“Менің атам/әжем – белсенді зейнеткер” эссе конкурсы

“Бірыңғай жинақтаушы зейтақы қоры” акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы жүйесінің енгізілгеніне 20 жыл толуына орай рухани және отбасылық құндылықтарды, салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен бірге отбасы институтын нығайту, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты сақтау мақсатында мектеп оқушылары арасында “Менің атам/әжем – белсенді зейнеткер” – “Мой дедушка/моя бабушка – активный пенсионер” эссе байқауын өткізеді. Конкурсқа 12-18 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады (“БЖЗҚ” АҚ қызметкерлерінің балаларынан басқа).

Жұмыстар төмендегі критерийлер бойынша бағаланады:

  1. Тақырыпты ашу, баяндау стилі, конкурстық жұмыстың бірегейлігі
  2. Конкурстық жұмысты фотография, сурет түріндегі қосымшалармен және басқалармен толықтыруға болады.
  3. Материал тілі – мемлекеттік/орыс тілдері.

Жұмыстар 2018 жылғы 3 қазаннан бастап 2018 жылғы 4 қарашаға дейінгі мерзімде қатысушының деректерін көрсетіп, press@enpf.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Жюри мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үш жеңімпазды анықтайды. Жеңімпаздардың қазақ тіліндегі эссесі балалар және жасөспірімдерге арналған “Ұлан” республикалық газетінде, ал орыс тіліндегі эссе “Дружные ребята” республикалық газетінде жарияланады. Бұдан басқа жасы мен тіліне байланысты әр категориядағы жеңімпаздар кітап дүкеніне сыйлық сертификатымен марапатталады:

  • 1 орын – 20 000 теңге сомасына;
  • 2 орын – 15 000 теңге сомасына;
  • 3 орын – 10 000 теңге сомасына.

Үздік шығармалар Қордың веб-сайтында, БЖЗҚ копоративтік журналында және әлеуметтік желілерде жарияланады.