы жүлделі орындарға (І орын-1, ІІ орын-2, ІІІ орын-3) ие болды.

25 қыркүйек пен 2 қазан аралығында- Алматы қаласындағы «Бөбек» Обсерваториясында 7-11 сынып оқушылар арасында өткен Республикалық астрономиялық турнирге 4 оқушы қатысып, қатысушы сертификаттарына ие болды (Болатұлы Бағдаулет, Жанияз Рауан, Шәкір Рүстембек, Төлеубай Аружан) .

24 наурыз күні Қызылорда қаласы, №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім- инновация» лицей-интернаты базасында “Қазақстан балалары шексіз әлемде!” атты шығармашылық республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өткізілді. Фестивальге 13 оқушы қатысып, 6 оқушы жүлделі орындарға (ІІ орын- 2; ІІІ орын- 4) ие болды.

16 наурыз күні №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім- инновация» лицей-интернаты базасында “Жарқын болашақ” республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Облыстық кезеңге 52 оқушы қатысып, 26 оқушы жүлделі орындарға (І орын-5,ІІ орын-7,ІІІ орын-14) ие болды.  20-22 сәуір аралығында Алматы облысы, Қаскелең қаласындағы «Сулейман Демирель атындағы университет» базасында өткізілген «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қорытынды кезеңіне 5 оқушы қатысып, Қазалы ауданы №249 мектебінің 11 сынып оқушысы Бержан Гюзаль ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды.

 6 қазанында Облыстық «Дарын» ғылыми- практикалық орталығының базасында “Ұшталған қалам “ тақырыбында эсседен республикалық қашықтық конкурсының облыстық кезеңі болып өтті. Конкурсқа 18 жазба жұмысы қатыстырылып, 9 жұмыс жүлделі орындарға (І орын-1, ІІ орын- 3, ІІІ орын- 5) ие болды. Қорытынды кезеңге 4 жұмыс ұсынылды.

7 қазан күні Қызылорда қаласы, №136 мектеп-лицей базасында «Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасовтың кубогына оқушылар арасында ХІ республикалық шахмат турнирі» өткізілді. Облыстық кезеңге 27 оқушы қатысып, 13 оқушы жүлделі орындарға (І орын-5, ІІ орын-5, ІІІ орын-3) ие болды. 29 қазан жəне 5 қараша аралығында Шымкент қаласында өткен Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогына оқушылар арасында ХІ республикалық шахмат турнирінің қорытынды кезеңіне 6 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлделі орындарға (І орын- 1, ІІ орын- 1, ІІІ орын- 2) ие болды. Жалпы командалық есепте Қызылорда облысының командасы ІІ орынды иеленді.

14 сәуір күні Қызылорда қаласы, №10 облыстық дарынды балаларға арналған «Білім инновация» лицей-интернаты базасында 8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Облыстық кезеңге 44 оқушы қатысып, 20 оқушы жүлделі орындарға (І орын- 6, ІІ орын- 6, ІІІ орын- 8) ие болды. 25-27 сәуір аралығында Семей қаласында өткен 8-11 сынып оқушылары арасындағы «Ақберен» республикалық байқауының қорытынды кезеңіне 6 оқушы қатысып, Қазалы ауданы №98 мектебінің 10 сынып оқушысы Шархан Мұхаммед-Қанапия ІІІ дәрежелі дипломмен, Шиелі ауданы №47 мектебінің 10 сынып оқушысы Назаров Сүйіндік  «Тіл білгірі» номинациясымен марапатталды.

5 сәуір күні Қызылорда қаласы, №9 мектеп-гимназия базасында жоғары сынып оқушылары арасында экономикадан республикалық турнирдің облыстық кезеңі өткізілді. Облыстық кезеңге 38 оқушы қатысып, 14 оқушы жүлделі орындарға (І орын- 2, ІІ орын- 4, ІІІ орын- 8) ие болды. 28-30 сәуір аралығында Астана қаласында өткен жоғары сынып оқушылары арасында экономикадан республикалық турнирдің қорытынды кезеңіне 4 оқушы қатысып, 3 оқушы «Лучший менеджмент» номинациясына (Аппаз Алмас, Әбдінәби Ақмарал титаннан-1 орын, Абдуллаев Оралбек-2 орын) ие болды.

6 сәуір күні Қызылорда қаласы, №10 облыстық дарынды балаларға арналған «Білім- инновация» лицей- интернаты базасында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Облыстық кезеңге 34 оқушы қатысып, 14 оқушы жүлделі орындарға (І орын- 2, ІІ орын- 5, ІІІ орын- 7) ие болды. 27-30 сәуір аралығында Өскемен қаласында өткен Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 6 оқушы қатысып, 2 оқушы номинация мен 1 оқушы грамотамен (Пазылбекқызы Еркінай (Сырдария,№210,11) «Тіл шебері» номинациясы, Қартқожақова Ақкенже (Қармақшы,№28,9) «Үздік эссе» номинациясы, Жұмабекова Ақерке (Қармақшы, №99, 10) грамота) марапатталды.

19 сәуір күні  Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы базасында 5-11 сынып оқушылары арасындағы Республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларының облыстық кезеңі өткізілді. Облыстық кезеңге 10 оқушы қатысып, 5 оқушы жүлделі орындарға (І орын-1, ІІ орын- 1, ІІІ орын- 3) ие болды. 25-27 сәуір аралығында Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров кентінде өткен 5-11 сынып оқушылары арасындағы Республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларының қорытынды кезеңінде Қармақшы ауданы, №109 мектебінің 10 сынып оқушысы Нұғманова Үкілімай Ақсу ауданы әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталды.

 15 сәуір күні №264 мектеп-лицей базасында жалпы орта білім беретін мектептердің 1-2 сынып оқушылары, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері және инклюзивті білім беретін арнайы мектеп-интернат тәрбиеленушілері (№6,7 облыстық арнайы интернат) арасында “Білімге апарар жол!” интеллектуалды марафонының облыстық кезеңі өткізілді. Облыстық кезеңге жалпы 10 команда (101 оқушы) қатысты.

16-23 сәуір аралығында Алматы қаласындағы «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК-ның Обсерваториясы базасында өткен Т.Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан оқушылардың ғылыми жарысына 4 оқушы қатысып, 2 оқушы жүлделі ІІ орын (Өмірбек Айдархан (№4 ОДМИ,9); Байқожа Нұрай(№4ОДМИ,10)) иегері атанды.

20 сәуір күні №264 мектеп-лицей базасында 11 сынып оқушылары арасындағы «Сардар» ІV республикалық кешенді олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Облыстық кезеңге 22 оқушы қатысып, 11 оқушы жүлделі орындарға (І орын- 3, ІІ орын- 3, ІІІ орын- 5)  ие болды. 11-13 мамыр аралығында Қарағанды қаласындағы Т.Я.Бегельдинов атындағы республикалық «Жас ұлан» мектебінде өтетін 11 сынып оқушылары арасындағы «Сардар» ІV республикалық кешенді олимпиадасының қорытынды кезеңіне 3 оқушы қатысып, 2 оқушы жүлделі орындарға ие болды (Қызылорда қаласы, №264 мектеп-лицейі, Жайшылық Мұхаметәлі І дәрежелі дипломмен, Сырдария ауданы, №131 орта мектебі, Сейілхан Ардақ ІІІ  дәрежелі диплом).

12 мамыр күні Қызылорда қаласы, №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты базасында техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың республикалық жарысының облыстық кезеңі өтті. Жарысқа 14 оқушы 11 жобамен қатысып, 9 оқушы жүлделі орындарға ие болды (І орын-2, ІІ орын-2, ІІІ орын- 5).

11-13 маусым аралығында Қостанай қаласында өткен техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың республикалық жарысының қорытынды кезеңіне 7 оқушы қатысып, Қармақшы ауданы, 273 мектептің 8 сынып оқушысы Тулепберген Бекзат екі рет І дәрежелі диплом иегері атанды (С6А стример, С9А ротошют)

9 қараша күні- «Ұлы дала ұрпақтары» республикалық (сырттай) балалар фестивалінің облыстық кезеңі өткізілді. Үздік шыққан 6 жұмыс қорытынды кезеңге ұсынылып, 3 жұмыс жүлделі орындарға ие болды (гран при-1, І орын-1, ІІ орын-1)

12-13 қараша аралығында Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры Алматы қаласында «Бала дауысы» Ұлттық балалар ән байқауын ұйымдастырып, облыстан Сырдария ауданы, №42 мектеп оқушысы Дулат Әбдікәрімов қатысты.

20-22 маусым аралығында Астана қаласында өткен оқушылар арасындағы транспорт саласындағы үздік жоба байқауына облысымыздан 4 оқушы қатысып, 2 оқушы Қазақстан Республикасының «Физика, Математика, Инжинерия» ұлттық командасына енді. Ұлттық командаға енген Ақпан Дінмұхаммед (Мұрагер) пен Ахаев Әлішер (№9 БИЛ) 6-13 тамыз аралығында Лондон қаласында өткен оқу-әдістемелік семинарына қатыстырылды

Оқу орындары арасындағы олимпиадалар мен ғылыми жобалар

3 наурыз күні Қазалы ауданы, №266 мектеп, Қармақшы ауданы, №250 мектеп- лицей, Шиелі ауданы №47 мектеп, Қызылорда қаласы, №264 мектеп базаларында «Ы. Алтынсарин-2017» республикалық пәндік олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға жалпы 1067 оқушы қатысып, 13 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

14 сәуір күні Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ базасында 11 сынып оқушыларына арналған ІV «Ясауи» республикалық пәндік олимпиадасы өткізіліп, облысымыздан 8 оқушы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің күндізгі оқу түрі бойынша бакалавр мамандықтарына білім алуға сертификаттар иеленді

Облыстық байқаулар мен конкурстар

27 қыркүйек күні Қызылорда қаласы, Абылай хан атындағы колледж базасында техникалық және кәсіптік білім беру оқушылары арасында «Мен-Қазақстандықпын!» тақырыбында облыстық шығармалар байқауына 37 оқушы қатысып, 20 оқушы жүлделі орындарға ие болды. (І орын – 3, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 13)

28 қыркүйек күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық ғылыми-практикалық орталығында «Халықтар достығы» облыстық шығармалар байқауы өткізіліп, байқауға жалпы саны 39 оқушы қатысып, 19 оқушы жүлделі орындарға ие болды. (І орын – 2, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 14)

30 қыркүйек күні Шиелі ауданы, №149 орта мектеп базасында «Бөлеген ақ күрішке сұлу Сырды» атты облыстық ғылыми жобалар байқауы болып өтті. Байқауға 41 жобамен 46 оқушы қатысып, нәтижесінде 22 жобамен 25 оқушы жүлделі орындарға ие болды.(І орын – 2, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 19)

25 қазан күні Ж.Махамбетов атындағы №43 қазақ орта мектебінің базасында «Этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі» тақырыбындағы облыстық ғылыми жұмыстар байқауы болып өтті. Байқауға  53 оқушы 46 ғылыми жұмыс ұсынып, нәтижесінде 18 оқушы жүлделі орындарға ие болды (І орын-2, ІІ орын-5, ІІІ-11).

28 қазан күні Қызылорда қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы базасында «Менің қиялымдағы әлем» тақырыбындағы облыстық сурет байқауы өткізілді. Байқау кескіндеме, қолданбалы көркем өнер және мүсін өнері бағыттары бойынша 26 оқушы қатысып, нәтижесінде 16 оқушы жүлделі орындарға ие болды. (І орын-3, ІІ орын- 5, ІІІ орын- 8).

10 қараша күні «Салт- дәстүрің- дәулетің, Сақтай білсең- сәулетің» атты облыстық интеллектуалдық сайысы №187 М. Шоқай атындағы орта мектеп базасында өткізілді. Сайысқа жалпы 30 оқушы қатысып, 15 оқушы жүлделі орындарға (І орын-1, ІІ орын- 5, ІІІ орын- 9) ие болды. 

15 қараша күні «Даналық сөзден дән ізде, Ізгілік қалсын әр ізде» тақырыбындағы облыстық батагөйлер сайысы №12 І. Қабылов атындағы орта мектеп базасында өткізілді. Сайысқа 17 оқушы қатысып, нәтижесінде 8 оқушы жүлделі орындарға (І орын-1, ІІ орын- 2, ІІІ орын- 5)ие болды. 

23 қараша күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық ғылыми-практикалық базасында өткен «Туған өлкенің бейнесі» облыстық шығармалар байқауына 37 жұмыс ұсынылып, үздік шыққан 14 жазба жұмысы жүлделі орындарға (І орын-2, ІІ орын- 2, ІІІ орын- 10)ие болды.

24 қараша күні «Тіл- мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты өзге ұлт өкілдері арасындағы  облыстық олимпиада №9 облыстық дарынды балаларға арналған қазақ- түрік лицей- интернаты базасында өткізілді. Олимпиадағы 20 оқушы  қатысып, нәтижесінде 12 оқушы жүлделі орындарға (І орын-2, ІІ орын-3 , ІІІ орын- 7) ие болды.

10 желтоқсан күні  жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «ЭКСПО -2017» тақырыбында облыстық көрме №9 облыстық дарынды балаларға арналған қазақ- түрік лицей- интернаты базасында болып өтті. Көрмеге 50- ден астам жұмыс қатыстырылды.

12 желтоқсан күні- Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық ғылыми-практикалық орталығы базасында “Қазақстанның аңыздары мен мифтері” тақырыбында облыстық (сырттай) шығармалар байқауы өткізілді. Байқауға 20-ға жуық жазба жұмысы келіп түсіп, 10 оқушы жүлделі орындарға (І орын-1, ІІ орын- 3, ІІІ орын- 6 ) ие болды. 

13 желтоқсан күні Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай №10 облыстық дарынды балаларға арналған қазақ- түрік лицей- интернаты базасында  облыстық «Эрудит» интеллектуалды білім сайысы болып өтті. Оған 25 жылдықты бейнелейтін 5 оқушыдан құралған 5 команда қатысып, 3 команда І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және 5 оқушы 5 түрлі номинация иегері атанды.

15 желтоқсан күні №278 орта мектеп базасында жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану- математика бағыты бойынша облыстық пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға 7 сыныптардан 69 оқушы, 8 сыныптардан 70 оқушы, яғни барлығы 139 оқушы қатысып, нәтижесінде математика, информатика, биология және география пәндері бойынша 69 оқушы жүлделі орындарға(төрт пән бойынша І орын-12, ІІ орын-17 , ІІІ орын- 40) ие болды.

14 ақпан күні- №10 облыстық дарынды балаларға арналған қазақ- түрік лицей- интернатының базасында жалпы білім беру ұйымдарының 9-10 сынып оқушылары арасында «ЭКСПО тарихы»облыстық сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа 11 топ қатысып, №10 облыстық дарынды балаларға арналған қазақ- түрік лицей- интернатының “Бойтұмар” тобы І орынға, №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп интернатының “Болашақ энергиясы” тобы ІІ орынға, Сырдария ауданының “Кемел келешек”, Қармақшы ауданының «Жасампаз елдің қырандары», Жалағаш ауданының «Жас жеңімпаздар» топтары ІІІ орынға ие болды.

15 ақпан күні- Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық ғылыми-практикалық орталығы базасында жалпы білім беру ұйымдарының 5-8 сынып оқушылары арасында «ЭКСПО – 2017 – Болашақ энергиясы» тақырыбындағы облыстық сырттай эссе байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 50- ге жуық оқушының жазба жұмыстары ұсынылып, 11 оқушы жүлделі орындарға ие болды (І орын- 1, ІІ орын- 4, ІІІ орын- 6) .

11 наурыз күні «Абылай хан» атындағы колледж базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-9-10 сынып оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының І-ІІ курс оқушылары арасында «Ұлы Дала Елі» тақырыбындағы облыстық шығармашылық байқауы өткізілді. Байқауға 69 оқушы қатысып, 25 жүлделі орындарға (І орын-3; ІІ орын-7; ІІІ орын-15) ие болды.

28 сәуір күні Қармақшы ауданы, Төретам кенті, №80 мектеп-гимназия базасында 7-8 сынып оқушыларына арналған Қ. Игенбаев атындағы математика пәнінен облыстық пәндік олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға 75 оқушы қатысып, 43 оқушы жүлделі орындарға ие болды (І орын-6, ІІ орын-11, ІІІ орын-26).

5 мамыр күні Қызылорда қаласы, №9 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей- интернаты базасында «Алаштың ұлы-тарихтың көзі» тақырыбындағы 5-8 сынып оқушылары арасында облыстық ғылыми жобалар байқауы өткізілді. Байқауға 46 оқушы 34 жобамен қатысып, 21 оқушы 15 жоба жүлделі орындарға ие болды (І орын- 4, ІІ орын- 6, ІІІ орын- 11).

29 мамыры күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы базасында 5-6 сынып оқушылары арасында «Ел рәміздері – асыл мұрамыз» атты облыстық жас суретшілер байқауы өткізілді. Байқауға 22 оқушы қатысып, 13 оқушы жүлделі орындарға                   (І орын-2, ІІ орын- 3, ІІІ орын- 8) ие болды.

30 мамыр күні Қызылорда қаласы, №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдық мерейтойына орай «Рәміздерім- елдігімнің айғағы» атты облыстық интеллектуалды білім сайысы өткізілді.
Байқауға 12 оқушы 6 команда қатысып, 8 оқушы 4 команда жүлделі орындарға (І орын-1, ІІ орын- 1, ІІІ орын- 2) ие болды.

7 шілде күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында «Мектеп жасына дейінгі балалардың зерттеушілік әрекетінің ең үздік экологиялық жобасы» тақырыбындағы облыстық көрме байқауы өткізілді. Байқауға 20-ға жуық жоба қатысып, 5 жоба байқау ережесіне сай номинациялармен марапатталды.

Мұғалімдер арасында байқаулар мен конкурстар
21 қазан күні Математика, физика және информатика мұғалімдері арасында  IV Халықаралық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Конкурсқа 55 мұғалім қатысып, 17 мұғалім жүлделі орындарға ие болды.

5-6 қараша аралығында Алматы қаласына 3 математика, 2 физика, 1 информатика мұғалімдері 1 команда болып республикалық кезеңге ұсынылды. Қорытынды кезең нәтижесі бойынша №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп- интернатының математика мұғалімі Жиенбаев Шаймағанбет Байдусенович ІІІ дәрежелі дипломмен, Жалағаш ауданы, №123 мектеп- лицейінің математика мұғалімі Нұрмахатов Ғалым ІІІ дəрежелі дипломмен және №9 облыстық дарынды балаларға арналған қазақ- түрік лицей- интернатының информатика мұғалімі Есымканов Арман ІІІ дəрежелі дипломмен марапатталды. Нәтижесінде Қызылорда облысы командалық есеппен ІІІ орынға шықты.

9 қараша күні «республикалық инновациялық педагогикалық идеялар» фестивалінің облыстық кезеңіне 41 мұғалім қатысып, 12 мұғалім жүлделі орындарға ие болды.

7-8 желтоқсан аралығында Алматы қаласындағы «Алатау» шипажайы базасында Республикалық Инновациялық педагогикалық идеялар фестива-лінің қорытынды кезеңіне 4 мұғалім қатыстырылып, Арал ауданы, №62 мектеп- лицейінің информатика мұғалімі Кикбаев Алтынбек І дәрежелі дипломмен, №10 облыстық дарынды балаларға арналған облыстық қазақ- түрік лицей- интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есбосын Нағиша ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды.

Оқушылар арасындағы қашықтық олимпиадалар

5-29 қыркүйегі аралығында «Қазақстан тарихы» және «Дүние жүзі тарихы» пәндері бойынша  қашықтық олимпиадаға 653 оқушы қатысып, а.ж. 6 қазан күні өткізілетін қорытынды кезеңге 210 бала жолдама алып, 8 оқушы жүлделі орындарға (ІІ орын- 3, ІІІ орын- 5) ие болды.

19-20 қазан аралығында  10-11 сынып оқушылары арасында психологиядан бірінші республикалық қашықтық олимпиадасы өткізілді. Қызылорда облысы бойынша қашықтық олимпиадаға 592 мұғалім қатысып, 13 мұғалім жүлделі орындарға (І орын – 4, ІІ орын – 3,  ІІІ орын – 6) ие болды.

28 қазан күні- қашықтықтан өткізілетін командалық олимпиадаға  20 команда қатысты.

8 қараша мен 1 желтоқсан аралығында қазақ тілі және әдебиеті пәнінен оқушыларға арналған қашықтық олимпиада өткізілді. Олимпиадаға 654 оқушы қатысып, І кезең қорытындысы бойынша 18 оқушы жүлделі орындарды (І орын-1, ІІ орын- 8, ІІІ орын- 9) иеленді.

8 желтоқсан күні- қазақ тілі және әдебиеті пәнінен оқушыларға арналған қашықтық олимпиада өткізілді. Олимпиадаға 654 оқушы қатысып, І кезең қорытындысы бойынша 18 оқушы жүлделі орындарды (І орын-1, ІІ орын- 8, ІІІ орын- 9) иеленсе, ІІ кезеңде 55 оқушы жүлделі орындарды (І орын- 16, ІІ орын- 18, ІІІ орын- 21) иеленді.

13-18 наурыз аралығында 11 сынып оқушыларына арналған «Абай сыйы» республикалық қашықтық олимпиадасы өткізілді. Олимпаданың І турынан  Қызылорда облысы бойынша 84 оқушы 2 кезеңге өтті.

11-13 мамыр аралығында Ақмола облысының Щучье қаласында 5-10 сынып оқушылары арасында «Тарих Ата» Республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңіне 12 оқушы қатысып, 12 оқушы жүлделі орындарға ие болды ( ІІ орын-2 , ІІІ орын-10 ). 

Мұғалімдер арасындағы қашықтық олимпиадалар

21-23 қыркүйегі аралығында «Қазақстан тарихы» және «Дүние жүзі тарихы» пәндері бойынша  қашықтық олимпиадаға 132 мұғалім қатысып, 10 мұғалім жүлделі орындарға (І орын-1, ІІІ орын-9) ие болды.

12-13 қазан аралығында ағылшын тілі және география пәні мұғалімдеріне арналған республикалық қашықтық олимпиадаға  ағылшын тіліне   10 мұғалім  қатысып, барлығы да жүлделі орындарға ие болды ( І-4, ІІ-4, ІІІ-2). Ал география пәнінен  17 мұғалім қатысып жүлделі орындарға( І-3, ІІ-6, ІІІ-8 ) ие болды.

19-20 қазан аралығында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық қашықтық олимпиадасына 13 мұғалім қатысып, жүлделі орындарға ( І орын-4, ІІ орын-3, ІІІ орын-6) ие болды.

21-22 қараша аралығында қазақ халқының этнографиясы бойынша мұғалімдер арасында республикалық қашықтық олимпиадасы өткізілді. Қашықтық олимпиадаға облысымыздан 27 мұғалім қатысып, 2 мұғалім жүлделі  ІІІ орынға ие болды.

23-24 қараша аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне арналған республикалық қашықтық олимпиада өткізіліп, облысымыздан 33 мұғалім жүлделі орындарға (І орын- 10, ІІ орын- 16, ІІІ орын- 7) ие болды.

6-7 желтоқсан аралығында орыс тілі мен орыс әдебиеті пәндері бойынша мұғалімдер арасында республикалық қашықтық олимпиадасы өткізілді. Нәтижесінде Қызылорда облысы бойынша 198 мұғалім қатысып, 6 мұғалім жүлделі орындарға (І орын – 1, ІІ орын – 1, ІІІ орын – 4) ие болды.

Интеллектуалды ойындар мен байқаулар жеңімпаздарының бейіндік ауысымдары.

14-қазан күні «Ақбота» интеллектуалдық олимпиада ойынына 286 мектептен 8673 оқушы қатыстырылып, 2811 оқушы жүлделі орындарға (І орын – 513, ІІ орын – 934, ІІІ орын – 1364) ие болды.

15 қараша күні 2-11сынып оқушылар арасында «Русский медвежонок – языкознание» интеллектуалдық сайысына 201 мектептен 4121 оқушы қатысып, 811 оқушы (І орын- 141, ІІ орын- 272, ІІІ орын- 398) жүлделі орындарға ие болды.

14 желтоқсанда 3-11 сынып оқушылары арасында «British Bulldog» ойын конкурсы өткізілді. Конкурсқа жалпы 3019 оқушы қатысып, 1236 жүлдегер (І орын- 398, ІІ орын- 465, ІІІ орын- 373) анықталды. 

17-20 ақпан аралығында 3-11 сынып оқушылары арасында «Золотое руно» халықаралық интеллектуалдық конкурсы өткізілді. Конкурсқа жалпы 2436 қатысып, 737 жүлдегер (І орын- 398, ІІ орын- 465, ІІІ орын- 373) анықталды.

28 ақпанда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының балаларына арналған «Человек и Природа» интеллектуалдық сайысы өткізілді. Сайысқа жалпы облыс бойынша 770 бала қатысып, 171 оқушы І орынға ие болды.

16 наурыз күні 3-10 сынып оқушылары арасында «Кенгуру математика для всех» халықаралық интеллектуалдық конкурсы өткізілді. Конкурсқа облыстан жалпы 2842 оқушы қатысып, 1016 жүлдегер (І орын-119, ІІ орын- 233, ІІІ орын- 664) анықталды.

16 наурыз күні 3-11 сынып оқушылары арасында «Кенгуру лингвист» халықаралық интеллектуалдық конкурсына 853 оқушы қатысып, 350 оқушы жүлделі орындарға (І орын-77, ІІ орын- 134, ІІІ орын- 139)  ие болды.

16-20 желтоқсан аралығында- Санкт-Петербург  қаласында өткен «Ақбота» интеллектуалды марафонының жеңімпаздарына арналған  мәдени-танымдық ауысымға Қазалы ауданы №102 орта мектептің оқушысы Орынбасар Ақбөбек қатыстырылды.

22-25 желтоқсан аралығында- Алматы қаласындағы «Бөбек» оқу-сауықтыру орталығы базасында өткен «Ақбота» интеллектуалдық ойынының жеңімпаздарына арналған мәдени-танымдық ауысымға облысымыздан 7 оқушы қатысты.

1-10 тамыз аралығында– Польша мемлекетінде (Закопане қаласы) өткен «Кенгуру математика для всех» халықаралық интеллектуалдық конкурсының жеңімпаздарына арналған мәдени-танымдық ауысымға Жалағаш ауданы, №123 мектеп-лицейінің оқушысы Жәли Дәулет қатыстырылды. 

Түрлі семинарлар

26 тамыз күні-  Қызылорда медициналық колледжінің базасында «Құқықтық мемлекеттің қалыптасу жолын айқындаған Қазақстан халқының тарихы таңдауы – Конституция» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Ж.Абушеева мен Ф. Рахметова қатыстырылды.

22 қыркүйегі күні- «Балара» коворкинг орталығы базасында «Онлайн коммуникациялар саласындағы заманауи трендтер» тақырыбында семинар-тренингке Ф.Рахметова қатыстырылды.

1-4 қараша аралығында Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында «Білім беру мазмұның жаңарту жағдайында жаратылыстану ғылымын оқыту бойынша химия, биология, география пәндерінің мұғалімдеріне арналған оқу – әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға облысымыздан 12 мұғалім қатысты.

21-22 қараша аралығында «Балаға мейірімді Қазақстан» республикалық балалар форум-фестиваліне жоғары жетістіктер көрсетіп, ғылыми жұмыстар және шығармашылық биіктерден көрініп жүрген, Қызылорда облысынан 20 оқушы аттанды.

23-24 қараша аралығында Атырау қаласындағы Н.Тілендиев атындағы облыстық мамандандырылған кіші өнер академиясының базасында өтетін «Қазақстанда тиімді көркемдік білім беру жүйесін дамыту: дәстүрлер, жаңашылдық, жетістіктер» атты халықаралық конференцияға №120 орта мектебінің педагог- психологы жіберілді. 

1 желтоқсан күні Тұңғыш Президент күніне орай аймағымыздағы озат мектеп оқушылары Назарбаев Зияткерлік мектебін, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік Университетінің мұражайын және кітап көрмесін аралады.

23-25 наурыз аралығында Астана қаласындағы №66 мектеп-лицей базасында «Виртуалды қарым-қатынас басымдық жағдайында оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу» тақырыбындағы психолог, педагогтарға арналған республикалық семинарына облыстан Сырдария ауданының әдіскері Елікбаев Әліби қатысты. 

27-29 наурыз аралығында Астана қаласында өткен «Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқытудағы заманауи үрдістер» тақырыбында мұғалімдерге арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарына 3 мұғалім қатыстырылды.

28-30 наурыз аралығында Астана қаласында өткен олимпиадалық есептерді шешу жолдары мен әдістері тақырыбындағы республикалық оқу-әдістемелік семинарға 3 мұғалім қатыстырылды.

28-30 наурыз аралығында Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институтының базасында өткен «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» тақырыбында әлеуметтік педагогтарға арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарына Арал ауданынан Тажимбетова Гүлхамар қатысты. 

28-30 наурыз аралығында Астана қаласында дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты базасында өткен «Тіл мен әдебиеті оқытудағы қазіргі филологиялық білім берудің қолданбалы аспектілері» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарына 11 мұғалім қатыстырылды. 

28-30 наурыз аралығында Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институтының «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасы базасында «Жаңартылған білім мазмұны аясында түзілген бірінші сынып оқулықтарымен жұмыс істеудің әдістемелік ерекшеліктері» тақырыбындағы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарына 4 мұғалім қатыстырылды.

25 сәуір күні Қызылорда қаласындағы Үш тілде оқытылатын мамандандарылған сыныптары бар «Мұрагер» мектебі базасында жалпы білім беретін пәндербойынша республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша облыстық, республикалық олимпиадаға қатысушы оқушылармен, жетекші мұғалімдеріне арналған оқыту семинарына 100-ге жуық оқушылар мен олимпиадаға дайындаушы жетекшілер қатыстырылды.  

27-29 сәуір аралығында Астана қаласында химия пәні мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында химия пәнін оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері» атты Халықаралық семинар- тренингке 2 мұғалім қатыстырылды.

3-5 мамыр аралығында Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институты базасында өткен «Ұстаз, ата-ана мен оқушы: тиімді қарым-қатынас» атты республикалық ғылыми-практикалық семинарына 5 педагог-психолог қатыстырылды.

10-17 мамыр аралығында Алматы қаласындағы ННПООЦ «Бөбек» Обсерваториясында өткен «Астрономия для всех» практикумына облысымыздан 3 оқушы қатыстырылды.

20-22 маусым аралығында Алматы қаласында өткізілген «Технология, бейнелеу өнері, музыка пәндерін оқытудың ерекшеліктері: әдістемесі және мазмұны» атты бейнелеу өнері, технология, музыка пән мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарға 4 мұғалім қатысты.

20-22 маусым аралығында Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» институтының «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасы базасында «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту барысында қолданатын вариативтік бағдарламалар» атты «Балабақша және балалар үйінің тәрбиешілеріне» арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарына 4 тәрбиеші қатыстырылды.

20-22 маусым аралығында Алматы қаласы Республикалық физика-математикалық мектеп базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған жаңартылған білім мазмұны аясында түзіліген екінші сынып «математика оқу-әдістемелік кешенімен жұмыс істеудің әдістемелік ерекшеліктері» атты республикалық оқу-әдістемелік семинарына 4 мұғалім қатыстырылды.

21 маусым күні №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернаты базасында бейінді мектептердің 6-9 сынып оқушылары арасында «Астрономия бәрі үшін!» облыстық астрономиялық практикум болып өтті. Практикумды жүргізген: Өтепов Нұрлан.

Онлайн сабақтар

22  қыркүйек күні Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өртті мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы азаматтық қорғау майоры Ерболат Серманов «Алғашқы өрт сөндіру құралдары және оларды қолдану қағидалары» тақырыбында он-лайн тәртібінде интерактивті сабақ өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

22  қыркүйек күні  Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасының офицері капитан Б.Спанов «Төтенше жағдайлар кезінде халықты құлақтандыру қағидалары мен «Баршаның назарына» құлақтандыру сигналы» тақырыбында он-лайн тәртібінде интерактивті сабақ өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

14  қазан күні Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өртті мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы азаматтық қорғау майоры Е.Серманов  «Орманды өрттен қорғау» тақырыбында онлайн сабақ өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

27 қазан күні Қызылорда қаласы №10 орта мектептің психологы Манасипова Сағила  «Балада психоэмоционалды қысымды түсіру әдістер» тақырыбында он-лайн тәртібінде интерактивті сабақ өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

18 қараша күні Қызылорда қаласы №9 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Исаева Ұлбосын  «Компьютер-әмбебап ақпараттық машина. Информатика дегеніміз не? Компьютер – ақпаратты өндеу құралы»  тақырыбында үйден оқытылатын балаларға арналған интерактивтік сабақ  өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

24 қараша күні Қызылорда қаласы №136 орта мектептің мұғалімі Нұржанова Есенкүл  «Интернет-бүкіләлемдік анықтама; бүкіләлемдік кітапхана; бүкіләлемдік дүкен. Әлемдік ақпараттық қоғам»  тақырыбында үйден оқытылатын балаларға арналған интерактивтік сабақ  өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

2 желтоқсан күні Қызылорда қаласы №144 орта мектептің психологы Сейтханова Бақыткүл  «Танымдық және эмоционалдық өрісті коррекциялау және дамыту сабағы»  тақырыбында үйден оқытылатын балаларға арналған интерактивтік сабақ  өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

7 желтоқсан күні Қызылорда қаласы №3 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Абдукаримова Анар  «Ақпараттық құрылғы. Құрылғының мәні. Пернетақтамен танысу»  тақырыбында үйден оқытылатын балаларға арналған интерактивтік сабақ  өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

 9 желтоқсан күні Қызылорда қаласы №3 мектеп-лицейінің психолгы Ниязова Раиса «Өз күшіне деген сенімсіздікпен қалай күресуге болады»  тақырыбында үйден оқытылатын балаларға арналған интерактивтік сабақ  өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

23  желтоқсан күні Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бас маманы Ш.Бердібаев және Қызылорда қаласының ТЖ басқармасының бас маманы А.Кенесова  «Қауіпсіз жаңа жыл» тақырыбында онлайн сабақ өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

 27 желтоқсан күні Қызылорда қаласы №189 орта мектептің психолгы Абдуллаева Назерке  «Сөйлеу тілін ертегілер арқылы дамыту»  тақырыбында үйден оқытылатын балаларға арналған интерактивтік сабақ  өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

27 желтоқсан күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Ж.Абушеева «Білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасы, «BilimLand» білім беру платформасына қосылған білім беру ұйымдарын ақпараттандыру жұмыстарын ұйымдастыру»  тақырыбында  онлайн жиналыс өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және жалпы білім беру ұйымдарының мұғалімдер қатысты.

 29 желтоқсан күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Ж.Абушеева «Білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасы, «BilimLand» білім беру платформасына қосылған білім беру ұйымдарын ақпараттандыру жұмыстарын ұйымдастыру және «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының атқарылған жұмыстарының қорытындысы»  тақырыбында  онлайн жиналыс өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және жалпы білім беру ұйымдарының мұғалімдер қатысты.

16 қаңтар күні онлайн  тәртібінде Қызылорда облысы ТЖД Біріңғай кезекшілік диспетчерлік қызмет басқармасымен бірлесіп «ҚР аумағында «112» БКДҚБ қызметі және бейінсіз жалған қоңыраулар соғу жауаптылығы» тақырыбында онлайн сабақ өткізілді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

20 ақпан күні онлайн  тәртібінде Шиелі ауданының 244 Ы.Жақаев атындағы орта мектебінің педагог-психологы  Момынқұлова Динара Махамбетқызы  «Мамандық таңдаудың қыр-сырларын меңгерту; Мамандықты дұрыс таңдай білуге баулу» тақырыбында үйден оқытылатын балаларға арналған интерактивті ашық сабақ өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

24 ақпан күні онлайн  тәртібінде Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті, Азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері, аға лейтенант Ибраев Асхат Абдрахманұлы «1 Наурыз – Азаматтық қорғау күні» тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

28 ақпан күні онлайн  тәртібінде Қазалы ауданының 249  орта мектептің педагог-психологы  Қожахметова Айгерім  «Бәрімізде мақсат бір! /ҰБТ-ге дайындық» тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

9 наурыз күні Оқушылар мен жасөспірімдер Үйінің педагог-психологы  Сейтенов Жандос «Ғажайып шарлар» тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

15 наурыз күні Оқушылар үйінің сурет пәнінің мұғалімі  Баймағанбетова Салтанат «Дәстүрлі емес технологиямен сурет салу, қажетті заттар: сурет дәптері, қарындаш, кіл қалам, түрлі түсті бояу, гуашь, пергамент қағаз немесе А4 ақ парақтар, палитра, стакан, өшіргіш»   тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

27 наурыз күні Оқушылар мен үйінің сурет пәнінің мұғалімі  Накишева Бағдагүл «Оқу сауаттылығы. Мәтінмен жұмыс»   тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

29 наурыз күні  №280 негізгі мектеп психологы Шынболат Феруза «Ұлттық Біріңғай Тест-білім сапасының негізі»   тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

31 наурыз күні Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларлардың алдын алу бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Еркебаев Тимур Асқарұлы «Су басу кезеңіндегі тұрғындардың іс-әрекеті» тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

7 сәуір күні Арал ауданы, №83 орта мектебінің педагог-психологы  Бекжанова Айгүлдің  «ҰБТ-нің психологиялық жағдайларын шешу жолдары» тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

13 сәуір күні Оқушылар мен жасөспірімдер Үйінің психологы Мырзахметова Перизат Райымбекқызы «Тренингтердің көңіл күйге әсері» тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

27 сәуір күні Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының, өртті мемлекеттік бақылау тобының инженері, азаматты қорғау аға лейтенанты  Асанова Эльмира  «Балалардың отпен ойнауы- өрттің шығу себебі» тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

27 сәуір күні Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Біріңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасының бастығы азаматты қорғау майоры Н.Ибрагимов  «Төтенше жағдай орын алғанда жұмылдыратын облыстық АҚ қызметтері және күш құралдары» тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

11 мамыр күні Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының, өртті мемлекеттік бақылау тобының инженері, азаматты қорғау аға лейтенанты Эльмира Асанова  «Табиғи өрттер» тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

11 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары Доспенбетов Мирамбек «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары» тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

18 мамыр күні Қызылорда қаласы, №144 орта мектеп психологы Сейтханова Бақыткүл  «Зейінді дамытуға арналған коррекциялық сабақтар»  тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

19 мамыр күні Жалағаш ауданы №201 орта мектеп  психологы  Жұмағали Гүлзат  «Менің қарындаштарым мен бояуларым/коррекциялық сабақ»   тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

24 мамыр күні Қызылорда қаласының  №5 көзі нашар көретін мектеп интернатының аяжаны Өтегенова Гүлнар «Жаз мезгілінде сауықтырылу жұмыстары, алғашқы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру шаралары»   тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді. Сабаққа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының қызметкерлері және оқушылар, мұғалімдер қатысты.

Қорытынды сөз

Халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы: “Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”- деп, ұстаздық қызметтің мәртебесін көтеруді қолдады.

Әрине, ұстаздық жол- ең ауыр, терең ойды, үлкен ақыл-парасатты, асқан сабырлылықты талап ететін қастерлі жол. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанарына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Осындай ізденімпаз, еңбекқор ұстаздармыздың жемісі- дарынды оқушыларымыздың мүмкіндігін арттырып, білім-ғылымға жетелеуде екінші жағынан сүйемелдеп жүрген «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы оқушының қарым-қабілетін ашатын әр түрлі байқаулар мен сайыстар ұйымдастырып, олардың жан-жақты дамуына ықпал етуде.

Биыл еліміз өз Тәуелсіздігінің және Мемлекеттік Рәміздерінің мерейлі 25 жылдығын тойлау үстінде. Біз осы тарихи күндерді, көнерген естеліктерді қайта жаңғыртып түрлі тақырыптарда ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін, оқушыларымызды патриоттыққа тәрбиелейтін түрлі форматтағы іс-шаралар өткізудеміз. Алдағы оқу-жылында да өз жалғасын табатын бұл іс-шараларға белсене қатысатын озық ойлы шәкірттеріміздің мол боларына сенім білдіреміз!