“ҚР аумағындағы “112” БКДҚБ қызметі және жалған қоңыраулар соғу жауаптылығы” және “Террористік акт орын алған жағдайда әрекет ету” тақырыбындағы онлайн сабақ

Қызылорда облысының білім басқармасының “Дарын” облыстық қосымша білім беру орталығы Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе отырып, 2018 жылғы 15 қазан күні сағат 11.00-де “ҚР аумағындағы “112” БКДҚБ қызметі және жалған қоңыраулар соғу жауаптылығы” және “Террористік акт орын алған жағдайда әрекет ету” тақырыбында он-лайн тәртібінде интерактивті сабақ өткізеді. 

Сабаққа мектеп мұғалімдері, жоғары сынып оқушылары қатысуы қажет. Тақырыпқа байланысты кез келген сұрақ қоюға болады. 

Онлайн сабақ www.sabak.kz сайтында Kyzylorda_Darun бөлмесінде өткізіледі. Дайындық 10.30-да