Рубрика «Aimaq jańalyqtary»

ҚЫЗЫЛОРДА – СЫР ЖАСТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ Орталығымыздағы фитнес-залдың қызмет көрсету уақыты өзгергендігін хабарлаймыз. Ендігі кезекте, жаттығулар 09.00 – 00.00 (түнгі сағат 12) аралығында жүргізіледі. Ал, орталықтағы интернет кітапхана, коворкинг орталығы, анти-кафе және т.б. бөлімдер 24 сағат үзіліссіз өз қызметін көрсетуді жалғастырады. #ЖастарОрталығы #ЖастарЖылы #СырЖастары

Қызылорда – «БАЛА ЕҢБЕГІН ҚАНАУҒА ҚАРСЫ 12 КҮНДІК» ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ

12 маусым Дүниежүзілік бала еңбегімен күрес күні қарсанында, «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күндік» Ұлттық ақпараттық науқаны барысында Қызылорда қаласында білім, жергілікті полиция басқармаларымен, қалалық білім бөлім мамандарымен бірлесіп 6 маусым күні «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» атты кең ауқымды рейдтік шаралар ұйымдастырылды. Рейд барысында көлік жуу орындары, қалалық демалыс паркі және компьютерлік клубтарды аралап, бала …

ЖАЛАҒАШ – АУЫЛ ЖАСТАРМЕН АРНАЙЫ КЕЗДЕСУ!

Бүгін “Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен Бұқарбай батыр және Таң ауылдық округінің жастарымен кездесу және NEET санатындағы жастармен адрестік жұмыстар өтті. #Кездесу барысында орталықтың кеңесшісі Н.Амандық аудан көлемінде жастар саясатының жүзеге асырылуы және аудан бойынша «Жастар жылын» атап өтудің кешенді іс-шаралар жоспарымен таныстырса “Жас құрылысшылар” еңбек жасағының төрағасы Е.Тынымбайұлы жұмыссыз жастарды құрылыс орнында жасауға ниетті …

Жаңақорған – Жаңақорған, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласының балабақша тәрбиешілері іс-тәжірибе алмасты

Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) жұмыс жоспарына сәйкес Жаңақорған ауданының Түгіскен ауылындағы №19 «Раушан» бөбекжай бақшасының базасында «Драма оқу қызметі арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді. Семинарға Жаңақорған, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласының балабақша әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. Шараға қатысушы педагогтар «Сурет салу», «Драма» ұйымдастырылған оқу қызметтерінде жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану, «Ментальды …

ҚАЗАЛЫ – “1 МАУСЫМ – БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ” МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ

2019 жылдың 1 маусым күні Қазалы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жеңіс» саябағында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары – нұрлы болашаққа» атты балалар мен жастардың музыкалық ансамбльдері шеруі болып өтті. Шеруге қосымша және орта білім беру ұйымдарынан өнерпаз балалар «Үрмелі-соқпалы аспаптар», «Барабаншылар», «Домбырашылар», «Хор ұжымдары», «Хореография», «Орыс ұлттық аспаптары», «Жас ұлан», …

АРАЛ – БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ МАУСЫМЫ АШЫЛУЫНЫҢ I ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Бүгін «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында облыс бойынша балалардың жазғы тынығу маусымы салтанатты түрде ашылды.Шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының» бөлім жетекшісі Әлібаева Бақыт Оразалықызы, облыстық білім басқармасының басшысы Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы, облыстағы балаларды сауықтыру ұйымдары (лагерь) басшылары, тәлімгерлері, әдіскерлері қатысты.Бұл ретте облыс бойынша 9 сауықтыру …

Қармақшы – “Егер мен білгенімде…” деректі фильмі

2019 жылдың 27 мамыр күні Қызылорда Облысының Білім Басқармасы және “Bilim Foundation” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қармақшы ауданының Ақтөбе, Дүр Оңгар, 3 интернационал және Төребай би ауылдарында 6-11 сынып оқушыларының ата аналарына арналған оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында жасөспірімдердің ерекшелігі, суицидтің қауіп, итермелеуші, қорғаушы факторлары, ескертуші белгілері, бала мен ата ана арасындағы қарым қатынас жайлы ақпараттар …

ҚЫЗЫЛОРДА – ҚЫЗЫЛОРДАДА ШЕТЕЛДІК УНИВЕРСИТЕТТЕРГЕ ТҮСУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

Биыл Қызылордада Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында әлемнің үздік жоғары оқу орындарына түсуге дайындайтын орталық ашу жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімі Қ.Көшербаев дарынды түлектермен кездесу барысында мәлімдеді. Кездесуге республикалық және халықаралық байқаулардың, олимпиадалардың 55 қатысушысы шақырылды, олар биыл 58 жүлделі орынға ие болды – 15 алтын, 13 күміс және 30 қола медаль. Бүгін аймақ басшысы Қ.Көшербаев …

ҚЫЗЫЛОРДА – ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ ӨҢІРДЕГІ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Жыл сайынғы дәстүр бойынша облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев республикалық, халықаралық олимпиада және ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздарымен жүздесті. Оған жалпы саны 55 оқушы қатысты. Жиын барысында, Қырымбек Елеуұлы, 2014 жылдан бастап Ресей Федерациясы үкіметімен келісім аясында Ресейдің ЖОО-да 500-ге жуық сырбойылық түлектер білім алып жатқандығын атап өтті. Жиын соңында, кездесудің естелігі ретінде дарынды балаларға – …

ҚЫЗЫЛОРДА – «БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДАҒЫ ЭКОНОМИКА» ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасынан бастау алатын «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, №9 мектеп-гимназия базасында, «Біздің айналамыздағы экономика» экономикалық ойындардың облыстық кезеңі өткізілді. Мақсаты:– Жас жеткіншектердің қаржылық сауаттылық пен экономикалық базалық деңгейін қалыптастыру және кәсіптік бағдар беру;– Экономика саласында дарынды балаларды анықтау, оларды қолдау және құрбы-құрдастарының арасында экономикалық білімді кеңінен …