Сыр дарындылары Елбасымен кездесті

2018 жылғы 16 қазан күні Ақтөбе қаласында республикалық «Бақытты бала» форумы аясында «Ақтөбе жерлестерін шақырады» атты дарынды балалармен кездесу өтті. Кездесуге Қызылорда облысынан халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстарының жеңімпазы атанған жеті тарланбоз жүйрігіміз қатысты. Кездесу барысында республика бойынша әр өңірден жиналған талантты да дарынды жастар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлымен кездесті.
«Көңіл-күйіміз тамаша! Елбасымен кездескенімізге өте қуаныштымыз. Бұл кездесу – біз үшін үлкен сый, үлкен мәртебе» – деп #4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың 11 сынып оқушысы Өмірбек Айдархан Елбасымен өткен кездесуден алған әсерімен бөлісті.