Қашықтық командалық олимпиада

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталы зияткерлік сайыстарды әрі қарай дамыту мақсатында қашықтық командалық олимпиада өткізеді. Олимпиаданың нәтижелері мектептің ортақ рейтингінде есептеледі, осы рейтинге қарап басты сыйлық – «Дарын» РҒПО кубогымен марапатталады.

Командалық олимпиаданың өтетін күні 26 қазан 2018 жыл. Сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін қатысуға болады. Олимпиаданы орындауға 3 сағат уақыт беріледі. Командаға оқу мекемелерінен 10 қатысушы қатыса алады: оқушыларды үйлестіру үшін 2 мұғалім және 7-11 сынып оқушылары. Командалық олимпиаданың жеңімпаздарына «Дарын» РҒПО І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломы беріледі. Олимпиада 10 пәнаралық тапсырмаларынан тұрады: математика, информатика, қазақ және орыс тілі, қисынға (логика) деген тапсырмалар, қазақ халық этнографиясынан және т.б тұрады.

Олимпиадаға қатысу және тіркелу www.cdo.kz сайтында өткізіледі. Осы олимпиадаға қатысу үшін командаға бір логин/пароль мен шоттық нөмір қажет, осы шот нөміріне төлемақы салынып отырады.

Олимпиада жайлы толық мағмұматты 8 (7182) 20-87-85, 8 (777) 403-93-51 телефондары арқылы білуіңізге болады.

Translate/Перевести/Аудару