«ПедСтарт» қашықтық олимпиадасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2018 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылдың 15 қарашасында «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасы өткізіледі.
Олимпиаданың мақсаты – педагогикалық қызметкерлердің ақпараттық мәдениетін, олардың кәсіби деңгейін және педагогикалық дағдыларын қалыптастырып, компьютерлік ақпараттық технологиялар қажеттілігін арттыру.

Олимпиадаға барлық білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері қатыса алады.
Олимпиада онлайн режимде өткізіледі.
Олимпиадаға қатысу үшін www.daryn.kz сайтында тіркелу қажет.

Олимпиада 2018 жылдың 15 қарашасында өтеді. Конкурстың тапсырмаларын алуға қолжетімді сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) көрсетілген күні. Кезеңнің өту мерзімі – 40 минут.
Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаз бен жүлдегерлерге «Дарын» РҒПО-ның І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары тапсырылады.
Ақпараттық хат  және Олимпиада ережесімен www.daryn.kz сайтынан танысуға болады.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Астана қ., Республика аңғылы 34А, тел: 8 /7172/ 29-49-98, 87071078933, 87473288308.